Алматы РФММ-ның тобы Almaty Maths Battles-те 385000 теңге сыйақы, медальдар мен грамоталар ұтып алды
22-24 қазанда Haileybury Almaty-да топтық математикалық сайыс өтті. Жарыста Алматы РФММ-нен 10 топ қатысып, оның 6-уы жүлделі орындарға ие болды.
⠀
“MakerSpace” және “Sunrise” топтары өздерінің жас бойынша бөлінген лигаларында (7-8 және 9-10 сыныптар) үшінші орын алып, 80 000 теңге мен медальдар және құрмет грамоталарын иеленді. “Baza” тобы жоғары лигада 4 орын алды және 50 000 теңге ұтты. 7-8 сыныптар арасында “Big Little”, “Умные жуки”, “SINW” топтары 4 орын мен 75 000 теңге сыйақыны өзара бөліп алды. Кіші лигада екінші орынды Алматы РФММ мен ФМБ НЗМ Алматы оқушыларынан құралған құрама команда иеленгенін айта кету қажет. Команда мүшелері 100 000 теңге ұтып және күміс медальдар мен құрмет грамоталарымен марапатталды.
⠀
Оқушыларымызды құттықтаймыз және олимпиадалық математикада шарықтап дами беріңіздер!
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
«Зерде» республикалық конкурсында Орынғали Батыржан II орын иеленді
28–31 қаңтар күндері Щучинск қаласында «Зерде» XXI Республикалық ғылыми-зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсының қорытынды кезеңі өтті. Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 7-сынып…
Ұлттық қор – балаларға: болашаққа инвестиция
Мемлекет басшысының тапсырмасы іске асырылуда – балаларға жыл сайынғы есептеу жүргізілді ✅ «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында тұрғын үй мен білімге 31,6…
ҚЖО 2026 іріктеу кезеңінің нәтижелері
Құрметті ҚЖО қатысушылары! Нәтижелер: Математика 6 класс математика результаты ГЖО 2026 Математика 7 класс математика результаты ГЖО 2026 Математика 8 класс математика результаты ГЖО 2026 …
XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы – 2026
Алматы қаласында математика, физика және информатика пәндері бойынша XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. Халықаралық зияткерлік додаға әлемнің 16 елінен 612 оқушы мен 122…
FIZMAT Education Fair – 2026
Алматы қаласында XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы аясында FIZMAT Education Fair – 2026 білім беру көрмесі өтті. Іс-шараға 25 жоғары оқу орны мен білім…
Алматыда Жәутіков олимпиадасы қатысушыларын салтанатты қарсы алу
Алматы қаласында математика, физика және информатика пәндері бойынша XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасына келген халықаралық командалар мен қатысушыларды Қазақстанның ұлттық өнері мен қонақжай дәстүріне…
Алматыда Математика, физика және информатика бойынша Халықаралық Жәутіков олимпиадасы IZhO2026 өтеді
2026 жылғы 10-15 қаңтар аралығында Алматыда оқушыларға арналған математика, физика және информатика бойынша 22-ші Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтеді. Олимпиадаға әлемнің 16 елінен 622…
FIZMAT Education Fair – 2026
XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы аясында өтетін «FIZMAT Education Fair – 2026» халықаралық білім беру көрмесіне барлық оқушыларды шақырамыз ✨ «FIZMAT Education Fair –…
Байқау тесті басталды!
Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына түсуді жоспарлап жүрген барлық оқушылар үшін байқау тестінің алғашқы нұсқасы жарияланды. Байқау тесті барлық оқушылар үшін қолжетімді. Тест онлайн…
VIII Халықаралық ашық шығармашылық IMPACT Olympiad байқауы
✨Құрметті достар!✨ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Республикалық физика-математика мектебі» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы математика, физика және информатика пәндері бойынша дарынды, шығармашыл ұстаздар…



