Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі Алматы қ. филиалы
18
Apr
24

Қалалық Жәутіков олимпиадасы 2024



2024 жылдың 1 мамырда келесі пəндер бойынша:

  • математика (6-8 сынып)
  • физика (7-8 сынып)
  • информатика (6-8 сынып)

мектеп оқушылары арасында XXIII ашық қалалық Жəутіков олимпиадасының іріктеу кезеңі өтеді.

Олимпиаданың негізгі мақсаты – математика, физика, информатика пəндеріне қызығушылық танытатын жəне жаратылыстану пəндеріне қызығушылығын арттыратын оқушыларды анықтау, сондай-ақ дарынды балаларға қолдау көрсету.

Олимпиада екі кезеңде өтеді:

  1. Іріктеу кезеңі – бір тур 2024жылдың 1 мамыры (онлайн форматта) Іріктеу турына қатысу МІНДЕТТІ!

Іріктеу кезеңінен кейін финалдық оффлайн кезеңіне өткендердің тізімі анықталады.

Нəтижелер РФММ Алматы сайтында жарияланады.

Ірітеу турында бейне трансляцияны жасау қажет, нұсқаулық қатысушыға электронды пошта арқылы жіберіледі (Тіркеу кезінде абай болыңыз! Поштаңызды мұқият толтыруыңыз қажет.).

Іріктеу кезеңіне тіркелу 2024 жылдың 19 сәуірден 29 сәуірге дейін (сағат 18:00-ге дейін) сілтеме бойынша жүргізіледі.

Тіркелген болсаңыз жəне 30 сəуір күні сағат 18:00-ге дейін (GMT+6) нұсқауларды алмасаңыз, алдымен СПАМ-ды тексеріп, осы туралы

 almaty.olympiad@fizmat.kz электрондық поштасына жазыңыз.

  1. Қорытынды кезең 2024жылдың мамырдың бірінші жартысында Алматы және Астана  қалаларында РФММ базасында өтеді.

Олимпиада программасы Іріктеу кезеңі (онлайн)

Дата: 1 мамыр 2024 ж.

Уақыт: 10:00-13:00

Талап: сізге Интернетке кіру мүмкіндігі бар компьютер, веб-камера жəне микрофон қажет, сонымен қатар прокторинг үшін олимпиада кезінде экранды көрсетуге рұқсат беру керек.

Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Қорытынды кезеңге қатысушылар анықталды.

Қорытынды кезең (оффлайн)

1 тур: 11 мамыр 2024 ж. 10:00-13:00

2 тур: 12 мамыр 2024 ж. 10:00-13:00

Апелляция: 12 мамыр 2024 ж. 16:00-18:00

Церемония закрытия: 12 мамыр 2024 ж. 18:30-19:30

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Олимпиаданың финалдық кезеңінің екі турының тапсырмаларын орындағаны үшін жинаған ұпайларының қосындысы бойынша анықталады.

Олимпиадада үздік нəтиже көрсеткен қатысушылар I, II, III дəрежелі дипломдармен марапатталады.

Барлық сұрақтар бойынша электрондық пошта арқылы хабарласуға болады:

 almaty.olympiad@fizmat.kz

 

Айдарлар

    Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:

    30
    Oct
    26

    Хабарландыру

    Республикалық физика-математика мектебінде қажетті санитариялық-профилактикалық және залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Анықталған ескертулерді жою бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр. Аталған жағдайға байланысты санитариялық-эпидемиологиялық тергеп-тексеру жалғасуда….

      30
      Oct
      26

      FAIO 2026 халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды

      Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ ұйымдастыруымен SDU University базасында өткен FAIO 2026 (Fizmat AI Olympiad) халықаралық жасанды интеллект және машиналық оқыту олимпиадасы өз мәресіне…

        27
        Oct
        26

        Қазақстанда 15 елдің оқушылары жасанды интеллект бойынша FAIO 2026 олимпиадасында бақ сынауда

        Алматы, 2026 жылғы 26 қазан. Қаскелең қаласындағы SDU University базасында жасанды интеллект және машиналық оқыту бойынша FAIO 2026 мектеп олимпиадасының финалдық кезеңі басталды….

          27
          Oct
          26

          РФММ оқушысы SAT емтиханынан ең жоғары 1600 балл жинады

          Республикалық физика-математика мектебінің 11-сынып оқушысы Ырысдәулет Баймұханбетов халықаралық SAT емтиханынан мүмкін болған 1600 балдың барлығын жинады. Бұл – үздік нәтиже, өйткені емтиханға қатысушылардың…

            15
            Oct
            26

            Үміткерлер назарына: Қабылдау емтиханы келесі аптаға ауыстырылды

            Құрметті үміткерлер! 2026 жылғы 17 қазанға жоспарланған қабылдау емтиханының ұйымдастырушылық себептерге байланысты келесі аптаға ауыстырылғанын хабарлаймыз. Емтиханның нақты өткізілетін күні мен уақыты туралы…

              14
              Oct
              26

              Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалы уақытша қашықтықтан оқуға жіберілді. ​

              2026 жылғы 12–13 қазан аралығында Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының оқушылары арасында жедел ішек инфекциясының белгілері тіркелді. 2026…

                18
                Sep
                26

                FAIO FIZMAT AI OLYMPIAD

                FAIO 2026: халықаралық олимпиадаға тіркелу ашылды Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі оқушыларды First Almaty AI Olympiad (FAIO) 2026 халықаралық командалық олимпиадасына қатысуға шақырады….

                  29
                  Aug
                  26

                  Жаңа кеңістік, жаңа мүмкіндік

                  Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі филиалының 1972 жылы салынған тарихи ғимараты толық қайта жаңғыртудан өтті. Бұл — мектептің 54 жылдық тарихындағы ғимаратты ауқымды…

                    24
                    Aug
                    26

                    РФММ оқушысы Батырхан Бейганов Ақордадағы кездесуге қатысты

                    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық пән олимпиадаларында жоғары нәтиже көрсеткен қазақстандық оқушылар мен студенттерді қабылдады. Кездесуге Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы Батырхан Бейганов та…

                      24
                      Aug
                      26

                      РФММ мұғалімі мемлекеттік марапатқа ие болды

                      Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары және оларды дайындаған жаттықтырушы-педагогтермен кездесті. Кездесу барысында үздік ұстаздарға мемлекеттік марапаттар табысталды. Ақордада өткен кездесуге шақырылған…