Волейболдан ата-аналар арасындағы дәстүрлі Чемпиондар Лигасы өтті
Білім беру және тәрбие процесінің жемісті болуы мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар арасындағы тығыз қарым-қатынасқа тікелей байланысты. Мұндай рухани байланысты берік ұстап тұру — біздің мектебіміздің маңызды міндеттерінің бірі.
Осы мақсатымызға сәйкес бүгін Алматы қаласындағы РФММ-де волейболдан ата-аналар арасындағы дәстүрлі Чемпиондар Лигасы өтті. Бұл жарыс мектебіміздің туған күні мен Республика күніне орай ұйымдастырылып, нағыз спорттық мерекеге айналды!
Суперфиналға жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар командалар шығып, 7D, 8С, 9Е, 10С, 11М сыныптары арасында тартысты ойын өтті. Барлығының ынта-жігері мен командалық рухы жоғары деңгейде көрініс тапты!
Ойын нәтижесі:
1 орын – 8С сыныбы
2 орын – 9Е сыныбы
3 орын – 10С сыныбы
Ата-аналардың осындай шараларына жан-жақты дайындалып, белсенді қатысуы — балаларға үлкен үлгі. Бұл өз кезегінде балалардың бәсекеге қабілеттілігін шыңдауға мүмкіндік береді.
Барлық қатысушыларды жеңістерімен құттықтаймыз!
Өз командасына жанкүйер болған барлық оқушылар мен мұғалімдерге де ерекше алғыс айтамыз. Бұл спорттық рух пен достықты нығайтқан сайыс болды. Келесі жылы да осындай әсерлі сәттерге куә болайық!

Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
Астанада АТМО және «Жібек жолы» халықаралық олимпиадалары өтті
Астана қаласында халықаралық математикалық олимпиадалар — XXXVIII Азия–Тынық мұхиты математикалық олимпиадасы (АТМО) және «Жібек жолы» халықаралық математикалық олимпиадасы өтті. АТМО қорытындысы бойынша Республикалық…
«Математикалық регата — 2026»: РФММ командасы I орын иеленді
2026 жылы өткен «Математикалық регата» республикалық олимпиадасының қорытындысы бойынша «РФММ» командасы үздік нәтиже көрсетіп, I орынды иеленді. Аталған беделді білім додасына «Республикалық физика-математика…
Алматы РФММ тренері бағдарламалаудан халықаралық чемпионаттың жүлдегері атанды
Алматы қаласындағы РФММ-нің информатика пәні бойынша жаттықтырушысы Қуанышбай Айбар спорттық бағдарламалау бойынша Central Asia Programming Championship 2026 халықаралық чемпионатында II орын иеленді. Жарыс…
Леонард Эйлер атындағы XVIII олимпиаданың қорытындысы бойынша Алматы қаласындағы РФМШ оқушылары жоғары нәтиже көрсетті
Леонард Эйлер атындағы XVIII олимпиаданың қорытындысы бойынша Алматы қаласындағы РФМШ оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, 1 күміс медаль, 3 қола медаль және 4 мақтау…
«Білім – инновация» лицейлерінде республикалық олимпиада өтті
2026 жылғы 21–25 наурыз аралығында Астана қаласы Білім басқармасының мамандандырылған «Білім – инновация» лицейлері базасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы биология және физика пәндері бойынша Республикалық…
KzYPT 2026 — Қазақстанның Ұлттық іріктеуі
Құрметті оқушылар мен ата-аналар! Сіздерді Жас физиктердің халықаралық турниріне (IYPT) 2026 Қазақстанның Ұлттық іріктеуіне қатысуға шақырамыз! Бұл — физика саласындағы білімдеріңізді көрсетіп, Швейцариядағы…
Халықаралық астрономия және астрофизика олимпиадасы
Құрметті РФММ оқушылары! Қазақстан Республикасының Халықаралық астрономия және астрофизика олимпиадасы (IOAA) құрамасының резервіне іріктеу жарияланады. Іріктеуге физика, математика және астрономия пәндері бойынша жоғары…
Қостанайда республикалық пәндік олимпиада мәресіне жетті
19–24 наурыз аралығында Қостанай қаласында 9–11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Бұл – еліміздің барлық өңірінен 310 дарынды оқушыны біріктірген…
Жас математика мұғалімдерінің шығармашылық конкурсы қорытындыланды
2026 жылғы 23 наурызда Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» орталығы, Қазақстан математика мұғалімдері қауымдастығы (QMMQ) және Beta High School бірлесіп ұйымдастырған 30…
Астанада 9–11 сынып оқушыларының республикалық зияткерлік додасы өтті
2–6 наурыз аралығында Астана қаласында 9–11 сынып оқушылары арасында экономика және қаржы пәндері бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Республикалық физика-математика мектебінің оқушылары…