Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі Алматы қ. филиалы
08
Feb
19

РФММ-нің 9 мұғалімі IMPACT Olympiad байқауында жүлделі орындар алды



2019 жылдың 10 қаңтарынан бастап 13 қаңтарын қоса алған мерзімде ҚР Білім және ғылым министрлігінің, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен «РФММ» КеАҚ-да XV Халықаралық Жәутіков олимпиадасы аясында Математика, физика және информатика пәндері бойынша мұғалімдердің және олимпиадалық резерв жаттықтырушыларының халықаралық ашық шығармашылық байқауы өтті.  Lancaster group, Fizmat Endowment Fund,  Нұрлан Қаппаров атындағы қор байқауға демеушілік қолдау көрсетті. Байқауға 8 елден (Ресей, Түркия, Тәжікстан, Қырғызстан, Қазақстан, Грузия, Моңғолия, Өзбекстан елдерінен) 102 мұғалім мен жаттықтырушы қатысты.

Бір турдан тұрған олимпиада Республикалық физика-математика мектебінің және Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің қабырғаларында өтті.

2019 жылдың 12 қаңтарында Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің IMPACT марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты халықаралық қазылар алқасының мүшесі академик Асқар Жұмаділдаев, «РФММ» КеАҚ Басқарма Төрағасы Ғабит Бекахметов, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің проректоры, техникалық ғылымдар докторы, профессор Раиса Кабиевна Кабиева, «РФММ» КеАҚ директоры Алмаз Кунгожин ашты, олар қатысушыларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыстады.

РФММ-нің 9 мұғалімі байқауда келесі жүлделі орындарды алды:

Мұғалімдер лигасы (математика пәні)

  1. Талғат Бегімбетов – ІІ орын
  2. Мейрам Батыршаев— ІІІ орын
  3. Серік Жұмағұлов – грамота

Жаттықтырушылар лигасы (физика пәні)

  1. Аман Шакиров —  ІІ орын
  2. Бахтияр Елдос — ІІІ орын

Мұғалімдер лигасы (физика пәні)

  1. Шолпан Турагалдиева — ІІІ орын
  2. Мұсабек Мамутов — ІІІ орын

Мұғалімдер лигасы (информатика пәні)

  1. Абылай Қабдолдин — І орын
  2. Жания Сұлтанова — ІІ орын

РФММ-нің 14 жетекші мұғалімі қазылар алқасының мүшесі ретінде байқауға қатысты:

математика пәнінен

  1. Архат Садырбаевич Долаев, математика пәні мұғалімі;
  2. Жанарбек Нурбакытович Абилгазиев, математика пәні мұғалімі;
  3. Ляззат Амиргалиевна Есмагамбетов, математика пәні мұғалімі;
  4. Жанат Нурлыбаевна Байсуйеуова, математика пәні мұғалімі;
  5. Рауза Буркатовна Омарова, математика пәні мұғалімі;
  6. Галия Зейнуллаевна Ахметова, математика пәні мұғалімі;
  7. Рабига Игнебеккызы Кошанова, математика пәні мұғалімі;
  8. Маргулан Кызайбаевич Скаков, математика пәні мұғалімі;

физика пәнінен

  1. Мусатай Санат Сагатулы, физика пәні мұғалімі;
  2. Туякбаев Сабыр Туякбаевич, физика пәні мұғалімі;
  3. Довгаль Юрий Николаевич, физика пәні мұғалімі;
  4. Кабдиев Болат Зарипович, физика пәні мұғалімі;
  5. Кабдиева Гульмира Тулеповна, физика пәні мұғалімі.
Айдарлар

    Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:

    09
    Nov
    26

    Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалына жаңа директор тағайындалды

    Республикалық физика-математика мектебінің Алматы филиалының директоры болып «Математика» мамандығы бойынша PhD докторы Алмаз Мұхамбетұлы Кунгожин тағайындалды. Мейірбек Мейірлан Едігерұлы директор қызметіндегі жұмысын аяқтады….

      30
      Oct
      26

      Хабарландыру

      Республикалық физика-математика мектебінде қажетті санитариялық-профилактикалық және залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Анықталған ескертулерді жою бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр. Аталған жағдайға байланысты санитариялық-эпидемиологиялық тергеп-тексеру жалғасуда….

        30
        Oct
        26

        FAIO 2026 халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды

        Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ ұйымдастыруымен SDU University базасында өткен FAIO 2026 (Fizmat AI Olympiad) халықаралық жасанды интеллект және машиналық оқыту олимпиадасы өз мәресіне…

          27
          Oct
          26

          Қазақстанда 15 елдің оқушылары жасанды интеллект бойынша FAIO 2026 олимпиадасында бақ сынауда

          Алматы, 2026 жылғы 26 қазан. Қаскелең қаласындағы SDU University базасында жасанды интеллект және машиналық оқыту бойынша FAIO 2026 мектеп олимпиадасының финалдық кезеңі басталды….

            27
            Oct
            26

            РФММ оқушысы SAT емтиханынан ең жоғары 1600 балл жинады

            Республикалық физика-математика мектебінің 11-сынып оқушысы Ырысдәулет Баймұханбетов халықаралық SAT емтиханынан мүмкін болған 1600 балдың барлығын жинады. Бұл – үздік нәтиже, өйткені емтиханға қатысушылардың…

              15
              Oct
              26

              Үміткерлер назарына: Қабылдау емтиханы келесі аптаға ауыстырылды

              Құрметті үміткерлер! 2026 жылғы 17 қазанға жоспарланған қабылдау емтиханының ұйымдастырушылық себептерге байланысты келесі аптаға ауыстырылғанын хабарлаймыз. Емтиханның нақты өткізілетін күні мен уақыты туралы…

                14
                Oct
                26

                Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалы уақытша қашықтықтан оқуға жіберілді. ​

                2026 жылғы 12–13 қазан аралығында Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының оқушылары арасында жедел ішек инфекциясының белгілері тіркелді. 2026…

                  18
                  Sep
                  26

                  FAIO FIZMAT AI OLYMPIAD

                  FAIO 2026: халықаралық олимпиадаға тіркелу ашылды Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі оқушыларды First Almaty AI Olympiad (FAIO) 2026 халықаралық командалық олимпиадасына қатысуға шақырады….

                    29
                    Aug
                    26

                    Жаңа кеңістік, жаңа мүмкіндік

                    Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі филиалының 1972 жылы салынған тарихи ғимараты толық қайта жаңғыртудан өтті. Бұл — мектептің 54 жылдық тарихындағы ғимаратты ауқымды…

                      24
                      Aug
                      26

                      РФММ оқушысы Батырхан Бейганов Ақордадағы кездесуге қатысты

                      Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық пән олимпиадаларында жоғары нәтиже көрсеткен қазақстандық оқушылар мен студенттерді қабылдады. Кездесуге Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы Батырхан Бейганов та…