Математика, физика және информатика пәндерінің мұғалімдері мен тренерлерінің І Республикалық ашық шығармашылық байқауы туралы ақпарат
«Республикалық физика-математика мектебі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «РФММ» КеАҚ) «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен бірге математика, физика және информатика пәндерінің мұғалімдері мен тренерлерінің І Республикалық ашық шығармашылық байқауын (бұдан әрі – Байқау) өткізеді. Байқау дарынды, шығармашылық жұмыс жасайтын мұғалімдерді және кәсіби құзыреттіліктерді оңтайлы меңгергенін көрсететін олимпиадалық резерв тренерлерін анықтауға, оларды қолдауға және мадақтауға бағытталған.
Байқау әрбір пән бойынша екі лигада өтеді: 1) меншік нысанына қарамастан орта білім беру ұйымдарының барлық түрлерінің мұғалімдері үшін, 2) мектептердің және білім беру орталықтарының олимпиадалық тренерлері үшін. Бірінші лигаға республикалық оқушылар олимпиадасының жүлдегерлерінің тәлімгерлері болып табылатын, апталық жүктемесі аптасына 10 сағаттан аз мұғалімдер; шетелдік мұғалімдер қатыса алмайды.
Байқау «РФММ» КеАҚ базасында математика, физика және информатика пәндері бойынша Халықаралық Жәутіков олимпиадасы (2018ж. 11-14 қаңтар) кезінде келесі кестеге сәйкес өткізіледі:
Математика, физика және информатика пәндері бойынша XIV Халықаралық Жәутіков олимпиадасы | Күні | Математика, физика және информатика пәндерінің мұғалімдері мен тренерлерінің І Республикалық ашық шығармашылық байқауы |
Келуі | 10.01 | |
Олимпиаданың ашылуы | 11.01 | Келуі Тіркелу (12.00 – 15.00) |
I тур | 12.01 | Тур (9.00 – 13.00) |
II тур | 13.01 | Үйлестіру (9.00 – 12.00) Сертификаттарды табыстау, жеңімпаздарды марапаттау |
Үйлестіру | 14.01 | Кетуі |
Жабылуы | 15.01 | |
Кетуі | 16.01 |
Байқауға облыстық білім басқармалары, сондай-ақ Алматы қ. және Астана қ. білім басқармалары, НЗМ АБҰ және «РФММ» КеАҚ ұсынған мұғалімдер мен тренерлер қатысады, республиканың әрбір аймағы үшін квота – әрбір пәннің әрбір лигасы бойынша 1 адам (Алматы қ. үшін квота – 5 адам, қосымша білім беру орталықтары үшін квота ұйымдастыру комитетімен келісім бойынша).
Жүлделі орындарды алған жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
Қатысушылардың іс-сапар шығыстары, 10 000 теңге мөлшеріндегі ұйымдастырушылық жарнасы жіберуші тараптың есебінен төленеді (ұйымдастырушылық жарнадан тек мемлекеттік меншік нысанының білім беру ұйымдарынан келген 1 лиганың қатысушылары босатылады).
Қаржылық шығыстарды қысқарту мақсатында Байқаудың қатысушыларын математика, физика және информатика пәндері бойынша XIV Халықаралық Жәутіков олимпиадасына қатысатын командалардың жетекшілері ретінде тағайындау ұсынылады.
Байқауға қатысу ерікті болып табылады, әрбір қатысушыға жеке код берілетін болады, қатысушы ол бойынша өзінің нәтижелерін біле алады. Байқаудың нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне аймақтар бойынша рейтинг ұсынылады.
Облыстық білім басқармаларының, Алматы қ. және Астана қ. білім басқармаларының, НЗМ АБҰ басшыларының қолы және мөрі қойылған өтінімдерді (нысан бойынша) осы жылдың 20 желтоқсанына дейін келесі электронды поштаға: info@fizmat.kz. жіберуіңізді сұраймыз. Сұрақтарыңыз болса, келесі телефондар бойынша хабарласыңыз: 8(727)3950120, +7-702-5972041.
Математика, физика және информатика пәндерінің мұғалімдері мен тренерлерінің І Республикалық ашық шығармашылық байқауына қатысуға
Өтінім
Т.А.Ә. | Аймақ | Жұмыс орны | Лауазымы | Жұмыс өтілі | Байланыс телефонда-ры, е-mail | Қатысушының лигасы |
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалына жаңа директор тағайындалды
Республикалық физика-математика мектебінің Алматы филиалының директоры болып «Математика» мамандығы бойынша PhD докторы Алмаз Мұхамбетұлы Кунгожин тағайындалды. Мейірбек Мейірлан Едігерұлы директор қызметіндегі жұмысын аяқтады….
Хабарландыру
Республикалық физика-математика мектебінде қажетті санитариялық-профилактикалық және залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Анықталған ескертулерді жою бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр. Аталған жағдайға байланысты санитариялық-эпидемиологиялық тергеп-тексеру жалғасуда….
FAIO 2026 халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды
Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ ұйымдастыруымен SDU University базасында өткен FAIO 2026 (Fizmat AI Olympiad) халықаралық жасанды интеллект және машиналық оқыту олимпиадасы өз мәресіне…
Қазақстанда 15 елдің оқушылары жасанды интеллект бойынша FAIO 2026 олимпиадасында бақ сынауда
Алматы, 2026 жылғы 26 қазан. Қаскелең қаласындағы SDU University базасында жасанды интеллект және машиналық оқыту бойынша FAIO 2026 мектеп олимпиадасының финалдық кезеңі басталды….
РФММ оқушысы SAT емтиханынан ең жоғары 1600 балл жинады
Республикалық физика-математика мектебінің 11-сынып оқушысы Ырысдәулет Баймұханбетов халықаралық SAT емтиханынан мүмкін болған 1600 балдың барлығын жинады. Бұл – үздік нәтиже, өйткені емтиханға қатысушылардың…
Үміткерлер назарына: Қабылдау емтиханы келесі аптаға ауыстырылды
Құрметті үміткерлер! 2026 жылғы 17 қазанға жоспарланған қабылдау емтиханының ұйымдастырушылық себептерге байланысты келесі аптаға ауыстырылғанын хабарлаймыз. Емтиханның нақты өткізілетін күні мен уақыты туралы…
Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалы уақытша қашықтықтан оқуға жіберілді.
2026 жылғы 12–13 қазан аралығында Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының оқушылары арасында жедел ішек инфекциясының белгілері тіркелді. 2026…
FAIO FIZMAT AI OLYMPIAD
FAIO 2026: халықаралық олимпиадаға тіркелу ашылды Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі оқушыларды First Almaty AI Olympiad (FAIO) 2026 халықаралық командалық олимпиадасына қатысуға шақырады….
Жаңа кеңістік, жаңа мүмкіндік
Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі филиалының 1972 жылы салынған тарихи ғимараты толық қайта жаңғыртудан өтті. Бұл — мектептің 54 жылдық тарихындағы ғимаратты ауқымды…
РФММ оқушысы Батырхан Бейганов Ақордадағы кездесуге қатысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық пән олимпиадаларында жоғары нәтиже көрсеткен қазақстандық оқушылар мен студенттерді қабылдады. Кездесуге Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы Батырхан Бейганов та…