Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі Алматы қ. филиалы
29
Apr
21

«2000 емен ағашы» акциясы өз жемісін әкеле бастады



 

«2000 емен ағашы» қайырымдылық акциясы аясында 7 «Е» сынып оқушысы Капесова Айлун және 10 «F» сынып Карен Мирзаянның отбасы мектеп аумағында өздері өсірген 10 емен көшеттері мен 40 емен ағашының жаңғақтарын отырғызды.

Айлунның айтуынша, ол қыркүйек айында «2000 емен» қайырымдылық акциясының еріктісі болған. Күзде емен жаңғақтарын  жинап, оларды стратификация үшін тоңазытқышқа салған. Нәтижесінде жаңғақтардан көшеттер өсіп шықты. Бүгін Айлун оларды біздің мектептің аумағына отырғызды және осылайша сүйікті қаламыздың экологиясына өз үлесін қосты.

Болашақта бұл көшеттер керемет ағаштарға айналып, оның жайылған бұтақтарының көлеңкесінде демалуға болады.

Қоршаған ортаны жақсарту – бұл сіз бен біз тұрып жатқан қоғамның мәні. Өзіміз және келешек ұрпақ үшін тек жақсылық жасап үйренейік! Айлунға, сондай-ақ Каренге және оның отбасына қаламызды көгалдандыруға белсенді қатысқаны үшін алғыс айтамыз!

Айдарлар

Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:

06
Nov
25

Әлемдік білімге бастар жол

Advanced Placement (AP) — әлемнің үздік университеттеріне жетелейтін жол Advanced Placement (AP) бағдарламасы – 10–11-сынып оқушыларына пәндерді тереңдетіп оқуға және әлемнің жетекші жоғары…

    05
    Nov
    25

    РФММ оқушылары Қ.Сәтбаев атындағы халықаралық химия олимпиадасының жүлдегері атанды

    2025 жылы 27 қазан–1 қараша аралығында Жезқазған қаласында 9–11(12) сынып оқушыларына арналған Қ.Сәтбаев атындағы халықаралық химия олимпиадасы өтті. Алматы қаласындағы РФММ оқушылары олимпиадаға…

      03
      Nov
      25

      Халықаралық FAIO 2025 (Fizmat AI Olympiad) олимпиадасы өтті

      30–31 қазан күндері Алматы қаласындағы РФММ базасында жасанды интеллект саласындағы ең ірі оқушылар командалық жарысы – Халықаралық FAIO 2025 (Fizmat AI Olympiad) олимпиадасының…

        17
        Oct
        25

        РФММ ОҚУШЫСЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

        4–15 қазан Албанияның Дуррес қаласында классикалық шахматтан 14, 16 және 18 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында өткен әлем чемпионатында РФММ оқушысы топ…

          03
          Oct
          25

          РФММ мұғалімі «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды

          Астанада Білім басқармасының ұйымдастыруымен QAZAQSTAN орталық концерт залында Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз – ұлттың шамшырағы» атты салтанатты мерекелік концерт өтті. Іс-шараға елорданың 3…

            03
            Oct
            25

            РФММ мұғалімі Мемлекет басшысының марапатына ие болды

            «РФММ» КеАҚ-ның Алматы қ. филиалының ардагер ұстазы Жәмішева Сәуле Абрашевна ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолынан «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» төсбелгісін алды. Сәуле…

              15
              Sep
              25

              Fizmat оқушысы әлемдік чарттарды бағындыруда

              Fizmat оқушысы дүниежүзілік музыка аренасында сенсация жасады. Бар-жоғы 11-сыныпта оқып жүрген ол өзінің «SLAVA FUNK» атты трегі арқылы әлемдік хиттің авторы атанды. Бүгінде…

                08
                Sep
                25

                Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу

                ✅ Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында білім беру саласын дамытуға ерекше назар аударды. Президент атап өткендей, экономиканы жан-жақты жаңғырту ең алдымен адам капиталын…

                  03
                  Sep
                  25

                  РФМШ Алматы оқушыларына арналған олимпиадалық резервке іріктеу

                  Математика Өткізу күні: сенбі, 2025 жылғы 6 қыркүйек Сыныптар: 7–8 сыныптар Тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/tenDE6YcQYabwDxY6 Өткізу уақыты: 09:00–13:00 Өткізу орны: Жаңа корпустың акт залы…

                  15
                  Aug
                  25

                  РФММ мұғалімі мемлекеттік наградамен марапатталды

                  РФММ-нің информатика пәнінің мұғалімі мемлекеттік наградамен марапатталды. ҚР Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаев РФММ-нің информатика пәнінің мұғалімі Темірлан Қайратұлы Сатылхановқа білім беру саласындағы жетістіктері мен…