Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі Алматы қ. филиалы
03
May
19

«NAZARBAYEV FUND SCHOOLS CHALLENGE – 2019» ЖАС ИННОВАТОРЛАРҒА АРНАЛҒАН КОНКУРС



Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры жыл сайынғы республикалық «Nazarbayev Fund Schools Challenge – 2019» конкурсына қатысуға өтінімдер қабылдаудың басталғандығы туралы жариялайды.

Конкурсты Қор және ҚР Әділет мининстрлігі, Назарбаев университеті, «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК және Крэнфилд Университеті (Ұлыбритания) бірігіп ұйымдастырды. Ол қазақстандық мектеп оқушыларының зияткерлік потенциалын ынталандыру мен қолдауға, олардың зияткерлік әрекет өнімдерін жасауға деген қызығушылығын арттыруға және қоғамды жастардың шығармашылық, ғылыми жетістіктерімен таныстыруға бағытталған.

Конкурс қатысушылары техникалық және инженерлік мамандықтар: көлік және логистика, мұнай және газ, машина құрастыру, сәулет және құрылыс, шикізат алу және қайта өңдеу, биотехнологиялар, химиялық өнеркәсіп, IТ, робототехника және басқа да  салалардағы жұмыстарын әділ-қазылар алқасының қарауына ұсына алады.

Конкурстың тақырыбы жыл сайынғы негізде, ұлттық экономиканы дамыту басымдықтары мен әлемдік трендтерге байланысты анықталады. Биылғы жылы конкурс аэроғарыш тақырыбына арналады.

Өтінімдерді қабылдау 2019 жылдың 15 наурызынан 10 мамырына дейін жүзеге асырылады.

2019 жылдың маусым айында Конкурстың үздік жұмыстары анықталады.

Конкурс финалистері тамыз айында Крэнфилд Университетіне танымдық сапар жасайды.

Конкурстың шарттары туралы толық ақпаратты:  8(7172)621512, 621213, 621599 телефон нөмірлеріне қоңырау шалу арқылы алуға болады.

 

Айдарлар

Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:

15
Oct
26

Үміткерлер назарына: Қабылдау емтиханы келесі аптаға ауыстырылды

Құрметті үміткерлер! 2026 жылғы 17 қазанға жоспарланған қабылдау емтиханының ұйымдастырушылық себептерге байланысты келесі аптаға ауыстырылғанын хабарлаймыз. Емтиханның нақты өткізілетін күні мен уақыты туралы…

    14
    Oct
    26

    Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалы уақытша қашықтықтан оқуға жіберілді. ​

    2026 жылғы 12–13 қазан аралығында Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының оқушылары арасында жедел ішек инфекциясының белгілері тіркелді. 2026…

      18
      Sep
      26

      FAIO FIZMAT AI OLYMPIAD

      FAIO 2026: халықаралық олимпиадаға тіркелу ашылды Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі оқушыларды First Almaty AI Olympiad (FAIO) 2026 халықаралық командалық олимпиадасына қатысуға шақырады….

        29
        Aug
        26

        Жаңа кеңістік, жаңа мүмкіндік

        Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі филиалының 1972 жылы салынған тарихи ғимараты толық қайта жаңғыртудан өтті. Бұл — мектептің 54 жылдық тарихындағы ғимаратты ауқымды…

          24
          Aug
          26

          РФММ оқушысы Батырхан Бейганов Ақордадағы кездесуге қатысты

          Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық пән олимпиадаларында жоғары нәтиже көрсеткен қазақстандық оқушылар мен студенттерді қабылдады. Кездесуге Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы Батырхан Бейганов та…

            24
            Aug
            26

            РФММ мұғалімі мемлекеттік марапатқа ие болды

            Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары және оларды дайындаған жаттықтырушы-педагогтермен кездесті. Кездесу барысында үздік ұстаздарға мемлекеттік марапаттар табысталды. Ақордада өткен кездесуге шақырылған…

              13
              Jul
              26

              ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ IYPT 2026 ТУРНИРІНДЕ HONORABLE MENTION МАРАПАТЫНА ИЕ БОЛДЫ

              Цюрих қаласында Жас физиктердің 39-шы халықаралық турнирі — International Young Physicists’ Tournament (IYPT 2026) өз мәресіне жетті. Биылғы турнир әлемнің жетекші жоғары оқу…

                24
                Jun
                26

                ХАБАРЛАНДЫРУ!

                Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалының 8-сыныбына түсу үшін мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау бойынша конкурстық іріктеудің қорытындысы шығарылды. Тестілеуге барлығы 1186 үміткер жіберілді….

                  10
                  Jun
                  26

                  8-сыныпқа арналған конкурстық іріктеу өтті

                  Бүгін Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ филиалының 8-сыныбына мемлекеттік білім беру грантын тағайындауға арналған конкурстық іріктеу өтті. Қабылдау емтиханы РФММ-ның Алматы, Астана…

                    10
                    Jun
                    26

                    Қазақстан құрамасы әл-Хорезми олимпиадасында 100% нәтиже көрсетіп, 8 медаль жеңіп алды

                    Өзбекстанның Ташкент қаласында математика және информатика пәндерінен өткен әл-Хорезми халықаралық олимпиадасы (KhMIO) мәресіне жетті. Әлемнің 10 елінен келген дарынды оқушылар бақ сынаған бұл…