Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі
20
May
25

«IMPACT STUDENTS» республикалық олимпиадасы



2025 жылғы 17 мамыр күні «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ ұйымдастыруымен алғаш рет «IMPACT STUDENTS» республикалық олимпиадасы өтті.

Білім беру саласындағы маңызды жаңа жобаны жүзеге асыруға Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық универитеті мен Берік және Баян Каниевтер жеке қоры қолдау білдіріп, зор үлес қосты.

«IMPACT STUDENTS» олимпиадасы жоғары оқу орындарының 3-4 курс студенттеріне арналған.  Интеллектуалдық додада болашақ педагогтер математика, физика, информатика және бастауыш оқыту әдістемесі бойынша білімдерін сынады.

«IMPACT STUDENTS» республикалық олимпиадасына еліміздегі Абай атындағы ҚазҰПУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Сүлейман Демирел атындағы университет, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті және тағы басқа жоғары оқу орындарынан 70-ке жуық студент пен магистрант қатысты.

Олар өздері білім алып жатқан мамандық бойынша арнайы әзірленген олимпиада тапсырмаларын орындап, «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ-ның тәжірибелі педагогтары өткізген шеберлік сағаттарына қатысуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, РФММ жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктерінің қыр-сырымен танысты.

Олимпиада жүлдегерлері I, II, III дәрежелі дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды және барлық қатысушыға сертификат табысталды.

Бастауыш оқыту әдістемесі:

  • Әбдінұр Айдана — Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, 1-орын;
  • Ералы Назерке — Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, 2-орын;
  • Халилуллаева Наргиз — Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, 3-орын;
  • Жандосқызы Әсем — Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, 3-орын.

Физика:

  • Естемесов Диас — SDU, 1-орын;
  • Самат Еламан — SDU, 2-орын;
  • Талғатов Ерасыл — SDU, 2-орын;
  • Бақтөреев Жансерік — SDU, 3-орын.

Информатика:

  • Әбдірәсіл Айдана — Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, 1-орын;
  • Абдирасулова Айзада — SDU, 2-орын;
  • Сайлау Аяжан — Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, 3-орын;
  • Баймағамбет Назерке — Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, 3-орын;
  • Рақатова Әсем — Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, 3-орын.

Математика бағыты:

  • Ағабек Аяулым —1-орын;
  • Слямгазинова Еркежан — SDU, 2-орын;
  • Алтыбай Әсемай — SDU, 3-орын;
  • Абитаев Нурдаулет — Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, 3-орын;
  • Юлдашева Комила — Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, 3-орын.
Айдарлар

    Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:

    18
    Jun
    25

    Үздік математикалық мектеп

    ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Шалтай Смағұлұлы Смағұловтың құрметіне арналған VIII Республикалық олимпиадада Алматы қаласындағы РФММ командасы «Үздік математикалық…

      12
      Jun
      25

      Маңызды ақпарат

      «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ Алматы филиалының 8-сыныбына арналған білім беру грантын тағайындау бойынша конкурстық іріктеу 2025 жылғы 11 маусымда ұйымдастырылды. 2025 жылғы 14…

        10
        Jun
        25

        ХАБАРЛАНДЫРУ

        Республикалық физика-математика мектебіне 8-сыныпқа қабылдау емтиханы 2025 жылғы 11 маусымда өтеді. Қабылдау емтиханы Астана, Алматы және Орал қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалдарында ұйымдастырылады. Рұқсатнама барлық үміткердің тіркелген кезде көрсеткен электрондық…

          01
          Jun
          25

          Естеліктерге толы ерекше кеш

          31 мамыр күні мектебіміздің қабырғасында мектептің әр жылдардағы 500-ге жуық мерейтойлық түлектері бас қосып, мектептегі естеліктерін, аяулы ұстаздары мен жанға жақын сыныптастарын еске…

            30
            May
            25

            Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі – еліміздегі ең үздік олимпиадалық мектеп атанды.

            2024–2025 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңінде Алматы Республикалық физика-математика мектебі (Алматы РФММ) 76 ұпаймен республикалық рейтингте…

              30
              May
              25

              TasIMO-2025: Жаңа жеңістерге жол ашқан Ташкент!

              2025 жылғы 18–20 мамыр аралығында Ташкент қаласында 48 ел мен Өзбекстанның 14 өңірінен келген 850-ден астам қатысушыны біріктірген TasIMO-2025 халықаралық олимпиадасы өтті. Алматы…

                26
                May
                25

                “Мектебім, саған мың алғыс”

                Бүгін Алматы қаласындағы РФММ-де 11-сынып оқушылары үшін соңғы қоңырау соғылып, “Мектебім, саған мың алғыс” атты салтанатты жиын өтті. Жас түлектерімізді бала шақтан болашаққа…

                  26
                  May
                  25

                  «Мектеп мақтанышы – 2025»

                  23 мамыр күні РФММ-де жыл сайынғы игі дәстүрге айналған «Білімім – Отанымa!» атты салтанатты жиыны өтті. Оның барысында үздік оқушыларға мектебіміздің ең беделді…

                    16
                    May
                    25

                    Ескірмейтін естеліктер кеші…

                    Құрметті РФММ түлектері! Сағынышпен әрі ілтипатпен балалықтың бастауы болған алтын ұя мектебімізге — есер шақтың қызықтарын еске алу үшін кездесуге шақырамыз. 2025 жылғы…

                      14
                      May
                      25

                      «Science. Technology. Algorithmization. Programming» атты VII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының нәтижелері

                      2025 жылы 25–26 сәуірде «Science. Technology. Algorithmization. Programming» атты VII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы онлайн форматта сәтті өтті! 375 оқушы тіркеліп, 12 секция бойынша…