Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі – еліміздегі ең үздік олимпиадалық мектеп атанды.
2024–2025 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңінде Алматы Республикалық физика-математика мектебі (Алматы РФММ) 76 ұпаймен республикалық рейтингте 1-орын иеленді.
Олимпиада нәтижесі бойынша мектебіміздің оқушылары:
– 9 алтын,
– 16 күміс,
– 17 қола медаль жеңіп алып, барлығы 42 жүлде еншіледі.
Бұл жетістік – оқушылардың табандылығы мен ізденісі, ұстаздардың кәсіби шеберлігі мен бағыт-бағдарының айқын жемісі.
Аталған рейтинг еліміздің олимпиадалық әлеуетін арттыру, дарынды оқушыларды және оларды дайындаған педагогтерді ынталандыру мақсатында әзірленді.
Республикалық кезең еліміздің 7 өңірінде өтті. Жалпы саны 600-ге жуық мектептен 1670 оқушы қатысқан бұл білім додасында мектебіміз биік белесті бағындырып, абырой биігінен көрінді.
Бұл көрсеткіш – ғылымға құштар жас ұрпақтың, еліміздің интеллектуалдық әлеуетін дамытуға сүбелі үлес қосып жүрген білім ордасының жемісті еңбегі.
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
Қазақстанда 15 елдің оқушылары жасанды интеллект бойынша FAIO 2026 олимпиадасында бақ сынауда
Алматы, 2026 жылғы 26 қазан. Қаскелең қаласындағы SDU University базасында жасанды интеллект және машиналық оқыту бойынша FAIO 2026 мектеп олимпиадасының финалдық кезеңі басталды….
Үміткерлер назарына: Қабылдау емтиханы келесі аптаға ауыстырылды
Құрметті үміткерлер! 2026 жылғы 17 қазанға жоспарланған қабылдау емтиханының ұйымдастырушылық себептерге байланысты келесі аптаға ауыстырылғанын хабарлаймыз. Емтиханның нақты өткізілетін күні мен уақыты туралы…
Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалы уақытша қашықтықтан оқуға жіберілді.
2026 жылғы 12–13 қазан аралығында Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының оқушылары арасында жедел ішек инфекциясының белгілері тіркелді. 2026…
FAIO FIZMAT AI OLYMPIAD
FAIO 2026: халықаралық олимпиадаға тіркелу ашылды Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі оқушыларды First Almaty AI Olympiad (FAIO) 2026 халықаралық командалық олимпиадасына қатысуға шақырады….
Жаңа кеңістік, жаңа мүмкіндік
Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі филиалының 1972 жылы салынған тарихи ғимараты толық қайта жаңғыртудан өтті. Бұл — мектептің 54 жылдық тарихындағы ғимаратты ауқымды…
РФММ оқушысы Батырхан Бейганов Ақордадағы кездесуге қатысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық пән олимпиадаларында жоғары нәтиже көрсеткен қазақстандық оқушылар мен студенттерді қабылдады. Кездесуге Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы Батырхан Бейганов та…
РФММ мұғалімі мемлекеттік марапатқа ие болды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары және оларды дайындаған жаттықтырушы-педагогтермен кездесті. Кездесу барысында үздік ұстаздарға мемлекеттік марапаттар табысталды. Ақордада өткен кездесуге шақырылған…
ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ IYPT 2026 ТУРНИРІНДЕ HONORABLE MENTION МАРАПАТЫНА ИЕ БОЛДЫ
Цюрих қаласында Жас физиктердің 39-шы халықаралық турнирі — International Young Physicists’ Tournament (IYPT 2026) өз мәресіне жетті. Биылғы турнир әлемнің жетекші жоғары оқу…
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалының 8-сыныбына түсу үшін мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау бойынша конкурстық іріктеудің қорытындысы шығарылды. Тестілеуге барлығы 1186 үміткер жіберілді….
8-сыныпқа арналған конкурстық іріктеу өтті
Бүгін Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ филиалының 8-сыныбына мемлекеттік білім беру грантын тағайындауға арналған конкурстық іріктеу өтті. Қабылдау емтиханы РФММ-ның Алматы, Астана…


