Физика пәнінен оқушылардың Мәскеу олимпиадасы
3 наурызда мәскеу уақыты бойынша сағат 9:00-де (Астана уақыты бойынша сағат 12:00-де, отырғызу сағат 11:30 басталады) ФИЗИКА ПӘНІНЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ МӘСКЕУ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ІІ туры басталады.
3 наурызда өтетін олимпиаданың екінші туры 7-10 сыныптарға арналған олимпиаданың қорытынды кезеңі болып табылады.
7-10 сыныптарға арналған екінші турға (ақпанда) келесі оқушылар шақырылады:
- 2017/18 оқу жылында физика пәнінен Мәскеу олимпиадасы дипломдарының иегерлері;
- 2018/19 оқу жылының нөлдік немесе бірінші тур жеңімпазы немесе жүлдегері деген кемінде бір грамотаның иегерлері.
Физика пәнінен оқушылардың Мәскеу олимпиадасының екінші турына қатысу үшін арнайы бланкті баспаға шығарып, reg.olimpiada.ru. сайтының жеке кабинетінде өту нүктесін таңдау қажет.
Физика пәнінен оқушылардың Мәскеу олимпиадасының екінші турының ұзақтығы:
7-8 сыныптар – 3 астрономиялық сағат (180 минут);
9 сынып – 4 астрономиялық сағат (240 минут);
10 сынып – 5 астрономиялық сағат (300 минут).
Олимпиаданың бірінші және екінші турларының барлық қатысушылары өзімен бірге келесі заттарды алу керек:
- жеке куәлік үшін фото суреті бар құжат (жеке куәлік, ол болмаған жағдайда – шетелдік төлқұжат, оқушының әлеуметтік картасы, мектепке кіру құжаты және т.б.);
- қатысушының жеке кабинетінен баспаға шығарылған бланктер;
- екі қара гель қаламы;
- сызғыш, транспортир, циркуль;
- инженерлік бағдарланбайтын микрокалькулятор
Қатысушыларға өзімен бірге келесі заттарды алып келуге рұқсат етіледі (және ұсынылады):
- ішетін су (мөлдір қаптамада);
- шоколад (сылдырламайтын қапта);
- сағат.
Қатысушыларға өзімен бірге келесі заттарды алуға тыйым салынады:
- ұялы телефондарды, сондай-ақ ақпаратты белгілеуге, сақтауға, қабылдауға және бөлісуге мүмкіндік беретін кез келген техникалық құралдарды;
- анықтамалық әдебиетті;
- Бағдарланатын микрокалькуляторлар, микрокомпьютерлер.
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалына жаңа директор тағайындалды
Республикалық физика-математика мектебінің Алматы филиалының директоры болып «Математика» мамандығы бойынша PhD докторы Алмаз Мұхамбетұлы Кунгожин тағайындалды. Мейірбек Мейірлан Едігерұлы директор қызметіндегі жұмысын аяқтады….
Хабарландыру
Республикалық физика-математика мектебінде қажетті санитариялық-профилактикалық және залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Анықталған ескертулерді жою бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр. Аталған жағдайға байланысты санитариялық-эпидемиологиялық тергеп-тексеру жалғасуда….
FAIO 2026 халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды
Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ ұйымдастыруымен SDU University базасында өткен FAIO 2026 (Fizmat AI Olympiad) халықаралық жасанды интеллект және машиналық оқыту олимпиадасы өз мәресіне…
Қазақстанда 15 елдің оқушылары жасанды интеллект бойынша FAIO 2026 олимпиадасында бақ сынауда
Алматы, 2026 жылғы 26 қазан. Қаскелең қаласындағы SDU University базасында жасанды интеллект және машиналық оқыту бойынша FAIO 2026 мектеп олимпиадасының финалдық кезеңі басталды….
РФММ оқушысы SAT емтиханынан ең жоғары 1600 балл жинады
Республикалық физика-математика мектебінің 11-сынып оқушысы Ырысдәулет Баймұханбетов халықаралық SAT емтиханынан мүмкін болған 1600 балдың барлығын жинады. Бұл – үздік нәтиже, өйткені емтиханға қатысушылардың…
Үміткерлер назарына: Қабылдау емтиханы келесі аптаға ауыстырылды
Құрметті үміткерлер! 2026 жылғы 17 қазанға жоспарланған қабылдау емтиханының ұйымдастырушылық себептерге байланысты келесі аптаға ауыстырылғанын хабарлаймыз. Емтиханның нақты өткізілетін күні мен уақыты туралы…
Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалы уақытша қашықтықтан оқуға жіберілді.
2026 жылғы 12–13 қазан аралығында Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының оқушылары арасында жедел ішек инфекциясының белгілері тіркелді. 2026…
FAIO FIZMAT AI OLYMPIAD
FAIO 2026: халықаралық олимпиадаға тіркелу ашылды Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі оқушыларды First Almaty AI Olympiad (FAIO) 2026 халықаралық командалық олимпиадасына қатысуға шақырады….
Жаңа кеңістік, жаңа мүмкіндік
Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі филиалының 1972 жылы салынған тарихи ғимараты толық қайта жаңғыртудан өтті. Бұл — мектептің 54 жылдық тарихындағы ғимаратты ауқымды…
РФММ оқушысы Батырхан Бейганов Ақордадағы кездесуге қатысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық пән олимпиадаларында жоғары нәтиже көрсеткен қазақстандық оқушылар мен студенттерді қабылдады. Кездесуге Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы Батырхан Бейганов та…