Fizmat Elemetary Math Olympiad Almaty
Алматы қ. математика пәнінен 1-4 сынып оқушыларына арналған «Fizmat Elementary Math Olympiad (FEMO)» олимпиадасына қатысу ережесі
Құрметті Олимпиада сүйер қауым! Алматы қаласында алғаш рет бастауыш сыныптардың оқушыларына арналған математика пәні бойынша дәстүрге айналып кеткен «FEMO» олимпиадасы өткізіледі.
Олимпиаданы ұйымдастырушы: «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ.
Олимпиаданың басты мақсаты: математика пәніне деген қызығушылықты арттыру; балалардың өз бетімен білім алу ниеті мен икемділігін дамыту және оны тәжірибе жүзінде қолдана білу; деңгейі күрделі стандартты емес сипаттағы тапсырмаларды дұрыс қабылдау; таныс емес жағдайда жұмыс жасауда психологиялық жүктемені жеңу.
Тіркелу www.olympiads.fizmat.kz сілтемесі арқылы 2019 жылдың 24 қаңтарынан бастап 31 қаңтарына сағат 10.00 (жергілікті уақыт) дейін жүргізіледі.
Олимпиада өтетін күн: 2019 жылдың 3 ақпаны.
Басталу уақыты: сағат 9.00 (1-2 сыныптар); сағат 11.00 (3-4 сыныптар).
Ұзақтығы: 60 мин.
Есеп саны: 10.
Олимпиада тілдері: қазақ немесе орыс (таңдау бойынша).
Өтетін орны: Алматы қ., Бұхар жырау бульвары 36, Байзақов көшесінің қиылысы (РФММ ғимараты)
Қатысу бағасы: тегін
Қандай да бір себептермен олимпиадаға тіркелмеген оқушылар оған ҚАТЫСА АЛМАЙДЫ.
Олимпиаданың ұйымдастырушылық комитеті тіркеуді аяқтау мерзімін өзгерту құқығын өзіне қалдырады.
Нәтижелер дербес есепке алынады және 14 ақпанда тіркеу кезінде көрсетілген жеке электрондық пошта мекенжайына жіберіледі.
Қатысушылар өзімен бірге келесі керек-жарақтарды алып келу керек: кеңсе жабдықтарын, 12 беттік тор көз дәптер, қажет болса шағын тамақ.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер олимпиаданың тапсырмаларын орындау кезінде жинаған ұпай сомасы бойынша анықталады. 2019 жылдың 16 ақпанында олимпиадаға табысты қатысқандығы үшін дипломдар мен грамоталар мұғалімдерге беріледі. Толығырақ ақпарат алу үшін femo@fizmat.kz электронды мекенжайына жазыңыз.
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалына жаңа директор тағайындалды
Республикалық физика-математика мектебінің Алматы филиалының директоры болып «Математика» мамандығы бойынша PhD докторы Алмаз Мұхамбетұлы Кунгожин тағайындалды. Мейірбек Мейірлан Едігерұлы директор қызметіндегі жұмысын аяқтады….
Хабарландыру
Республикалық физика-математика мектебінде қажетті санитариялық-профилактикалық және залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Анықталған ескертулерді жою бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр. Аталған жағдайға байланысты санитариялық-эпидемиологиялық тергеп-тексеру жалғасуда….
FAIO 2026 халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды
Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ ұйымдастыруымен SDU University базасында өткен FAIO 2026 (Fizmat AI Olympiad) халықаралық жасанды интеллект және машиналық оқыту олимпиадасы өз мәресіне…
Қазақстанда 15 елдің оқушылары жасанды интеллект бойынша FAIO 2026 олимпиадасында бақ сынауда
Алматы, 2026 жылғы 26 қазан. Қаскелең қаласындағы SDU University базасында жасанды интеллект және машиналық оқыту бойынша FAIO 2026 мектеп олимпиадасының финалдық кезеңі басталды….
РФММ оқушысы SAT емтиханынан ең жоғары 1600 балл жинады
Республикалық физика-математика мектебінің 11-сынып оқушысы Ырысдәулет Баймұханбетов халықаралық SAT емтиханынан мүмкін болған 1600 балдың барлығын жинады. Бұл – үздік нәтиже, өйткені емтиханға қатысушылардың…
Үміткерлер назарына: Қабылдау емтиханы келесі аптаға ауыстырылды
Құрметті үміткерлер! 2026 жылғы 17 қазанға жоспарланған қабылдау емтиханының ұйымдастырушылық себептерге байланысты келесі аптаға ауыстырылғанын хабарлаймыз. Емтиханның нақты өткізілетін күні мен уақыты туралы…
Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалы уақытша қашықтықтан оқуға жіберілді.
2026 жылғы 12–13 қазан аралығында Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының оқушылары арасында жедел ішек инфекциясының белгілері тіркелді. 2026…
FAIO FIZMAT AI OLYMPIAD
FAIO 2026: халықаралық олимпиадаға тіркелу ашылды Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі оқушыларды First Almaty AI Olympiad (FAIO) 2026 халықаралық командалық олимпиадасына қатысуға шақырады….
Жаңа кеңістік, жаңа мүмкіндік
Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі филиалының 1972 жылы салынған тарихи ғимараты толық қайта жаңғыртудан өтті. Бұл — мектептің 54 жылдық тарихындағы ғимаратты ауқымды…
РФММ оқушысы Батырхан Бейганов Ақордадағы кездесуге қатысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық пән олимпиадаларында жоғары нәтиже көрсеткен қазақстандық оқушылар мен студенттерді қабылдады. Кездесуге Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы Батырхан Бейганов та…