Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі Алматы қ. филиалы
23
Jan
19

Математика, физика және информатика пәндерінің мұғалімдері мен олимпиадалық резерв жаттықтырушыларының I Халықаралық ашық шығармашылық байқауы (IMPACT Olympiad)



2019 жылдың 10 қаңтарынан бастап 13 қаңтарын қоса алған мерзімде ҚР Білім және ғылым министрлігінің, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің қолдауымен «РФММ» КеАҚ XV Халықаралық Жәутіков олимпиадасы шеңберінде математика, физика және информатика пәндерінің мұғалімдері мен олимпиадалық резерв жаттықтырушыларының Халықаралық ашық шығармашылық байқауын өткізді. Lancaster group, Fizmat Endowment Fund,  Нұрлан Қаппаров атындағы қор байқаудың демеушілері болды. Байқауға 8 елден (Ресей, Түркия, Тәжікстан, Қырғызстан, Грузия, Моңғолия, Өзбекстан, Қазақстаннан) келген 102 мұғалім мен жаттықтырушы қатысты.

Математика, физика және информатика пәндері бойынша Халықаралық Жәутіков олимпиадасының халықаралық қазылар алқасының мүшелері және мектептің жетекші мұғалімдері бұл байқаудың қазылар алқасының мүшелері болды.

Бір турдан құралған олимпиада Республикалық физика-математика мектебінің және Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің қабырғаларында өтті.

Байқаудың бағдарламасы.

Математика, физика және информатика пәндерінің мұғалімдері мен олимпиадалық резерв жаттықтырушыларының Халықаралық ашық шығармашылық байқауының қатысушыларына арналған бағдарлама (2019 жылдың 10-13 қаңтары)

Өтетін орны: «Республикалық физика-математика мектебі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Алматы қ., Бұхар жырау, 36

2019 жылдың 10 қаңтары. Бейсенбі

12.00-15.00 Келу, қатысушыларды тіркеу

15.30-18.30 ХV Халықаралық Жәутіков олимпиадасының салтанатты ашылу рәсімі (Ө. А. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы)

2019 жылдың 11 қаңтары. Жұма

9.00-13.30 Байқаудың туры

2019 жылдың 12 қаңтары. Сенбі

12.00-15.00 Үйлестіру.

15.00-18.00 Секциялық отырыс (Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті)

18.00-19.00 Байқаудың жабылуы (Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті)

2019 жылдың 13 қаңтары. Жексенбі

Кету

2019 жылдың 12 қаңтарында Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің қабырғаларында IMPACT олимпиадасының марапаттау рәсімі өтті. Халықаралық қазылар алқасының мүшесі, академик Асқар Жұмаділдаев марапаттау рәсімін құттықтау сөзімен ашты. «РФММ» КеАҚ Басқарма Төрағасы Ғабит Бекахметов, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің проректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Раиса Кабиевна Ускенбаева, Алматы РФММ директоры Алмаз Кунгожин қатысушыларға дипломдарды және бағалы сыйлықтарды табыстады.

56 мұғалім және олимпиадалық резерв тренерлері 1 дәрежелі 8 дипломмен, 2 дәрежелі 16 дипломмен, 3 дәрежелі 19 дипломмен, 13 грамотамен марапатталды.

Математика, физика және информатика пәндерінің мұғалімдері мен олимпиадалық резерв жаттықтырушыларының Халықаралық ашық шығармашылық байқауы

Жаттықтырушылар лигасы (математика пәнінен)

№Жеңімпаздың аты-жөніелқаламектепорын
1Pirahmad OlimjoniТәжікстанDUSHANBETAJIK-RUSSIAN LYCEUM BOARDING SCHOOL «HOTAM & P.V.»І орын
2Данияр КулболдинҚазақстанАқтөбеБИЛІІ орын
3Arabidze GiorgiGeorgiaTbilisiLEPL Vladimir Komarovi Tbilisi Physics and Mathematics SchoolІІ орын
4Genadi MargvelashviliGeorgiaKutaisiLEPL Kutaisi Andria Razmadze Physico-Mathematical Public School N41ІІІ орын
5Мерей КабаевҚазақстанАлматы№39 лицейграмота
6Серик ЖумагуловҚазақстанАлматыРФММ КеАҚграмота
7Махамадхан ИшматовҚырғызстанОшКурмажан даткаграмота
8Арыстан ТекеновҚазақстанПавлодарЖас Дарынграмота

