Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі Алматы қ. филиалы
01
Mar
25

Білім мен тәрбиенің қара шаңырағы – РФММ



Жарты ғасырдан астам тарихы бар Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі – білімнің қара шаңырағы. Алғашқы ұстаздық жолымды 1988 жылы осы білім ордасында бастап, күні бүгінге дейін алтын ұя мектебімде қызмет етіп келемін. Сондықтан білім мен тәрбиенің қара шаңырағы аталған, талай атақты тұлғаларды тәрбиелеп, білім нәрімен сусындандырған физмат мектебі – мені де ұстаздық өмірдің ыстығы мен суығына шыңдап, баулыған, тәрбиелеген  қасиетті, киелі оқу орны.

Ұстаздық еңбек жолымда мен де талай түлектерді оқытып, тәрбиелеп, үлкен өмір жолына  қанат қақтырдым. Маған осындай дәрежеге жетуіме қолдау көрсеткен , әрине, ол – « бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған» біздің ұжым, біздің мектептің әкімшілігі.

Қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берумен қоса,  сынып жетекші де болдым. Алғашқы сынып жетекші болған 11 «Е» сыныбының мектеп бітіргендеріне де биыл 32 жыл болады. Биылғы оқу жылында ұстаздық жолымдағы он бірінші рет сынып жетекшілік етуге бұйырған  – 7 «А» сыныбы болды.

Біздің мектеп әрқашан   тәрбие мен оқытуды қатар алып жүрді, өйткені  тәрбие мен оқыту өзара тығыз байланысты, бір – бірінен бөліп алуға болмайтын біртұтас процесс.  Осы үрдістің үздіксіз жалғасуын қамтамасыз еткен  мектеп директоры М.Е.Меирбек, оқу ісі жөніндегі директордың орынбасарлары Н.Т.Кабулова, Б.Е.Токтасбаев, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Л.К.Жасыбаева, Қ.М. Тәукебаев, интернат меңгерушісі Е.О.Калдыбаев.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі әзірлеген «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» –ұлттық, адами құндылықтарға  негізделген. Өскелең жас ұрпақты рухани-адамгершілік қасиетке баулу, тәрбиелеу–барлық кезеңде өзекті.  Ұлттық құндылықтармен сусындап өскен ұрпақ ұлағатты болмақ. Өйткені тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры.

Арыға бармай-ақ осы биылғы оқу жылындағы, яғни, 7 «А» сыныбымен осы бағдарлама аясында қандай іс-шаралар жүргіздік деген мәселеге тоқталсам деп едім. Менің сыныбымда 31 оқушы бар, оның ішінде 12 оқушы қаладан қатынаса,  19 оқушы интернат тәрбиеленушілері.  Бұл оқушылар қала, интернат деп бөлінбей, бір үйдің баласындай тәрбиеленіп келеді. Интернат тәрбиеленушілеріне тәрбиеші Коргасбекова Айман Нуракыновна жауапты. Ол кісі балаларға алыстағы ата-аналарын жоқтатпай, аналық махаббатын аямай, жан-тәнімен қызмет етеді.

Осы оқу жылында мектеп – сынып жетекші – тәрбиеші -ата-ана болып, мектеп ұйымдастырған «Балықты бұлақ» демалыс орнына балалармен бірге  салауатты өмір салтын насихаттап, табиғат аясына демалуға бардық. Мәселен, тимбилдинг, «Медеу» . Мұндай іс-шараға басқа қалада тұратын ата-аналар да  келеді. Сондықтан үлкендердің өзара бірлесе жұмыс жасағанын көрген сынып оқушылары да бір-бірімен тату, достық қарым-қатынастары жақсы дамыған  деп айтуға болады.

Біздің мектепте «Мектеп – оқушы – ата-ана » деген үштағандық бағдарлама жүзеге асып жатыр десек, артық айтқандық емес. Ата-аналармен ынтымақтастыққа жұмыс жасаймыз,  олар мектеп өміріндегі, сыныптағы іс-шараларға да белсене атсалысып, өздерінің балалаларына үлгі бола отырып, оларды бірлікке, еңбекқорлыққа тәрбиелейді. Атап айтсақ, мектепте өткен «Жұлдызды трио» байқауына сынып жетекші, оқушы Нұрислам, ата-ана Айгерім Саркытбаева қатысып, 2-орын алдық.

«Шабыт» жобасы бойынша сынып оқушылары: Нұрасыл, Аңсар, Ахмет Дастан, Амирлан мектептің домбыра оркестріне қатысады. Сондай-ақ  Мектептің Гимнін айту байқауынан 1-орын алдық.

Мектепте ұлттық құндылықтарды дәріптеу үшін  педагогтер, білім алушылар дүйсенбі күні  ұлттық киіммен келу дәстүрге айналды.

