Ғылыми жобалар бойынша республикалық байқау нәтижелері
Ғылыми жобалар бойынша республикалық байқау нәтижелері
24–27 ақпан күндері Астана қаласында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша Ғылыми жобалардың республикалық байқауының қорытынды кезеңі өтті.
Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі жоғары нәтижелер көрсетіп, 26 қатысушының ішінен 18 оқушы жүлдегер атанды, ал ұсынылған 17 жобаның 12-сі жүлделі орынға ие болды (тиімділік — 70%-дан жоғары). Нәтижесінде мектеп қоржынына 1 алтын, 8 күміс, 8 қола медаль және 1 мақтау қағазы түсті.
Алтын медаль
10-сынып — Математика
Тақырыбы: «n-өлшемді куб мәселесі»
Күміс медальдар
9-сынып — Физика
Тақырыбы: «Магниттік левитация»
10-сынып — Информатика
Тақырыбы: «Медицинадағы компьютерлік көру (ЖИ)»
11-сынып — Физика
Тақырыбы: «Сейсмикалық белсенділікті нейрожелілік талдау»
11-сынып — Қолданбалы математика
Тақырыптары: «Суды реагентсіз бақылау», «Құрылымдардың беріктігін математикалық модельдеу»
Қола медальдар
9-сынып — Техника, Физика (2)
10-сынып — Физика (2), Техника, Информатика (2)
Мақтау қағазы
11-сынып — Информатика
Айта кетейік, үздік жобалардың авторлары мектеп пен еліміздің намысын 2026 жылғы 9–15 мамыр аралығында АҚШ-тың Аризона штатындағы Феникс қаласында өтетін Regeneron ISEF-2026 халықаралық ғылыми-техникалық көрмесінде қорғайды.
Жеңіске жетелеген ғылыми жетекшілерімізді мақтан тұтамыз: Ж.Б. Шарипбаева, К. Аманкельдыулы, А.М. Шубай, Ш.Р. Адилов,
Г.Т. Кабдиева, Г.Г. Аубакирова, Б.Ж. Мамышев, С.Ю. Юдина, Б. Амангали.
Оқушыларымызды және олардың ғылыми жетекшілерін жоғары нәтижелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы ғылыми ізденістеріне табыс тілейміз! ✨
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
Астанада АТМО және «Жібек жолы» халықаралық олимпиадалары өтті
Астана қаласында халықаралық математикалық олимпиадалар — XXXVIII Азия–Тынық мұхиты математикалық олимпиадасы (АТМО) және «Жібек жолы» халықаралық математикалық олимпиадасы өтті. АТМО қорытындысы бойынша Республикалық…
«Математикалық регата — 2026»: РФММ командасы I орын иеленді
2026 жылы өткен «Математикалық регата» республикалық олимпиадасының қорытындысы бойынша «РФММ» командасы үздік нәтиже көрсетіп, I орынды иеленді. Аталған беделді білім додасына «Республикалық физика-математика…
Алматы РФММ тренері бағдарламалаудан халықаралық чемпионаттың жүлдегері атанды
Алматы қаласындағы РФММ-нің информатика пәні бойынша жаттықтырушысы Қуанышбай Айбар спорттық бағдарламалау бойынша Central Asia Programming Championship 2026 халықаралық чемпионатында II орын иеленді. Жарыс…
Леонард Эйлер атындағы XVIII олимпиаданың қорытындысы бойынша Алматы қаласындағы РФМШ оқушылары жоғары нәтиже көрсетті
Леонард Эйлер атындағы XVIII олимпиаданың қорытындысы бойынша Алматы қаласындағы РФМШ оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, 1 күміс медаль, 3 қола медаль және 4 мақтау…
«Білім – инновация» лицейлерінде республикалық олимпиада өтті
2026 жылғы 21–25 наурыз аралығында Астана қаласы Білім басқармасының мамандандырылған «Білім – инновация» лицейлері базасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы биология және физика пәндері бойынша Республикалық…
KzYPT 2026 — Қазақстанның Ұлттық іріктеуі
Құрметті оқушылар мен ата-аналар! Сіздерді Жас физиктердің халықаралық турниріне (IYPT) 2026 Қазақстанның Ұлттық іріктеуіне қатысуға шақырамыз! Бұл — физика саласындағы білімдеріңізді көрсетіп, Швейцариядағы…
Халықаралық астрономия және астрофизика олимпиадасы
Құрметті РФММ оқушылары! Қазақстан Республикасының Халықаралық астрономия және астрофизика олимпиадасы (IOAA) құрамасының резервіне іріктеу жарияланады. Іріктеуге физика, математика және астрономия пәндері бойынша жоғары…
Қостанайда республикалық пәндік олимпиада мәресіне жетті
19–24 наурыз аралығында Қостанай қаласында 9–11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Бұл – еліміздің барлық өңірінен 310 дарынды оқушыны біріктірген…
Жас математика мұғалімдерінің шығармашылық конкурсы қорытындыланды
2026 жылғы 23 наурызда Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» орталығы, Қазақстан математика мұғалімдері қауымдастығы (QMMQ) және Beta High School бірлесіп ұйымдастырған 30…
Астанада 9–11 сынып оқушыларының республикалық зияткерлік додасы өтті
2–6 наурыз аралығында Астана қаласында 9–11 сынып оқушылары арасында экономика және қаржы пәндері бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Республикалық физика-математика мектебінің оқушылары…