 

Мұғалімдер лигасы (математика пәнінен)

№Жеңімпаздың аты-жөніелқаламектепорын
1Әлжан АсқарҚазақстанАстанаРФММ КеАҚІ орын
2Chagnaadorj SugardorjMongoliaUlaanbaatarErkhet ErdemІІ орын
3Самат ЕсенбековҚазақстанАстана№9 ЗердеІІ орын
4Алтай РахымжанҚазақстанАлматыТЭФММІІ орын
5Талгат БегимбетовҚазақстанАлматыРФМШ КеАҚІІ орын
6Айбар БалтыканҚазақстанАстанаРФМШ КеАҚІІ орын
7Эльмира ХасановаҚазақстанАлматыТЭФММІІ орын
8Ардак МирзахмедовҚазақстанАстанаБИЛІІ орын
9Мейрам БатыршаевҚазақстанАлматыРФМШ КеАҚІІІ орын
10Дархан АрдақұлыҚазақстанАлматыФМБ НЗМІІІ орын
11Нуржан ЖунусовҚазақстанҚостанайДарынды балаларға арналған лицей-инт.ІІІ орын
12Қуаныш ЖаппарҚазақстанҚарағандыБілім-Иннов.ІІІ орын
13Елена ПотанинаҚазақстанӨскеменОбл.лицей-интерІІІ орын
14Жулдыз ШарипбжановаҚазақстанАлматы№134 лицейІІІ орын
15Анар ТемирбаеваҚазақстанАлматыТЭФММІІІ орын
16Жузим ДихановаҚазақстанАқтау№4 гимназияІІІ орын
17Ербол ЖылкыбаевҚазақстанСемейNISІІІ орын
18Юлия ИмангалиеваҚазақстанАлматы№56 гимназияграмота
19Шыңғыс СулейменовҚазақстанКөкшетауБілім-Иннов.грамота
20Маржан КенесбековаҚазақстанАстанаНАО РФМШграмота

 

Жаттықтырушылар лигасы (физика пәнінен)

№Жеңімпаздың аты-жөніелқаламектепорын
1Айдар БулатовҚазақстанАстанаРФММ КеАҚІ орын
2Мустафа АбдулбакиоглыҚазақстанАлматыТЭММІІ орын
3Аман ШакировҚазақстанАлматыРФММ КеАҚІІ орын
4Елдос БахтиярҚазақстанАлматыРФММ КеАҚІІІ место

 

Мұғалімдер лигасы (физика пәнінен)

№Жеңімпаздың аты-жөніелқаламектепорын
1Нуржан ШилмурзаевҚазақстанҚостанайДарынды балаларға арналған лицей-инт.І орын
2Александр КрасавинҚазақстанӨскеменОбл. Физ-МатІІ орын
3Камила АуелбаеваҚазақстанЖамбылБілім-Иннов.ІІ орын
4Асет МуртазинҚазақстанАстанаРФММ КеАҚІІ орын
5Шалкар КажыкеновҚазақстанАлматыТЭФММІІІ орын
6Шолпан ТурагалдиеваҚазақстанАлматыРФММ КеАҚІІІ орын
7Harun TezсanTurkeyСтамбулVefaІІІ орын
8Мусабек МамутовҚазақстанАлматыРФММ КеАҚІІІ орын
9Хусан АлимбековҚазақстанЖанаозен№19грамота
10Сымбат МустафаеваҚазақстанЖанаозен№5грамота
11Жанил ДоскалиеваҚазақстанАқтауЭкономика лицейграмота
12Александр ЗахаровҚазақстанПавлодар№8 лицейграмота
13Назымгуль КаримоваҚазақстанПавлодарНЗМграмота
14Доктурбек КудашовҚырғызстанБішкекЧ. Айтматов атындағы лицейграмота

 

Жаттықтырушылар лигасы (информатика пәнінен)

№Жеңімпаздың аты-жөніелқаламектепорын
1Сұлтан РамазанҚазақстанАлматыФМБ НЗМІ орын
2Кылычбек УрайымовҚырғызстанБішкекЧ. Айтматов атындағы лицейІІ орын
3Қыдырәлі ҚуанышҚазақстанАлматы№39 лицейІІІ орын
4Максат ТулегеновҚазақстанАқтауБИЛІІІ орын

