Оқушылардың физика пәні бойынша Мәскеу олимпиадасының бірінші туры

2019 жылдың 10 ақпанында Алматы РФММ негізінде (Бұхар жырау, 36) Оқушылардың физика пәні бойынша Мәскеу олимпиадасының (бұдан әрі – МО) бірінші туры өтеді.
7-10 сынып оқушыларына арналған физика пәні бойынша Мәскеу олимпиадасының бірінші туры іріктеу кезеңіне жатады, оған қатысуға ниет білдірген барлық оқушылар шақырылады.
Олимпиада 10 ақпанда Мәскеу уақыты бойынша сағат 10.00, Астана уақыты бойынша сағат 12.00-де 101, 103, 105, 107, 109 кабинеттерде басталады.
Олимпиадаға қатысу үшін reg.olimpiada.ru сайтында жеке кабинетте тіркелу керек және тапсырмаларды орындау үшін арнайы бланкті баспаға шығару қажет. Бланктерді баспаға шығарған кезде олардың пішінін өзгертуге болмайды, олардың мөлшері нақты (1:1 масштабында) болуы тиіс. Осылай болмаған жағдайда, сканерден өткізілген жұмыстарды қатысушылардың жеке кабинеттерінде орналастыруда қиындықтар туындайды.
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
Емтихан алдында бланк жаттығуы
Құрметті оқушылар мен ата-аналар! Негізгі емтиханға қатыспас бұрын жауап парағын толтыру тәртібімен алдын ала танысып, жаттығу жүргізуді сұраймыз. Жауап парағын дұрыс толтыру ережелері:…
ҚЖО іріктеу кезеңінің нәтижелері
Құрметті ҚЖО қатысушылары! Қорытынды кезең 2025 жылғы 9-10 мамырда Алматы және Астана қалаларындағы РФММ базасында өтеді. Қорытынды кезеңге өткен қатысушыларға 2025 ж. 25…
Хабарландыру
Құрметті қатысушылар! Қалалық Жәутіков Олимпиадасының (ҚЖО) іріктеу кезеңінің нәтижелері 17 сәуірде мектебіміздің сайтында жарияланады. Қатысқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз, барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!
BOLT.M3 командасы халықаралық жарыста Connect Award марапатына ие болды
Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің @bolt.m3 командасы АҚШ-тың Массачусетс штаты, Спрингфилд қаласында өткен New England Premier Event халықаралық жарысында жоғары нәтижеге қол жеткізіп,…
«Педагогикалық шеберлікпен бөлісу: Республикалық физика-математика мектебі ұстаздарының тәжірибесі» атты қалалық тәжірибелік-семинар өтті.
12 сәуір күні Алматы қаласындағы “Республикалық физика-математика мектебі” КеАҚ базасында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығымен бірлесе отырып, «Педагогикалық шеберлікпен бөлісу: Республикалық физика-математика мектебі…
Қалалық жәутіков олимпиадасына тіркелген қатысушылар тізімі
Құрметті қатысушылар! Жарияланған тізімнен өзіңіздің электрондық поштаңызды тексерулеріңізді сұраймыз. Нұсқаулық пен тапсырма дәл сол көрсетілген электрондық поштаңызға жіберіледі. Егер электрондық поштаңызда қате барын…
ҚАЛАЛЫҚ ЖӘУТІКОВ ОЛИМПИАДАСЫ 2025!
2025 жылғы 12 сәуірде: математика (6-8 сынып) физика (7-8 сынып) информатика (6-8 сынып) пəндері бойынша мектеп оқушылары арасында XXV ашық қалалық Жəутіков олимпиадасының іріктеу…
Haileybury Almaty мектебінде 9-11 сынып оқушылары арасында математика және география пәндерінен республикалық олимпиада өтті
23-28 наурыз аралығында Haileybury Almaty мектебінде 9-11 сынып оқушылары арасында математика және география пәндерінен республикалық олимпиада өтті. Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ)…
XVІI Эйлер Олимпиадасының финалдық кезеңі өтті
25-27 наурыз күндері Алматы қаласында, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың механика-математика факультетінде, XVІI Эйлер Олимпиадасының финалдық кезеңі өтті. Бұл сайысқа Қазақстанның әр өңірінен келген аймақтық…
Биология және физика пәндері бойынша өткен республикалық олимпиадада Алматы РФММ оқушылары 3 алтын, 3 күміс, 4 қола медаль иеленді
Астана қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы биология және физика пәндері бойынша өткен республикалық олимпиадада Алматы РФММ оқушылары 3 алтын, 3 күміс, 4 қола медаль иеленіп,…