Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі Алматы қ. филиалы
02
Oct
24

ALMATY JUNIOR OLYMPIAD IN INFORMATICS



Almaty Junior Olympiad in Informatics программалау пәні бойынша мектеп оқушыларына арналған (7-9 сыныптар) бірінші олимпиада Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы базасында өтеді. Олимпиаданың негізгі міндеттері – мектеп оқушыларының программалау бойынша білім деңгейін арттыру және мектеп оқушыларын программалау олимпиадаларына дайындау сапасын жақсарту, сондай-ақ дарынды балаларды қолдау.

Олимпиада екі кезеңде өтеді:

  1. Іріктеу кезеңі — бір тур 2024 жылғы 12 қазанда (прокторинг жүйесімен онлайн форматта). Іріктеу турына қатысу МІНДЕТТІ!. Іріктеу турынан кейін финалдық оффлайн кезеңге өткен қатысушылар тізімі жарияланады. Нәтижелер https://ajoi.kz/ сайтында жарияланады. Әрбір қатысушы академиялық адалдықты тексеру мақсатында прокторинг жүйесінде өз микрофоны мен экранына қолжетімділікті қамтамасыз етуі қажет. Нұсқаулық электрондық пошта арқылы жіберіледі (Тіркелу кезінде мұқият болыңыз!). Іріктеу турына тіркелу 2024 жылғы 30 қыркүйектен 10 қазанға дейін (18:00-ге дейін) http://ajoi.kz/form сілтемесі бойынша жүргізіледі. Егер сіз тіркелген болсаңыз және 11 қазанға дейін 18:00 (GMT+5) нұсқаулық алмаған болсаңыз, алдымен СПАМ қалтасын тексеріңіз, содан кейін осы мәселе бойынша info@ajoi.kz электрондық поштасына жазыңыз.
  2. Қорытынды кезең 2024 жылғы 19-20 қазанда Алматы қаласында Республикалық физика-математика мектебі филиалдарының базасында өтеді: Алматы қ., Бухар Жырау бульвары 36.

Олимпиада бағдарламасы:

Іріктеу кезеңі (онлайн)
Күні: 2024 жылғы 12 қазан
Уақыты: 16:00-19:00

Талаптар: Олимпиада кезінде прокторинг үшін  интернетке қосылған компьютер, веб-камера болуы керек.

Іріктеу кезеңінің нәтижелері бойынша Қорытынды кезеңге қатысушылар анықталады.

Қорытынды кезең (оффлайн)
1 тур: 2024 жылғы 19 қазан 10:00-13:00
2 тур: 2024 жылғы 20 қазан 10:00-13:00
Жабылу рәсімі: 2024 жылғы 20 қазан 14:00-15:00

Қорытынды кезеңнің екі турының тапсырмаларын орындау нәтижесінде жиналған ұпайлардың жиынтығы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады. Олимпиадада ең жоғары нәтиже көрсеткен қатысушылар I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталады.

Барлық сұрақтар бойынша info@ajoi.kz электрондық поштасына хабарласыңыз.

Айдарлар

    Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:

    05
    Feb
    26

    7-сыныптың конкурстық емтиханына тіркелу басталды!

    Құрметті үміткерлер! Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) 7-сыныбына қабылдау конкурстық іріктеу емтиханы арқылы жүзеге асырылады. Емтиханға тіркелу тәртібі https://admissions.fizmat.kz/ сайтына кіріңіз «Қалай түсуге болады?»…

      04
      Feb
      26

      РФММ-нің оқушылары мен ұстаздары «Шал» фильмін тамашалады

      РФММ-нің жоғары сынып оқушылары, мұғалімдері және бірқатар ата-аналар Алматы қаласында өткен «Шал» қазақ көркем фильмінің арнайы көрсетіліміне қатысып, мазмұны терең, тағылымы мол кездесуге…

        04
        Feb
        26

        Young Researchers Tournament

        2026 жылғы 7–8 ақпан күндері Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі базасында Young Researchers Tournament (YRT) — Жас зерттеушілер турнирі өтеді. YRT — оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметін, эксперименттік ізденісін және…

          03
          Feb
          26

          Республикалық физика-математика мектебіне Shanghai Jiao Tong University университетінің өкілдері келді.

          Республикалық физика-математика мектебіне Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарының бірі — Shanghai Jiao Tong University университетінің өкілдері келді. Мектеп басшылығымен өткен кездесуде алдағы ынтымақтастықтың…

            02
            Feb
            26

            «Зерде» республикалық конкурсында Орынғали Батыржан II орын иеленді

            28–31 қаңтар күндері Щучинск қаласында «Зерде» XXI Республикалық ғылыми-зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсының қорытынды кезеңі өтті. Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 7-сынып…

              31
              Jan
              26

              Ұлттық қор – балаларға: болашаққа инвестиция

              Мемлекет басшысының тапсырмасы іске асырылуда – балаларға жыл сайынғы есептеу жүргізілді ✅ «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында тұрғын үй мен білімге 31,6…

                30
                Jan
                26

                ҚЖО 2026 іріктеу кезеңінің нәтижелері

                Құрметті ҚЖО қатысушылары! Нәтижелер: Математика 6 класс математика результаты ГЖО 2026 Математика 7 класс математика результаты ГЖО 2026 Математика 8 класс математика результаты ГЖО 2026  …

                  15
                  Jan
                  26

                  XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы – 2026

                  Алматы қаласында математика, физика және информатика пәндері бойынша XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. Халықаралық зияткерлік додаға әлемнің 16 елінен 612 оқушы мен 122…

                    14
                    Jan
                    26

                    FIZMAT Education Fair – 2026

                    Алматы қаласында XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы аясында FIZMAT Education Fair – 2026 білім беру көрмесі өтті. Іс-шараға 25 жоғары оқу орны мен білім…

                      10
                      Jan
                      26

                      Алматыда Жәутіков олимпиадасы қатысушыларын салтанатты қарсы алу

                      Алматы қаласында математика, физика және информатика пәндері бойынша XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасына келген халықаралық командалар мен қатысушыларды Қазақстанның ұлттық өнері мен қонақжай дәстүріне…