 

Мұғалімдер лигасы (информатика пәнінен)

№Жеңімпаздың аты-жөніелқаламектепорын
1Эльдар ЕржановҚазақстанАстанаАстана БИЛІ орын
2Нурсултан Тойбекович АхметовҚазақстанҚарағандыҚарағанды обл. Білім беру басқармасының «№1 Білім-инновация» лицей-интернатыІ орын
3Абылай ҚабдолдинҚазақстанАстанаРФММ КеАҚІ орын
4Нурсултан АхметшаҚазақстанҚарағандыБИЛІІ орын
5Жания СултановаҚазақстанАлматыРФММ КеАҚІІІ орын
6Бахыт БакиевҚазақстанАлматы обл. КИЗАлмалыбақ ауылының орта-мектеп гимназиясыІІІ орын
7Баглан КутурбаевҚазақстанАстанаРФММ КеАҚграмота

 

Айдарлар

    Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:

    09
    Nov
    26

    Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалына жаңа директор тағайындалды

    Республикалық физика-математика мектебінің Алматы филиалының директоры болып «Математика» мамандығы бойынша PhD докторы Алмаз Мұхамбетұлы Кунгожин тағайындалды. Мейірбек Мейірлан Едігерұлы директор қызметіндегі жұмысын аяқтады….

      30
      Oct
      26

      Хабарландыру

      Республикалық физика-математика мектебінде қажетті санитариялық-профилактикалық және залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Анықталған ескертулерді жою бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр. Аталған жағдайға байланысты санитариялық-эпидемиологиялық тергеп-тексеру жалғасуда….

        30
        Oct
        26

        FAIO 2026 халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды

        Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ ұйымдастыруымен SDU University базасында өткен FAIO 2026 (Fizmat AI Olympiad) халықаралық жасанды интеллект және машиналық оқыту олимпиадасы өз мәресіне…

          27
          Oct
          26

          Қазақстанда 15 елдің оқушылары жасанды интеллект бойынша FAIO 2026 олимпиадасында бақ сынауда

          Алматы, 2026 жылғы 26 қазан. Қаскелең қаласындағы SDU University базасында жасанды интеллект және машиналық оқыту бойынша FAIO 2026 мектеп олимпиадасының финалдық кезеңі басталды….

            27
            Oct
            26

            РФММ оқушысы SAT емтиханынан ең жоғары 1600 балл жинады

            Республикалық физика-математика мектебінің 11-сынып оқушысы Ырысдәулет Баймұханбетов халықаралық SAT емтиханынан мүмкін болған 1600 балдың барлығын жинады. Бұл – үздік нәтиже, өйткені емтиханға қатысушылардың…

              15
              Oct
              26

              Үміткерлер назарына: Қабылдау емтиханы келесі аптаға ауыстырылды

              Құрметті үміткерлер! 2026 жылғы 17 қазанға жоспарланған қабылдау емтиханының ұйымдастырушылық себептерге байланысты келесі аптаға ауыстырылғанын хабарлаймыз. Емтиханның нақты өткізілетін күні мен уақыты туралы…

                14
                Oct
                26

                Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалы уақытша қашықтықтан оқуға жіберілді. ​

                2026 жылғы 12–13 қазан аралығында Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының оқушылары арасында жедел ішек инфекциясының белгілері тіркелді. 2026…

                  18
                  Sep
                  26

                  FAIO FIZMAT AI OLYMPIAD

                  FAIO 2026: халықаралық олимпиадаға тіркелу ашылды Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі оқушыларды First Almaty AI Olympiad (FAIO) 2026 халықаралық командалық олимпиадасына қатысуға шақырады….

                    29
                    Aug
                    26

                    Жаңа кеңістік, жаңа мүмкіндік

                    Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі филиалының 1972 жылы салынған тарихи ғимараты толық қайта жаңғыртудан өтті. Бұл — мектептің 54 жылдық тарихындағы ғимаратты ауқымды…

                      24
                      Aug
                      26

                      РФММ оқушысы Батырхан Бейганов Ақордадағы кездесуге қатысты

                      Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық пән олимпиадаларында жоғары нәтиже көрсеткен қазақстандық оқушылар мен студенттерді қабылдады. Кездесуге Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы Батырхан Бейганов та…