Қазақстан командасы IYPT 2025-те
Республикалық физика-математика мектебінің (РФМШ) базасында дайындалған Қазақстан командасы, 29 маусымнан 6 шілдеге дейін Швецияның Лунд қаласында өткен Халықаралық жас физиктер турниріне (IYPT) қатысқанын мақтанышпен хабарлаймыз.
Біздің қатысушылар тәжірибелер жасап, ерекше физикалық тапсырмаларды шешіп, ғылыми дәлелдемелер мен командалық жұмыстағы дағдыларын жетілдірду бойынша көп еңбектенді. Бұл турнир тек интеллектуалдық сынақ қана емес, сонымен қатар шабыт пен даму көзі болды.
Биыл IYPT-ке әлемнің 36 командасы қатысты, бәсеке бұрынғыдан да жоғары деңгейде өтті. Біздің команда финалға өткен және әлемнің ең мықты он командасының қатарына енген командалармен жарысты. Тапсырмалар тақырыбы магниттік жүйелер динамикасынан бастап, күрделі акустикалық құбылыстарға дейін кең ауқымды қамтыды, бұл қатысушылардан терең білім, шығармашылық және ғылыми дәлдік талап етті.
Турнирдің қиындығына қарамастан, біздің команда Қазақстанды лайықты деңгейде танытып, ерекше халықаралық ғылыми қарым-қатынас тәжірибесін алды, ол болашақ жетістіктердің мықты негізі болары анық.
«Біз үшін бұл жай ғана жарыс емес — бұл өсуге, үйренуге және ғылымнан шабыт алуға мүмкіндік», — дейді қатысушылар.
РФМШ командаға демеуші көрсеткен “PSI ENGINEERING” ЖШС-ға және әр кезеңде қолдау көрсеткен барлық жаттықтырушыларға, тәлімгерлерге, ата-аналарға алғысын білдіреді.
Турнир ұйымдастырушыларына жылы қабылдауы, жоғары деңгейдегі ұйымдастырылуы және осы жаһандық ғылыми оқиғаға қатысу мүмкіндігі үшін ерекше алғыс айтамыз.
Біз оқушыларымызбен мақтанамыз және олардың үлкен ғылыми болашағына сенеміз!
Келесі Халықаралық жас физиктер турнирі (IYPT 2026) Швейцарияның Цюрих қаласында өтеді. Біз жаңа талантты қатысушылардың келуін асыға күтеміз және қызығушылық танытқан барлық мектеп оқушыларын дайындыққа қосылып, Қазақстан командасының құрамына қосылуға шақырамыз!
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
Хабарландыру
2025 жылғы 10–12 қараша аралығында «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ-ның Алматы қаласындағы филиалында халықаралық бағдарламалық аккредиттеу рәсімі өтеді. Бағалау жұмыстарын Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз…
Әлемдік білімге бастар жол
Advanced Placement (AP) — әлемнің үздік университеттеріне жетелейтін жол Advanced Placement (AP) бағдарламасы – 10–11-сынып оқушыларына пәндерді тереңдетіп оқуға және әлемнің жетекші жоғары…
РФММ оқушылары Қ.Сәтбаев атындағы халықаралық химия олимпиадасының жүлдегері атанды
2025 жылы 27 қазан–1 қараша аралығында Жезқазған қаласында 9–11(12) сынып оқушыларына арналған Қ.Сәтбаев атындағы халықаралық химия олимпиадасы өтті. Алматы қаласындағы РФММ оқушылары олимпиадаға…
Халықаралық FAIO 2025 (Fizmat AI Olympiad) олимпиадасы өтті
30–31 қазан күндері Алматы қаласындағы РФММ базасында жасанды интеллект саласындағы ең ірі оқушылар командалық жарысы – Халықаралық FAIO 2025 (Fizmat AI Olympiad) олимпиадасының…
РФММ ОҚУШЫСЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
4–15 қазан Албанияның Дуррес қаласында классикалық шахматтан 14, 16 және 18 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында өткен әлем чемпионатында РФММ оқушысы топ…
РФММ мұғалімі «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды
Астанада Білім басқармасының ұйымдастыруымен QAZAQSTAN орталық концерт залында Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз – ұлттың шамшырағы» атты салтанатты мерекелік концерт өтті. Іс-шараға елорданың 3…
РФММ мұғалімі Мемлекет басшысының марапатына ие болды
«РФММ» КеАҚ-ның Алматы қ. филиалының ардагер ұстазы Жәмішева Сәуле Абрашевна ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолынан «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» төсбелгісін алды. Сәуле…
Fizmat оқушысы әлемдік чарттарды бағындыруда
Fizmat оқушысы дүниежүзілік музыка аренасында сенсация жасады. Бар-жоғы 11-сыныпта оқып жүрген ол өзінің «SLAVA FUNK» атты трегі арқылы әлемдік хиттің авторы атанды. Бүгінде…
Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу
✅ Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында білім беру саласын дамытуға ерекше назар аударды. Президент атап өткендей, экономиканы жан-жақты жаңғырту ең алдымен адам капиталын…
РФМШ Алматы оқушыларына арналған олимпиадалық резервке іріктеу
Математика Өткізу күні: сенбі, 2025 жылғы 6 қыркүйек Сыныптар: 7–8 сыныптар Тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/tenDE6YcQYabwDxY6 Өткізу уақыты: 09:00–13:00 Өткізу орны: Жаңа корпустың акт залы…