«Көктем Аруы-2022»
Қазақ халқы қашан да ұлын нарға, қызын арға балап, көңілінің дархандығын кең даласымен өлшеген. «Қызың өссе – өрісің» деп қызға ерекше құрмет көрсеткен. Бүгінгі қоғамда халқымыздың қыз бала тәрбиесіндегі қалыптасқан дәстүрін насихаттау басты назарда тұруы қажет.
Осы мақсатқа сәйкес және Алматы РФММ 50 жылдық мерейтойын тойлау аясында, 3 наурыз күні Алматы РФММ акт залында 8 сынып оқушылары арасында «Көктем аруы-2022» байқауы өткізілді. Аталған байқауға қатысуға ниет білдірген 9 ару қатысты.
Арулар төмендегі сайыстар бойынша сынаққа түсті:
«Сәлем – сөздің атасы» сахнада өзін-өзі ұстай білу мәдениетіне және берілген уақытта өзін-өзі таныстыру;
«Өнерлі өрге жүзер» сайысында өнерпаздық деңгейін бағалау, ән айту, би билеу, мәнерлеп өлең оқу бойынша өнерлері сыналды.
«Білгенге маржан» сайысында салт дәстүрлер мен мақал-мәтелдер бойынша танымдық сұрақтар бойынша білімі бағаланды;
«Қолөнер» атты қолөнер үлгісі бойынша сайыс, ою-өрнек, кесте тігу, ұршық иіру және дәмді тағамдар әзірлеу өнерін көрсету.
Таласқа толы байқауда ару қыздар өз өнерлерін барынша ортаға салып, жан-жақты қырларынан таныла білді. Сайыс соңында жеңімпаздарды әділқазылар құрамы анықтады.
Қазылар алқасының анықтауы бойынша, ерекше қырынан танылған арулар ретінде жеңімпаздар белгілі болып, марапаттауға ие болды. Байқауда жеңімпаз деп танылған арулар:
«Көктем аруы-2022» – 8 «А» сыныбының атынан қатысқан Булат Айзерек атанды. І-орынды «Инабатты ару» атанған 8 «К» сыныбының аруы Исаева Айзере иеленді. ІІ-орынды «Көрермен көзайымына» айналған 8 «С» сыныбының аруы Бүркітбай Нұрай жеңіп алса, ІІІ-орынды 8 «Н» сыныбының «Зерделі аруы» Лазар Ақманар иеленді.
- 8 «В» Алтынбекова Айнұр «Білімді ару»
- 8 «D» Жайсанова Айша «Көрікті ару»
- 8 «G» Амренова Сабина «Сымбатты ару»
- 8 «L» Тултанова Айжан «Өнерлі ару»
- 8 «M» Пазилханова Нурикамал «Сүйкімді ару»
Аруларды жеңісімен құттықтаймыз!
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалына жаңа директор тағайындалды
Республикалық физика-математика мектебінің Алматы филиалының директоры болып «Математика» мамандығы бойынша PhD докторы Алмаз Мұхамбетұлы Кунгожин тағайындалды. Мейірбек Мейірлан Едігерұлы директор қызметіндегі жұмысын аяқтады….
Хабарландыру
Республикалық физика-математика мектебінде қажетті санитариялық-профилактикалық және залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Анықталған ескертулерді жою бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр. Аталған жағдайға байланысты санитариялық-эпидемиологиялық тергеп-тексеру жалғасуда….
FAIO 2026 халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды
Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ ұйымдастыруымен SDU University базасында өткен FAIO 2026 (Fizmat AI Olympiad) халықаралық жасанды интеллект және машиналық оқыту олимпиадасы өз мәресіне…
Қазақстанда 15 елдің оқушылары жасанды интеллект бойынша FAIO 2026 олимпиадасында бақ сынауда
Алматы, 2026 жылғы 26 қазан. Қаскелең қаласындағы SDU University базасында жасанды интеллект және машиналық оқыту бойынша FAIO 2026 мектеп олимпиадасының финалдық кезеңі басталды….
РФММ оқушысы SAT емтиханынан ең жоғары 1600 балл жинады
Республикалық физика-математика мектебінің 11-сынып оқушысы Ырысдәулет Баймұханбетов халықаралық SAT емтиханынан мүмкін болған 1600 балдың барлығын жинады. Бұл – үздік нәтиже, өйткені емтиханға қатысушылардың…
Үміткерлер назарына: Қабылдау емтиханы келесі аптаға ауыстырылды
Құрметті үміткерлер! 2026 жылғы 17 қазанға жоспарланған қабылдау емтиханының ұйымдастырушылық себептерге байланысты келесі аптаға ауыстырылғанын хабарлаймыз. Емтиханның нақты өткізілетін күні мен уақыты туралы…
Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалы уақытша қашықтықтан оқуға жіберілді.
2026 жылғы 12–13 қазан аралығында Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының оқушылары арасында жедел ішек инфекциясының белгілері тіркелді. 2026…
FAIO FIZMAT AI OLYMPIAD
FAIO 2026: халықаралық олимпиадаға тіркелу ашылды Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі оқушыларды First Almaty AI Olympiad (FAIO) 2026 халықаралық командалық олимпиадасына қатысуға шақырады….
Жаңа кеңістік, жаңа мүмкіндік
Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі филиалының 1972 жылы салынған тарихи ғимараты толық қайта жаңғыртудан өтті. Бұл — мектептің 54 жылдық тарихындағы ғимаратты ауқымды…
РФММ оқушысы Батырхан Бейганов Ақордадағы кездесуге қатысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық пән олимпиадаларында жоғары нәтиже көрсеткен қазақстандық оқушылар мен студенттерді қабылдады. Кездесуге Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы Батырхан Бейганов та…



















