CPFED CodeGirls бағдарламалау олимпиадасының қорытынды кезеңінің нәтижелері
CPFED CodeGirls бағдарламалау олимпиадасының қорытынды кезеңінің нәтижелері
2026 жылғы 1 наурызда Astana IT University базасында қыздар арасындағы спорттық бағдарламалау бойынша республикалық CPFED CodeGirls олимпиадасының финалдық кезеңі өтті.
Олимпиаданы Қазақстанның спорттық бағдарламалау федерациясы Astana Hub және Freedom Holding Corp серіктестерінің қолдауымен ұйымдастырды. Финалға еліміздің әр өңірінен іріктеу кезеңінен сәтті өткен 40 үздік мектеп оқушысы қатысты.
CPFED CodeGirls — қыздар арасындағы информатикадан Еуропалық олимпиадаға (EGOI 2026, Италия) қатысатын Қазақстан құрамасын қалыптастыруға арналған ұлттық іріктеу турнирі. Финал қорытындысы бойынша 12 үздік қатысушы оқу-жаттығу жиындарына шақырылып, сол жерде 4 оқушыдан тұратын ұлттық құраманың соңғы құрамы анықталады.
Республикалық физика-математика мектебінің оқушылары жоғары нәтижелер көрсетіп, барлық жүлделі орындарды иеленді:
Алтын медаль — 1
Күміс медаль — 1
Қола медаль — 1
Айта кету керек, жүлдегерлердің екеуі CodeGirls 2024 олимпиадасының да жүлдегерлері болып, дайындық деңгейінің тұрақты түрде жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Оқушыларымызды жоғары нәтижелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Оқу-жаттығу жиындарынан сәтті өтіп, халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғауына тілектеспіз.
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
Астанада АТМО және «Жібек жолы» халықаралық олимпиадалары өтті
Астана қаласында халықаралық математикалық олимпиадалар — XXXVIII Азия–Тынық мұхиты математикалық олимпиадасы (АТМО) және «Жібек жолы» халықаралық математикалық олимпиадасы өтті. АТМО қорытындысы бойынша Республикалық…
«Математикалық регата — 2026»: РФММ командасы I орын иеленді
2026 жылы өткен «Математикалық регата» республикалық олимпиадасының қорытындысы бойынша «РФММ» командасы үздік нәтиже көрсетіп, I орынды иеленді. Аталған беделді білім додасына «Республикалық физика-математика…
Алматы РФММ тренері бағдарламалаудан халықаралық чемпионаттың жүлдегері атанды
Алматы қаласындағы РФММ-нің информатика пәні бойынша жаттықтырушысы Қуанышбай Айбар спорттық бағдарламалау бойынша Central Asia Programming Championship 2026 халықаралық чемпионатында II орын иеленді. Жарыс…
Леонард Эйлер атындағы XVIII олимпиаданың қорытындысы бойынша Алматы қаласындағы РФМШ оқушылары жоғары нәтиже көрсетті
Леонард Эйлер атындағы XVIII олимпиаданың қорытындысы бойынша Алматы қаласындағы РФМШ оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, 1 күміс медаль, 3 қола медаль және 4 мақтау…
«Білім – инновация» лицейлерінде республикалық олимпиада өтті
2026 жылғы 21–25 наурыз аралығында Астана қаласы Білім басқармасының мамандандырылған «Білім – инновация» лицейлері базасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы биология және физика пәндері бойынша Республикалық…
KzYPT 2026 — Қазақстанның Ұлттық іріктеуі
Құрметті оқушылар мен ата-аналар! Сіздерді Жас физиктердің халықаралық турниріне (IYPT) 2026 Қазақстанның Ұлттық іріктеуіне қатысуға шақырамыз! Бұл — физика саласындағы білімдеріңізді көрсетіп, Швейцариядағы…
Халықаралық астрономия және астрофизика олимпиадасы
Құрметті РФММ оқушылары! Қазақстан Республикасының Халықаралық астрономия және астрофизика олимпиадасы (IOAA) құрамасының резервіне іріктеу жарияланады. Іріктеуге физика, математика және астрономия пәндері бойынша жоғары…
Қостанайда республикалық пәндік олимпиада мәресіне жетті
19–24 наурыз аралығында Қостанай қаласында 9–11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Бұл – еліміздің барлық өңірінен 310 дарынды оқушыны біріктірген…
Жас математика мұғалімдерінің шығармашылық конкурсы қорытындыланды
2026 жылғы 23 наурызда Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» орталығы, Қазақстан математика мұғалімдері қауымдастығы (QMMQ) және Beta High School бірлесіп ұйымдастырған 30…
Астанада 9–11 сынып оқушыларының республикалық зияткерлік додасы өтті
2–6 наурыз аралығында Астана қаласында 9–11 сынып оқушылары арасында экономика және қаржы пәндері бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Республикалық физика-математика мектебінің оқушылары…