«Еңбегі адал – жас өрен» жобасы бойынша мектеп әкімшілігі ұйымдас- тырған «Күзгі асар» жәрмеңкесіне де сыныбым, ата-аналарым белсене атсалысты. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, мұғалім- оқушы- ата-ана бірлесе жұмыс атқарса, алынбайтын қамал жоқ. Бұл жұмыс әрі қарай жалғасын таба бермек.

Сыныбымда Ералы Нұрислам Ғафизұлы «Зерде» республикалық жобалар жарысында « БАҚ пен жарнама мәтіндерінде: лингвистикалық нормалардың сақталу мәселесі» тақырыбында ғылыми жоба қорғап, Алтын медаль иегері атанып, 1-орын алды. Бұл да біздің мектептің оқыту мен тәрбиені қатар алып жүретіндігінің дәлелі десе болады.

Қорыта келе айтарым, «Ел болам десең, бесігіңді түзе» демекші, ел ертеңі болар бүгінгі балалар мен ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор жасөспірімдерді, жасампаз және адал, саналы азаматты тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты талабы.

 

Сагадиева Майра Сатьжановна

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

7 «А» сыныбының сынып жетекшісі

Айдарлар

    Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:

    09
    Dec
    25

    Байқау тесті басталды!

    Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына түсуді жоспарлап жүрген барлық оқушылар үшін байқау тестінің алғашқы нұсқасы жарияланды. Байқау тесті барлық оқушылар үшін қолжетімді. Тест онлайн…

      08
      Dec
      25

      VIII Халықаралық ашық шығармашылық IMPACT Olympiad байқауы

      ✨Құрметті достар!✨ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Республикалық физика-математика мектебі» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы математика, физика және информатика пәндері бойынша дарынды, шығармашыл ұстаздар…

        07
        Dec
        25

        VIII Fizmat Elementary Math Olympiad (FEMO) халықаралық олимпиадасының қысқы кезеңі

        FEMO (Fizmat Elementary Math Olympiad) — Республикалық физика-математика мектебі мен Астана қаласындағы Fizmat Academy жүзеге асырып отырған авторлық халықаралық білім жобасы. Биыл бұл…

          05
          Dec
          25

          Жүлдегерлерді марапаттау

          Жүлдегерлерді марапаттау: 6 желтоқсан сағат 11:00. Өтетін орны: РФММ мәжіліс залы. Үйлестіру: 5 желтоқсан (онлайн) 17:00-20:00. Геометрия https://meet.google.com/tdf-kbzz-fid Физика https://meet.google.com/gkx-fcjs-dtb Информатика https://meet.google.com/tpx-bmhy-mqm

            04
            Dec
            25

            XXVI Ашық Қалалық Жәутіков олимпиадасының іріктеу кезеңі!

            2025 жылдың 20 желтоқсанында төмендегі пәндер бойынша оқушыларға арналған онлайн-іріктеу өтеді: Математика (6–8 сынып) Физика (7–8 сынып) Информатика (6–8 сынып) Олимпиаданың мақсаты: талантты…

              28
              Nov
              25

              Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р

               Республикалық физика-математика мектебі 2026–2027 оқу жылына оқушыларды 7-сыныптарға қабылдауға арналған конкурстық іріктеу бойынша маңызды мерзімдердің бекітілгенін хабарлайды.  6-сынып оқушыларына арналған қабылдау емтиханына онлайн тіркелу 2026…

                28
                Nov
                25

                Президент қазақстандық әлем чемпиондары — шахматшылармен кездесті

                Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жас шахмат чемпиондарымен кездесіп, олардың Қазақстанның халықаралық аренадағы спорттық беделін арттырудағы рөлін ерекше атап өтті. Кездесуге қатысқандардың қатарында — 16…

                  19
                  Nov
                  25

                  Ақназар Қажымұрат атындағы IV қалалық пәндік олимпиада өз мәресіне жетті!

                  Ақназар Қажымұрат атындағы IV қалалық пәндік олимпиада өз мәресіне жетті! Алматы қаласы Республикалық физика-математика мектебінің оқушылары жоғары нәтижеге қол жеткізді. Информатика 1 орын
•…

                    19
                    Nov
                    25

                    Результаты Қазақстан Білім Олимпиадасы 2025

                    Қазақстан Білім Олимпиадасы (КБО) — ежегодное интеллектуальное соревнование для учащихся 10–11 классов по естественно-математическому направлению: математика, физика, химия, биология, география и информатика. В…

                      17
                      Nov
                      25

                      Оксфордта оқыған РФММ мұғалімдері — жаңа белестерде!

                      2024–2029 жылдарға арналған «РФММ даму Стратегиясын» жүзеге асыру аясында және ұстаздардың біліктілігін арттыру мақсатында Алматы, Астана және Орал қалаларының мұғалімдері Oxford International Study…