Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі Алматы қ. филиалы
10
Dec
18

Информатика пәнінен Х Еуразиялық олимпиаданың қорытындылары (ШЫҰ елдері арасында)



2018 ж. 8-9 желтоқсанында Еуразиялық және Жалпы ресейлік бағдарламалау бойынша оқушылардың командалық олимпиадасы өтті. Осы жылы олимпиадаға Қазақстанның барлық өңірлерінен алдын ала іріктеуден өткен шамамен 140 оқушы қатысты. Соңғы 10 жылда Олимпиаданың қорытынды турына 428 команда – 1284 оқушы қатысты.

Олимпиаданың қорытындылары бойынша халықаралық қазылар алқасы Алматы қ. «Республикалық физика-математика мектебінің» 11 сынып оқушыларын (Данияр Закарин, Батыр Сардарбеков, Руслан Джанкуразовты) Информатика пәнінен X Еуразиялық олимпиаданың алтын медалімен және І дәрежелі дипломдармен, бағдарламалау бойынша оқушылардың XIX Жалпы ресейлік командалық олимпиадасының күміс медалімен және І дәрежелі дипломдармен марапаттады.

Данияр Закариннен, Батыр Сардарбековтан, Руслан Джанкуразовтан құралған «Таңғажайып аңдар» РФММ КеАҚ командасы Орта Азия мен Қазақстанның чемпиондары атанды, олар Еуразиялық олимпиаданың алтын медалдарын, сондай-ақ бағдарламалау бойынша оқушылардың Жалпы ресейлік командалық олимпиадасының күміс медалдарын жеңіп алды. Сонымен қатар, Алматы РФММ келесі оқушылары: Тигран Арифулов, Азамат Панов, Имран Турганов, Михаил Юн, Глеб Таркинский Еуразиялық олимпиаданың күміс медалдарын жеңіп алды.

Алматы РФММ келесі оқушылары: Нархан Камзабек, Имангали Темирхан, Парасат Кызырканов, Екатерина Коробейникова, Ярослав Филатов, Данель Байкадамова ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.

БІЗДІҢ ОЛИМПИАДАШЫЛАРДЫ ЖАС ПРОГРАММИСТТЕРДІ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! Біздің барлық олимпиадашыларға келесі олимпиадаларда одан да көп табыс тілейміз!!!

P.S: Осындай таңғажайып жетістіктерге қосқан үлесі үшін біздің келесі жаттықтырушылардың: Темірлан Сатылхановтың, Андрей Кимнің және Роман Чесноковтың рөлін ерекше атап өткіміз келеді! Жігіттер, жарайсыңдар!!!

https://daryn.kz/olympiads/view/4/2870

Айдарлар

    Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:

    05
    Feb
    26

    7-сыныптың конкурстық емтиханына тіркелу басталды!

    Құрметті үміткерлер! Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) 7-сыныбына қабылдау конкурстық іріктеу емтиханы арқылы жүзеге асырылады. Емтиханға тіркелу тәртібі https://admissions.fizmat.kz/ сайтына кіріңіз «Қалай түсуге болады?»…

      04
      Feb
      26

      РФММ-нің оқушылары мен ұстаздары «Шал» фильмін тамашалады

      РФММ-нің жоғары сынып оқушылары, мұғалімдері және бірқатар ата-аналар Алматы қаласында өткен «Шал» қазақ көркем фильмінің арнайы көрсетіліміне қатысып, мазмұны терең, тағылымы мол кездесуге…

        04
        Feb
        26

        Young Researchers Tournament

        2026 жылғы 7–8 ақпан күндері Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі базасында Young Researchers Tournament (YRT) — Жас зерттеушілер турнирі өтеді. YRT — оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметін, эксперименттік ізденісін және…

          03
          Feb
          26

          Республикалық физика-математика мектебіне Shanghai Jiao Tong University университетінің өкілдері келді.

          Республикалық физика-математика мектебіне Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарының бірі — Shanghai Jiao Tong University университетінің өкілдері келді. Мектеп басшылығымен өткен кездесуде алдағы ынтымақтастықтың…

            02
            Feb
            26

            «Зерде» республикалық конкурсында Орынғали Батыржан II орын иеленді

            28–31 қаңтар күндері Щучинск қаласында «Зерде» XXI Республикалық ғылыми-зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсының қорытынды кезеңі өтті. Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 7-сынып…

              31
              Jan
              26

              Ұлттық қор – балаларға: болашаққа инвестиция

              Мемлекет басшысының тапсырмасы іске асырылуда – балаларға жыл сайынғы есептеу жүргізілді ✅ «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында тұрғын үй мен білімге 31,6…

                30
                Jan
                26

                ҚЖО 2026 іріктеу кезеңінің нәтижелері

                Құрметті ҚЖО қатысушылары! Нәтижелер: Математика 6 класс математика результаты ГЖО 2026 Математика 7 класс математика результаты ГЖО 2026 Математика 8 класс математика результаты ГЖО 2026  …

                  15
                  Jan
                  26

                  XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы – 2026

                  Алматы қаласында математика, физика және информатика пәндері бойынша XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. Халықаралық зияткерлік додаға әлемнің 16 елінен 612 оқушы мен 122…

                    14
                    Jan
                    26

                    FIZMAT Education Fair – 2026

                    Алматы қаласында XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы аясында FIZMAT Education Fair – 2026 білім беру көрмесі өтті. Іс-шараға 25 жоғары оқу орны мен білім…

                      10
                      Jan
                      26

                      Алматыда Жәутіков олимпиадасы қатысушыларын салтанатты қарсы алу

                      Алматы қаласында математика, физика және информатика пәндері бойынша XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасына келген халықаралық командалар мен қатысушыларды Қазақстанның ұлттық өнері мен қонақжай дәстүріне…