«IMPACT STUDENTS» республикалық олимпиадасы
2025 жылғы 17 мамыр күні «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ ұйымдастыруымен алғаш рет «IMPACT STUDENTS» республикалық олимпиадасы өтті.
Білім беру саласындағы маңызды жаңа жобаны жүзеге асыруға Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық универитеті мен Берік және Баян Каниевтер жеке қоры қолдау білдіріп, зор үлес қосты.
«IMPACT STUDENTS» олимпиадасы жоғары оқу орындарының 3-4 курс студенттеріне арналған. Интеллектуалдық додада болашақ педагогтер математика, физика, информатика және бастауыш оқыту әдістемесі бойынша білімдерін сынады.
«IMPACT STUDENTS» республикалық олимпиадасына еліміздегі Абай атындағы ҚазҰПУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Сүлейман Демирел атындағы университет, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті және тағы басқа жоғары оқу орындарынан 70-ке жуық студент пен магистрант қатысты.
Олар өздері білім алып жатқан мамандық бойынша арнайы әзірленген олимпиада тапсырмаларын орындап, «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ-ның тәжірибелі педагогтары өткізген шеберлік сағаттарына қатысуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, РФММ жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктерінің қыр-сырымен танысты.
Олимпиада жүлдегерлері I, II, III дәрежелі дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды және барлық қатысушыға сертификат табысталды.
Бастауыш оқыту әдістемесі:
- Әбдінұр Айдана — Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, 1-орын;
- Ералы Назерке — Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, 2-орын;
- Халилуллаева Наргиз — Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, 3-орын;
- Жандосқызы Әсем — Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, 3-орын.
Физика:
- Естемесов Диас — SDU, 1-орын;
- Самат Еламан — SDU, 2-орын;
- Талғатов Ерасыл — SDU, 2-орын;
- Бақтөреев Жансерік — SDU, 3-орын.
Информатика:
- Әбдірәсіл Айдана — Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, 1-орын;
- Абдирасулова Айзада — SDU, 2-орын;
- Сайлау Аяжан — Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, 3-орын;
- Баймағамбет Назерке — Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, 3-орын;
- Рақатова Әсем — Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, 3-орын.
➗ Математика бағыты:
- Ағабек Аяулым —1-орын;
- Слямгазинова Еркежан — SDU, 2-орын;
- Алтыбай Әсемай — SDU, 3-орын;
- Абитаев Нурдаулет — Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, 3-орын;
- Юлдашева Комила — Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, 3-орын.
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
Қазақстанда 15 елдің оқушылары жасанды интеллект бойынша FAIO 2026 олимпиадасында бақ сынауда
Алматы, 2026 жылғы 26 қазан. Қаскелең қаласындағы SDU University базасында жасанды интеллект және машиналық оқыту бойынша FAIO 2026 мектеп олимпиадасының финалдық кезеңі басталды….
Үміткерлер назарына: Қабылдау емтиханы келесі аптаға ауыстырылды
Құрметті үміткерлер! 2026 жылғы 17 қазанға жоспарланған қабылдау емтиханының ұйымдастырушылық себептерге байланысты келесі аптаға ауыстырылғанын хабарлаймыз. Емтиханның нақты өткізілетін күні мен уақыты туралы…
Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалы уақытша қашықтықтан оқуға жіберілді.
2026 жылғы 12–13 қазан аралығында Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының оқушылары арасында жедел ішек инфекциясының белгілері тіркелді. 2026…
FAIO FIZMAT AI OLYMPIAD
FAIO 2026: халықаралық олимпиадаға тіркелу ашылды Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі оқушыларды First Almaty AI Olympiad (FAIO) 2026 халықаралық командалық олимпиадасына қатысуға шақырады….
Жаңа кеңістік, жаңа мүмкіндік
Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі филиалының 1972 жылы салынған тарихи ғимараты толық қайта жаңғыртудан өтті. Бұл — мектептің 54 жылдық тарихындағы ғимаратты ауқымды…
РФММ оқушысы Батырхан Бейганов Ақордадағы кездесуге қатысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық пән олимпиадаларында жоғары нәтиже көрсеткен қазақстандық оқушылар мен студенттерді қабылдады. Кездесуге Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы Батырхан Бейганов та…
РФММ мұғалімі мемлекеттік марапатқа ие болды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары және оларды дайындаған жаттықтырушы-педагогтермен кездесті. Кездесу барысында үздік ұстаздарға мемлекеттік марапаттар табысталды. Ақордада өткен кездесуге шақырылған…
ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ IYPT 2026 ТУРНИРІНДЕ HONORABLE MENTION МАРАПАТЫНА ИЕ БОЛДЫ
Цюрих қаласында Жас физиктердің 39-шы халықаралық турнирі — International Young Physicists’ Tournament (IYPT 2026) өз мәресіне жетті. Биылғы турнир әлемнің жетекші жоғары оқу…
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалының 8-сыныбына түсу үшін мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау бойынша конкурстық іріктеудің қорытындысы шығарылды. Тестілеуге барлығы 1186 үміткер жіберілді….
8-сыныпқа арналған конкурстық іріктеу өтті
Бүгін Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ филиалының 8-сыныбына мемлекеттік білім беру грантын тағайындауға арналған конкурстық іріктеу өтті. Қабылдау емтиханы РФММ-ның Алматы, Астана…