Физмат-Геология
2018 жылдың ақпанында Алматы РФММ-де «Геология» бағыты бойынша олимпиадалық резервке іріктеу өтті. Сабақтар «Жалпы геология», «Минералогия және петрография», «Қауіпсіздік техникасы және алғашқы медициналық көмек», «Палеонтология», «Геологиялық карта және кескін», «Дала геологиясы» және т.б. пәндері бойынша өтеді.

Тамызда балалар алғаш рет жас геологтардың V Қазақстандық ашық дала олимпиадасына қатысты, ол 2018 жылдың 27 шілдесінен бастап 3 тамызын қоса алған мерзімде Ақмола облысының Бурабай шипажайы аумағындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында өтті. Олимпиаданың мақсаты – оқушыларды ерте кәсіптік бағдарлау, олардық геология ғылымдарын зерттеуге деген қызығушылығын арттыру, геологияны ғылым ретінде және оның қолданбалы мәнін дәріптеу, дарынды балаларды анықтау және қолдау, оқушылардың назарын геоэкологияның және жер қойнауының мәселелеріне тарту, өсіп келе жатқан ұрпақты патриотизм, достастық және Отанына деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу.

«Геофизмат» геологиялық үйірмесінің оқушылары 2018 жылдың 17 желтоқсанынан бастап 30 желтоқсанын қоса алған мерзімде Алматы қаласында (қашықтан) өткен 2 іріктеу турынан табысты өтті және оқушылардың Мәскеу ашық олимпиадасының қорытынды кезеңіне түсті. Қазіргі уақытта балалар 2019 жылдың 9 ақпанынан бастап 10 ақпанын қоса алған мерзімде Мәскеу қаласында өтіп жатқан оқушылардың геология пәні бойынша XХVI Мәскеу ашық олимпиадасына қатысып жатыр.
2019 жылдың 12 қаңтарында Астана қаласында Nazarbayev University жоғары оқу орнында геология пәні бойынша IESO – 2019 халықаралық олимпиадасына іріктеу туры өтті, бұл олимпиада Оңтүстік Кореяның Дегу қаласында 26 тамыздан бастап 3 қыркүйекті қоса алған мерзімде өтеді. Іріктеу турына Астана, алматы, Өскемен, Ақтөбе, Шымкент, Орал, Көкшетау қалаларынан 39 оқушы қатысты. Алматы РФММ атынан «ГЕОФИЗМАТ» командасы қатысты.
«ГЕОФИЗМАТ» командасының құрамына 11 сыныптың оқушысы Кунгожин Сабыр Дәуренұлы және 9 сыныптың оқушысы Қазтай Дәулет Гениұлы кірді.
Шын жүректен қатысушыларға болашақ жеңістер мен шығармашылық табыстар тілейміз!
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
8-сыныпқа арналған конкурстық іріктеу өтті
Бүгін Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ филиалының 8-сыныбына мемлекеттік білім беру грантын тағайындауға арналған конкурстық іріктеу өтті. Қабылдау емтиханы РФММ-ның Алматы, Астана…
Қазақстан құрамасы әл-Хорезми олимпиадасында 100% нәтиже көрсетіп, 8 медаль жеңіп алды
Өзбекстанның Ташкент қаласында математика және информатика пәндерінен өткен әл-Хорезми халықаралық олимпиадасы (KhMIO) мәресіне жетті. Әлемнің 10 елінен келген дарынды оқушылар бақ сынаған бұл…
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ филиалының 8-сыныбына білім беру грантына үміткерлерді конкурстық іріктеу 2026 жылғы 10 маусымда өтеді. Конкурстық комиссия белгілеген тәртіпке сәйкес…
7-сыныптарға арналған конкурстық іріктеу нәтижесі туралы ақпарат
2026 жылғы 25 сәуірде «РФММ» КеАҚ-тың Астана және Алматы қалаларындағы филиалдарының 7-сыныптарына мемлекеттік білім беру гранты негізінде оқушыларды қабылдау бойынша конкурстық іріктеу өткізілді….
7-сыныптарға арналған білім беру гранты бойынша «РФММ» КеАҚ филиалдарына конкурстық іріктеу туралы ақпарат
2026 жылғы 25 сәуірде «РФММ» КеАҚ-тың Астана және Алматы қалаларындағы филиалдарының 7-сыныптарына білім беру гранты негізінде оқушыларды қабылдау бойынша конкурстық іріктеу өткізілді. Конкурстық…
РФММ оқушысы Батырхан Бейганов Балқан математика олимпиадасының қола жүлдегері атанды
Алматы қаласы РФММ оқушысы Батырхан Бейганов Грекияның Салоники қаласында өткен 43-ші Халықаралық Балқан математика олимпиадасында (BMO-2026) қола жүлдегер атанды. BMO – аймақтағы ең…
FIZMAT STEM Lab: English Edition жазғы мектебіне жазылыіыз!
Құрметті достар! Сіздерді FIZMAT STEM Lab: English Edition жазғы мектебіне қатысуға шақырамыз! Қатысу шарттары: Ағылшын тілі бойынша онлайн тест тапсырыңыз. Нәтиже 50% және одан жоғары…
Хабарландыру
Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына оқуға түсу үшін білім беру грантын алу мақсатындағы конкурстық іріктеу емтиханы 2026 жылғы 25 сәуір күні Қазақстанның аталған қалаларында…
Қабылдау емтиханы туралы ақпарат
Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына оқуға түсу үшін білім беру грантын алу мақсатындағы конкурстық іріктеу емтиханы 2026 жылғы 25 сәуірде өтеді. Тіркелу және емтихан…
Қазақстан математиктерінің Тұңғыш конгресі өтті
Қазақстан математиктерінің Тұңғыш конгресі өтті! Шымкент қаласы еліміздің ең үздік математиктері мен ғалымдарының басын қосқан ғылым орталығына айналды. Бұл ауқымды шара — отандық…