Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі
07
Aug
18

Бос орындар туралы хабарландыру



Алматы қаласының «РФММ» КеАҚ педагогикалық қызметкерлердің бос лауазымдарын жұмысқа алуға байқаулық іріктеу өткізеді.

Байқау 2018 жылдың 14 тамызында сағат 10:00-де Бұхар Жырау 36 (Байзақов көшесінің қиылысы) мекен-жайы бойынша өтеді.

Түйіндеме 2018 жылдың 13 тамызы сағат 10:00 дейін қабылданады.

Түйіндемені кадрлар бөлімінің инспекторы Құралай Мұхаметкалиқызы Асылованың электронды поштасына жолдауды сұраймыз: kuralay.assylova@fizmat.kz

Бос орынОқыту тіліЕскертпе
1Физика пәні мұғаліміқазақФизика пәні бойынша мектеп бағдарламасын тереңдетілген деңгейде білу және сабақ беру әдістемесін меңгеру, АКТ біліктілігі болуы тиіс. Жоғары кәсіби білімі міндетті түрде болуы тиіс. Ағылшын тілін білу қосымша қолдау болады, алайда міндетті болып келмейді.
2Физика пәні мұғаліміорысФизика пәні бойынша мектеп бағдарламасын тереңдетілген деңгейде білу және сабақ беру әдістемесін меңгеру, АКТ біліктілігі болуы тиіс. Жоғары кәсіби білімі міндетті түрде болуы тиіс. Ағылшын тілін білу қосымша қолдау болады, алайда міндетті болып келмейді.
3Информатика пәні мұғаліміқазақ/орысИнформатика пәні бойынша мектеп бағдарламасын, бейінді деңгейде бағдарламалау негіздерін және сабақ беру әдістемесін білуі тиіс және АКТ біліктілігі жоғары деңгейде болуы тиіс. Жоғары кәсіби білімі міндетті түрде болуы тиіс.
4Химия пәні мұғаліміқазақ/орысХимия пәні бойынша мектеп бағдарламасын бейінді деңгейде білу және сабақ беру әдістемесін меңгеру, АКТ біліктілігі болуы тиіс. Жоғары кәсіби білімі міндетті түрде болуы тиіс. Ағылшын тілін білу қосымша қолдау болады, алайда міндетті болып келмейді.
5География пәні мұғаліміқазақГеография пәні бойынша мектеп бағдарламасын білу және сабақ беру әдістемесін меңгеру, АКТ біліктілігі болуы тиіс. Жоғары кәсіби білімі міндетті түрде болуы тиіс. ҚР орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың болуы жақсы қолдау болады.
6Өзін-өзі тану мұғаліміқазақ/орысӨзін-өзі тану бойынша мектеп бағдарламасын білу және сабақ беру әдістемесін меңгеру, АКТ біліктілігі болуы тиіс.
7Көркем еңбек мұғаліміқазақ/орысКөркем еңбек бойынша мектеп бағдарламасын білу және сабақ беру әдістемесін меңгеру, АКТ біліктілігі болуы тиіс. Жоғары немесе арнайы орта кәсіби білімі міндетті түрде болуы тиіс. ҚР орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың болуы жақсы қолдау болады.
Айдарлар

    Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:

    11
    Jul
    25

    Қазақстан командасы IYPT 2025-те

    Республикалық физика-математика мектебінің (РФМШ) базасында дайындалған Қазақстан командасы, 29 маусымнан 6 шілдеге дейін Швецияның Лунд қаласында өткен Халықаралық жас физиктер турниріне (IYPT) қатысқанын…

      24
      Jun
      25

      Құрметті ата-аналар, заңды өкілдер!

      Құрметті ата-аналар, заңды өкілдер! 2025 жылғы 24 маусым мен 05 тамыз аралығында https://admissions.fizmat.kz/ru/kak-postupit-dop-nabor/ сайтында Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалында ақылы негізде оқуға түсу…

        23
        Jun
        25

        РФММ-нің қос командасы — әлем чемпионатына жолдама алды!

        Республикалық физика-математика мектебінің екі командасы оқушылар арасындағы республикалық шахмат турнирінде жүлдегер атанып, АҚШ-тың Вашингтон қаласында өтетін әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды. Алматы РФММ-нің…

          18
          Jun
          25

          Үздік математикалық мектеп

          ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Шалтай Смағұлұлы Смағұловтың құрметіне арналған VIII Республикалық олимпиадада Алматы қаласындағы РФММ командасы «Үздік математикалық…

            12
            Jun
            25

            Маңызды ақпарат

            «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ Алматы филиалының 8-сыныбына арналған білім беру грантын тағайындау бойынша конкурстық іріктеу 2025 жылғы 11 маусымда ұйымдастырылды. 2025 жылғы 14…

              10
              Jun
              25

              ХАБАРЛАНДЫРУ

              Республикалық физика-математика мектебіне 8-сыныпқа қабылдау емтиханы 2025 жылғы 11 маусымда өтеді. Қабылдау емтиханы Астана, Алматы және Орал қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалдарында ұйымдастырылады. Рұқсатнама барлық үміткердің тіркелген кезде көрсеткен электрондық…

                01
                Jun
                25

                Естеліктерге толы ерекше кеш

                31 мамыр күні мектебіміздің қабырғасында мектептің әр жылдардағы 500-ге жуық мерейтойлық түлектері бас қосып, мектептегі естеліктерін, аяулы ұстаздары мен жанға жақын сыныптастарын еске…

                  30
                  May
                  25

                  Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі – еліміздегі ең үздік олимпиадалық мектеп атанды.

                  2024–2025 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңінде Алматы Республикалық физика-математика мектебі (Алматы РФММ) 76 ұпаймен республикалық рейтингте…

                    30
                    May
                    25

                    TasIMO-2025: Жаңа жеңістерге жол ашқан Ташкент!

                    2025 жылғы 18–20 мамыр аралығында Ташкент қаласында 48 ел мен Өзбекстанның 14 өңірінен келген 850-ден астам қатысушыны біріктірген TasIMO-2025 халықаралық олимпиадасы өтті. Алматы…

                      26
                      May
                      25

                      “Мектебім, саған мың алғыс”

                      Бүгін Алматы қаласындағы РФММ-де 11-сынып оқушылары үшін соңғы қоңырау соғылып, “Мектебім, саған мың алғыс” атты салтанатты жиын өтті. Жас түлектерімізді бала шақтан болашаққа…