Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі Алматы қ. филиалы
30
Nov
17

EUROPEAN MATHEMATICAL CUP 2017 (16 ЖЕЛТОҚСАН 2017 ЖЫЛ)



European Mathematical Cup (қысқаша: EMC) Хорватияның жас дарынды математиктерінің қауымдастығы ұйымдастырған оқушыларға арналған халықаралық олимпиада болып табылады. Осы жылы ол әлем бойынша 5 рет және Қазақстан аумағында екінші рет өткізіліп отыр.

Сайыс аяқталғаннан кейін және алдын ала тексеруден кейін (2-3 күн) ұйымдастырушылар әрбір лиганың ең үздік 12 оқушының нәтижелерін соңғы тексеріс үшін Загреб қаласына жібереді. Жұмыстарды соңғы тексергеннен кейін бүкіл әлем бойынша үздік оқушылар медальдарды және дипломдарды алады.

Байқау келесі екі категорияға бөлінеді: юниорлар (сайыстар күніне 17 жасқа толмаған оқушылар және республикалық оқушылар олимпиадасына қатыспағандар) және сеньорлар (басқа жоғары сынып оқушылары). Юниор ретінде байқауға қатысу критерийлеріне жауап беретін оқушы сеньор ретінде байқауға қатысуды таңдай алады.

Сайыстың болжамды басталу уақыты: таңғы сағат 10.00. Екі категория үшін есептерді шешудің ұзақтығы 4 сағатты құрайды. Осы уақыт ішінде оқушылар 4 есепті шешеді, келесі салалар бойынша бір есептен: алгебра, комбинаторика, геометрия және сандар теориясы. Қажетті білімі жағынан жоғары санат есептері IMO (халықаралық математикалық олимпиада) есептеріне сәйкес келеді, ал кіші санат есептері Юниорлық Балкан математикалық олимпиадасының есептеріне ұқсас келеді.

Осы жылы олимпиаданың ресми ұйымдастырушысы Scienceworld.kz. болып табылады. Олимпиада Қазақстан-Британ техникалық университетінің (Алматы қ.) қабырғаларында, сондай-ақ Семей қ. НЗМ 16 желтоқсанда өтетін болады. Нақты уақыты және дәрісханалар кейін жарияланатын болады. Олимпиаданың қатысушысы болу үшін https://goo.gl/uYVXgn сілтемесі бойынша тіркеуден өту керек немесе info@scienceworld.kz электронды поштаға сілтеме бойынша тіркеу үлгісінен барлық тармақтарды көрсетумен хатты жолдау қажет.

EMC 2016 жеңімпаздарының халықаралық дипломдары https://drive.google.com/drive/folders/ сілтемесі бойынша қол жетімді.

Ақпарат көзі: scienceworld.kz

Айдарлар

    Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:

    10
    Jun
    26

    8-сыныпқа арналған конкурстық іріктеу өтті

    Бүгін Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ филиалының 8-сыныбына мемлекеттік білім беру грантын тағайындауға арналған конкурстық іріктеу өтті. Қабылдау емтиханы РФММ-ның Алматы, Астана…

      10
      Jun
      26

      Қазақстан құрамасы әл-Хорезми олимпиадасында 100% нәтиже көрсетіп, 8 медаль жеңіп алды

      Өзбекстанның Ташкент қаласында математика және информатика пәндерінен өткен әл-Хорезми халықаралық олимпиадасы (KhMIO) мәресіне жетті. Әлемнің 10 елінен келген дарынды оқушылар бақ сынаған бұл…

        08
        Jun
        26

        ХАБАРЛАНДЫРУ!

        Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ филиалының 8-сыныбына білім беру грантына үміткерлерді конкурстық іріктеу 2026 жылғы 10 маусымда өтеді. Конкурстық комиссия белгілеген тәртіпке сәйкес…

          18
          May
          26

          7-сыныптарға арналған конкурстық іріктеу нәтижесі туралы ақпарат

          2026 жылғы 25 сәуірде «РФММ» КеАҚ-тың Астана және Алматы қалаларындағы филиалдарының 7-сыныптарына мемлекеттік білім беру гранты негізінде оқушыларды қабылдау бойынша конкурстық іріктеу өткізілді….

            16
            May
            26

            7-сыныптарға арналған білім беру гранты бойынша «РФММ» КеАҚ филиалдарына конкурстық іріктеу туралы ақпарат

            2026 жылғы 25 сәуірде «РФММ» КеАҚ-тың Астана және Алматы қалаларындағы филиалдарының 7-сыныптарына білім беру гранты негізінде оқушыларды қабылдау бойынша конкурстық іріктеу өткізілді. Конкурстық…

              12
              May
              26

              РФММ оқушысы Батырхан Бейганов Балқан математика олимпиадасының қола жүлдегері атанды

              Алматы қаласы РФММ оқушысы Батырхан Бейганов Грекияның Салоники қаласында өткен 43-ші Халықаралық Балқан математика олимпиадасында (BMO-2026) қола жүлдегер атанды. BMO – аймақтағы ең…

                05
                May
                26

                FIZMAT STEM Lab: English Edition жазғы мектебіне жазылыіыз!

                Құрметті достар! Сіздерді FIZMAT STEM Lab: English Edition жазғы мектебіне қатысуға шақырамыз! Қатысу шарттары: Ағылшын тілі бойынша онлайн тест тапсырыңыз. Нәтиже 50% және одан жоғары…

                  24
                  Apr
                  26

                  Хабарландыру

                  Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына оқуға түсу үшін білім беру грантын алу мақсатындағы конкурстық іріктеу емтиханы 2026 жылғы 25 сәуір күні Қазақстанның аталған қалаларында…

                    23
                    Apr
                    26

                    Қабылдау емтиханы туралы ақпарат

                    Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына оқуға түсу үшін білім беру грантын алу мақсатындағы конкурстық іріктеу емтиханы 2026 жылғы 25 сәуірде өтеді. Тіркелу және емтихан…

                      04
                      Apr
                      26

                      Қазақстан математиктерінің Тұңғыш конгресі өтті

                      Қазақстан математиктерінің Тұңғыш конгресі өтті! Шымкент қаласы еліміздің ең үздік математиктері мен ғалымдарының басын қосқан ғылым орталығына айналды. Бұл ауқымды шара — отандық…