Алматы қаласы мектептерінің оқушыларына арналған Fizmat Academy (FA) топтарына оқуға қабылдауды жариялайды
Алматы қаласы мектептерінің оқушыларына арналған Fizmat Academy (FA) – келесі топтарға оқуға қабылдауды жариялайды:
- 4-6 сыныптардың оқушылары үшін математика пәнінен олимпиадаларға дайындау бойынша топ;
Балаларды математика пәнінен олимпиадаларға дайындау бойынша сабақтар аптасына 1 рет сенбі күндері өтетін болады. 1 сабақтың ұзақтығы 120 минут. Оқу құны – 4 сабақ үшін 16 000 теңге.
- 5-10 сыныптардың оқушыларына арналған математика мен физика пәндері бойынша дайындау (мектеп бағдарламасы);
Сабақтар аптасына 2 рет болады, 1 сабақтың ұзақтығы 120 минут. Оқу құны – 8 сабақ үшін 24 000 теңге.
- 10-11 сыныптардың оқушыларын ҰБТ-ге дайындау.
Сабақтар аптасына 2 рет 120 минуттан математика мен физика пәндері бойынша өтетін болады. Оқу құны – әрбір пән бойынша 8 сабақ үшін 24 000 теңге.
Қатысу үшін келесі сілтеме бойынша тіркеуден өту керек: https://goo.gl/forms/xaJpqCYyc7AurXe53
Барлық сұрақтарыңызды келесі телефон нөмірі бойынша қоя аласыз: +7 701 963 23 12 Алтыбаев Асет Мырзабекович
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
FAIO FIZMAT AI OLYMPIAD
FAIO 2026: халықаралық олимпиадаға тіркелу ашылды Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі оқушыларды First Almaty AI Olympiad (FAIO) 2026 халықаралық командалық олимпиадасына қатысуға шақырады….
Жаңа кеңістік, жаңа мүмкіндік
Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі филиалының 1972 жылы салынған тарихи ғимараты толық қайта жаңғыртудан өтті. Бұл — мектептің 54 жылдық тарихындағы ғимаратты ауқымды…
РФММ оқушысы Батырхан Бейганов Ақордадағы кездесуге қатысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық пән олимпиадаларында жоғары нәтиже көрсеткен қазақстандық оқушылар мен студенттерді қабылдады. Кездесуге Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы Батырхан Бейганов та…
РФММ мұғалімі мемлекеттік марапатқа ие болды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары және оларды дайындаған жаттықтырушы-педагогтермен кездесті. Кездесу барысында үздік ұстаздарға мемлекеттік марапаттар табысталды. Ақордада өткен кездесуге шақырылған…
ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ IYPT 2026 ТУРНИРІНДЕ HONORABLE MENTION МАРАПАТЫНА ИЕ БОЛДЫ
Цюрих қаласында Жас физиктердің 39-шы халықаралық турнирі — International Young Physicists’ Tournament (IYPT 2026) өз мәресіне жетті. Биылғы турнир әлемнің жетекші жоғары оқу…
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалының 8-сыныбына түсу үшін мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау бойынша конкурстық іріктеудің қорытындысы шығарылды. Тестілеуге барлығы 1186 үміткер жіберілді….
8-сыныпқа арналған конкурстық іріктеу өтті
Бүгін Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ филиалының 8-сыныбына мемлекеттік білім беру грантын тағайындауға арналған конкурстық іріктеу өтті. Қабылдау емтиханы РФММ-ның Алматы, Астана…
Қазақстан құрамасы әл-Хорезми олимпиадасында 100% нәтиже көрсетіп, 8 медаль жеңіп алды
Өзбекстанның Ташкент қаласында математика және информатика пәндерінен өткен әл-Хорезми халықаралық олимпиадасы (KhMIO) мәресіне жетті. Әлемнің 10 елінен келген дарынды оқушылар бақ сынаған бұл…
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ филиалының 8-сыныбына білім беру грантына үміткерлерді конкурстық іріктеу 2026 жылғы 10 маусымда өтеді. Конкурстық комиссия белгілеген тәртіпке сәйкес…
7-сыныптарға арналған конкурстық іріктеу нәтижесі туралы ақпарат
2026 жылғы 25 сәуірде «РФММ» КеАҚ-тың Астана және Алматы қалаларындағы филиалдарының 7-сыныптарына мемлекеттік білім беру гранты негізінде оқушыларды қабылдау бойынша конкурстық іріктеу өткізілді….