Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі Алматы қ. филиалы
29
Jan
19

Азия-Тынық мұхит математикалық олимпиадасы және «Жібек жолы» халықаралық математикалық олимпиадасы



2019 жылдың 11-12 наурызында Алматы қаласында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Механика-математика факультетінің негізінде қашықтан өтетін келесі халықаралық олимпиадалар өткізіледі: Азия-Тынық мұхит математикалық олимпиадасы (бұдан әрі – АТММО) және «Жібек жолы» халықаралық математикалық олимпиадасы (бұдан әрі – ЖЖХМО). Аталған зияткерлік олимпиадаларды өткізудің басты мақсаты – математика ғылымдары саласында дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау үшін жағдай жасау, сондай-ақ қатысушы елдер арасында халықаралық білім беру және ғылыми байланыстарды дамыту.

АТММО-ға бірден отыздан астам ел қатысады: Аргентина, Австралия, Ресей, АҚШ, Канада, Индонезия, Жапония, Қазақстан, Корея, Қырғызстан, Малайзия, Мексика және басқалары.

ЖЖХМО-ға Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан келесі елдер қатысады: Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан, Түркия, Әзербайжан, Қытай, Тәжікстан және басқалары.

Олимпиадаларға қатысуға тек математика пәнінен республикалық олимпиаданың 3 кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері жіберіледі.

Айдарлар

    Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:

    09
    Nov
    26

    Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалына жаңа директор тағайындалды

    Республикалық физика-математика мектебінің Алматы филиалының директоры болып «Математика» мамандығы бойынша PhD докторы Алмаз Мұхамбетұлы Кунгожин тағайындалды. Мейірбек Мейірлан Едігерұлы директор қызметіндегі жұмысын аяқтады….

      30
      Oct
      26

      Хабарландыру

      Республикалық физика-математика мектебінде қажетті санитариялық-профилактикалық және залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Анықталған ескертулерді жою бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр. Аталған жағдайға байланысты санитариялық-эпидемиологиялық тергеп-тексеру жалғасуда….

        30
        Oct
        26

        FAIO 2026 халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды

        Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ ұйымдастыруымен SDU University базасында өткен FAIO 2026 (Fizmat AI Olympiad) халықаралық жасанды интеллект және машиналық оқыту олимпиадасы өз мәресіне…

          27
          Oct
          26

          Қазақстанда 15 елдің оқушылары жасанды интеллект бойынша FAIO 2026 олимпиадасында бақ сынауда

          Алматы, 2026 жылғы 26 қазан. Қаскелең қаласындағы SDU University базасында жасанды интеллект және машиналық оқыту бойынша FAIO 2026 мектеп олимпиадасының финалдық кезеңі басталды….

            27
            Oct
            26

            РФММ оқушысы SAT емтиханынан ең жоғары 1600 балл жинады

            Республикалық физика-математика мектебінің 11-сынып оқушысы Ырысдәулет Баймұханбетов халықаралық SAT емтиханынан мүмкін болған 1600 балдың барлығын жинады. Бұл – үздік нәтиже, өйткені емтиханға қатысушылардың…

              15
              Oct
              26

              Үміткерлер назарына: Қабылдау емтиханы келесі аптаға ауыстырылды

              Құрметті үміткерлер! 2026 жылғы 17 қазанға жоспарланған қабылдау емтиханының ұйымдастырушылық себептерге байланысты келесі аптаға ауыстырылғанын хабарлаймыз. Емтиханның нақты өткізілетін күні мен уақыты туралы…

                14
                Oct
                26

                Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалы уақытша қашықтықтан оқуға жіберілді. ​

                2026 жылғы 12–13 қазан аралығында Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының оқушылары арасында жедел ішек инфекциясының белгілері тіркелді. 2026…

                  18
                  Sep
                  26

                  FAIO FIZMAT AI OLYMPIAD

                  FAIO 2026: халықаралық олимпиадаға тіркелу ашылды Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі оқушыларды First Almaty AI Olympiad (FAIO) 2026 халықаралық командалық олимпиадасына қатысуға шақырады….

                    29
                    Aug
                    26

                    Жаңа кеңістік, жаңа мүмкіндік

                    Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі филиалының 1972 жылы салынған тарихи ғимараты толық қайта жаңғыртудан өтті. Бұл — мектептің 54 жылдық тарихындағы ғимаратты ауқымды…

                      24
                      Aug
                      26

                      РФММ оқушысы Батырхан Бейганов Ақордадағы кездесуге қатысты

                      Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық пән олимпиадаларында жоғары нәтиже көрсеткен қазақстандық оқушылар мен студенттерді қабылдады. Кездесуге Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы Батырхан Бейганов та…