Жүлдегер оқушысы көп ұстаз
«Педагог-шебер» Санат Мұсатай елімізде нақты пәндерді оқытуда көш басында тұрған, жарты ғасырдан астам тарихы бар О.Жәутіков атындағы республикалық физика-математика мектебінде физика пәнінен сабақ береді. Физика бойынша олимпиадалық резерв командасының жаттықтырушысы.
Санат Сағатұлы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде физика магистрі дәрежесін алған. «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері», 5-ші және 6-шы халықаралық математика, физика және информатика мұғалімдері конкурсының жаттықтырушылар лигасының алтын медаль иегері. РФММ олимпиадалық резерв бойынша 2020 жыл тренері және 2023 жыл мұғалімі. Білікті ұстаздың марапттар қоржыны мұнымен таусылмақ емес. Бұл – өз ісіне шынайы берілген нағыз маман еңбегінің жемісі.
«Физика-математика мектебінде оқу – өте үлкен жауапкершілік. Мұнда оқушыларға қойылатын талап та жоғары. Дегенмен оқушылардың барлығы дерлік олимпиадаға қатыса бермейді. Өйткені, бірі ғылыми жобалармен айналысса, енді бірі робототехникаға, бағдарламалауға қызығады. Сондықтан мектеп мұғалімдері әр баланың қабілетіне қарай бағыт-бағдар беріп отыруға тырысады, соның ішінде олимпиадаға қатысудың орны бөлек», дейді тәжірибелі ұстаз.
Санат Сағатұлы бала кезден физикаға қызығып өскенін айтады. Ал саланы таңдауына инженер-электрик болып жұмыс істеген әкесі Сағаттың ықпалы зор болды. «Білім және еңбек», «Юнный техник», «Моделист конструктор», «Радио» журналдарын көп оқитын әке ісінің балаға үлгі болғаны анық. Ойын баласы көбіне табиғатты, ондағы құбылыстарды түсінуге тырысты. Ал мектепте, жоғары оқу орындарында алған білімі Санат Сағатұлының физика ғылымын терең тануына жол ашты. Білікті ұстаздары көрсеткен білім жолы адастырмады. Бүгінде өзі де осы жолда білімді ұрпақ тәрбиелеу ісіне белсене атсалысып келеді. «Физика күнделікті өмірде немесе табиғатта кездесетін қандай да бір мәселені қозғайды десек, оны тереңірек әрі дұрыс түсіну үшін оқушыларыма тақырыптық есептерді көбірек шығартуға, тәжірибеде көрсетуге тырысамын», дейді ол.
Санат Сағатұлының оқушылары жыл сайын физика пәнінен республикалық, халықаралық олимпиадалардың жеңімпаз, жүлдегері атанып жүр. Олардың қатарында Халықаралық физика олимпиадасында (IPhO) РФММ оқушылары Нұрислам Тұрсынбек 2013 жылы күміс медаль иеленсе, келер жылы алтын медаль еншілеген, ал Марғұлан Нұрсағатов 2024 жылы күміс медаль иегері атанды. Биыл қаңтар айында өткен Халықаралық Жәутіков олимпиадасында 16 елден қатысқан 670 оқушының 194-і физика пәні бойынша сайысқа түссе, соның ішінде РФММ оқушылары физика пәні бойынша 1 алтын, 1 күміс, 6 қола медальға ие болды. Осы жылғы республикалық оқушылар олимпиадасының ақтық кезеңіне физикадан 10 оқушы жолдама алып, оның бесеуі алтын, біреуі күміс, төртеуі қола медаль және біреуі мақтау қағазына қол жеткізді. РФММ оқушылары олимпиадада ең көп медаль алып, мектеп республика бойынша 1-орынды еншіледі.
Санат Сағатұлының айтуынша, олимпиадаға дайындалатындарға жоғарғы курс физикасын меңгеруге тура келеді. «Оқушыларымыз физикамен бірге, жоғары курс математикасының кейбір тарауларын да қоса оқиды. Жоғары дайындықтан өткен олардың пәндік білімі ғылыми жобаларға қатысатын оқушылармен, тіпті университет студенттерімен салыстырғанда әлдеқайда озық деп мақтануға болады. Халықаралық олимпиадаларда жоғары көрсеткішке ие болып жүрген оқушыларымыз – мектептің де, ұстаздардың да мәртебесі», дейді Санат Сағатұлы.
Сапалы білім беруде заманауи техника мен технологияларды қолдану аясын кеңейту, мұғалімдерге өз пәнін оқытуда еркіндік, шығармашылық әдістерді қолдануға мүмкіндік беру де уақыт талабынан туындап отыр. Ұстаздардың айлық мөлшерін көбейту – дарынды, білімді жастардың мұғалім мамандығын таңдауына және ойы озық, заманауи технологияларды меңгерген жас ұстаздардың көбеюіне ықпал етері анық.
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
7-сыныптың конкурстық емтиханына тіркелу басталды!
Құрметті үміткерлер! Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) 7-сыныбына қабылдау конкурстық іріктеу емтиханы арқылы жүзеге асырылады. Емтиханға тіркелу тәртібі https://admissions.fizmat.kz/ сайтына кіріңіз «Қалай түсуге болады?»…
РФММ-нің оқушылары мен ұстаздары «Шал» фильмін тамашалады
РФММ-нің жоғары сынып оқушылары, мұғалімдері және бірқатар ата-аналар Алматы қаласында өткен «Шал» қазақ көркем фильмінің арнайы көрсетіліміне қатысып, мазмұны терең, тағылымы мол кездесуге…
Young Researchers Tournament
2026 жылғы 7–8 ақпан күндері Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі базасында Young Researchers Tournament (YRT) — Жас зерттеушілер турнирі өтеді. YRT — оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметін, эксперименттік ізденісін және…
Республикалық физика-математика мектебіне Shanghai Jiao Tong University университетінің өкілдері келді.
Республикалық физика-математика мектебіне Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарының бірі — Shanghai Jiao Tong University университетінің өкілдері келді. Мектеп басшылығымен өткен кездесуде алдағы ынтымақтастықтың…
«Зерде» республикалық конкурсында Орынғали Батыржан II орын иеленді
28–31 қаңтар күндері Щучинск қаласында «Зерде» XXI Республикалық ғылыми-зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсының қорытынды кезеңі өтті. Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 7-сынып…
Ұлттық қор – балаларға: болашаққа инвестиция
Мемлекет басшысының тапсырмасы іске асырылуда – балаларға жыл сайынғы есептеу жүргізілді ✅ «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында тұрғын үй мен білімге 31,6…
ҚЖО 2026 іріктеу кезеңінің нәтижелері
Құрметті ҚЖО қатысушылары! Нәтижелер: Математика 6 класс математика результаты ГЖО 2026 Математика 7 класс математика результаты ГЖО 2026 Математика 8 класс математика результаты ГЖО 2026 …
XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы – 2026
Алматы қаласында математика, физика және информатика пәндері бойынша XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. Халықаралық зияткерлік додаға әлемнің 16 елінен 612 оқушы мен 122…
FIZMAT Education Fair – 2026
Алматы қаласында XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы аясында FIZMAT Education Fair – 2026 білім беру көрмесі өтті. Іс-шараға 25 жоғары оқу орны мен білім…
Алматыда Жәутіков олимпиадасы қатысушыларын салтанатты қарсы алу
Алматы қаласында математика, физика және информатика пәндері бойынша XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасына келген халықаралық командалар мен қатысушыларды Қазақстанның ұлттық өнері мен қонақжай дәстүріне…