Phystech.International олимпиадасы
25 қыркүйектен бастап 30 қарашаны қоса алған мерзімде Мәскеу физика-техникалық институты (мемлекеттік университет) оқушылар арасында физика мен математика пәндері бойынша «Phystech.International» атты халықаралық олимпиаданы өткізеді, іс-шара Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының істері, шетелде тұратын азаматтары мен халықаралық гуманитарлық ынтымақтастығы жөніндегі федералды агенттігінің қолдауымен (Ресей ынтымақтастық ұйымы) өтеді.
Phystech.International олимпиадасының жүлдегерлері МФТИ-ге түсу кезінде қосымша артықшылықтарға ие болады.
МФТИ (Физтех) — Ресейдің алдыңғы қатарлы техникалық жоғары оқу орындарының бірі, ол жыл сайын халықаралық рейтингтерде өз орнын күшейтіп отырады. 2018 жылы Times Higher Education сәйкес МФТИ дамушы елдердің ең үздік университеттері қатарындағы Ресейдің екінші университеті болды. Сонымен қатар, ол QS и Times Higher Education нұсқаларына сәйкес физика мен computer science бойынша пәндік рейтингтер бойынша ең үздік 100 университет қатарына кіреді. Superjob рейтинг мәліметтері бойынша МФТИ түлектері ІТ-саласында ең жоғары жалақы алатын мамандардың ішінде. Физтехтың түлектері арасында 10 нобель лауреаты, Forbes журналының ресей тізімінің 20 астам қатысушысы, сондай-ақ танымал ғалымдар мен кәсіпкерлер бар. Мысалы, Давид Ян (ABBYY компаниялар тобының негізін қалаушы және директорлар кеңесінің мүшесі), Сергей Белоусов (халықаралық Acronis ІТ-компаниясының негізін қалаушы), Николай Стронский (Revolut атты еуропаның болашағы зор финтех стартаптардың негізін қалаушылардың бірі) және басқалар. Әйгілі «Физтех жүйесі»: терең іргелі білім және нақты жобалар мен ғылыми-зерттеушілік қызметке қатысу. Түлектердің өздері Физтех оларға кез келген салада қандай да бір міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін негізді бергенін атап өтеді.
МФТИ ерекшелігі оның бір уақытта математика пәнінен университеттік курстың және физика пәні бойынша университеттік курстың оқытылатындығын атап өту қажет. Содан кейін сондай-ақ нақты мамандық оқытылады. Бұл жағдайлар физика-математикалық кең көзқарасты қалыптастыруға, ой-өрісті кеңейтуге, әдістер мен әдістемелерді таңдауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ жаңа физика-математика салаларын динамикалық тұрғыдан меңгеруге мүмкіндік береді.
Мәскеу физика-техникалық институтында келесі бағыттар бойынша дайындықты жүзеге асыратын 6 физтех-мектеп бар:
- Қолданбалы математика мен физика;
- Қолданбалы математика мен информатика;
- Жүйелі талдау мен басқару;
- Информатика мен есептеуіш техника;
- Қозғалыс пен навигацияны басқару жүйелері;
- Биотехнология;
- Терең ғылыми технологиялар мен инновациялар экономикасы;
және мамандықтар:
- Компьютерлік қауіпсіздік.
Олимпиаданы өткізу тәртібі.
Олимпиаданың қорытынды кезеңі математика мен физика пәндері бойынша бөлек оқушының жеке қатысуымен екі күн ішінде өтеді. Олимпиадаға қатысу тегін, Олимпиада орыс тілінде өтеді.
Phystech.International олимпиадасынің қорытынды кезеңі өтетін күні мен уақыты төменде көрсетілген:
Математика – 2018 ж. 8 желтоқсан, 13:00
Физика – 2018 ж. 9 желтоқсан, 13:00
Тапсырмаларды орындау уақыты – 4 астрономиялық сағат.
Қорытынды кезеңге олимпиаданың онлайн турынан өткен оқушылар жіберіледі, ал РФММ оқушылары алдын-ала онлайн турдан өтпей жіберіледі.
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
Байқау тесті басталды!
Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына түсуді жоспарлап жүрген барлық оқушылар үшін байқау тестінің алғашқы нұсқасы жарияланды. Байқау тесті барлық оқушылар үшін қолжетімді. Тест онлайн…
VIII Халықаралық ашық шығармашылық IMPACT Olympiad байқауы
✨Құрметті достар!✨ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Республикалық физика-математика мектебі» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы математика, физика және информатика пәндері бойынша дарынды, шығармашыл ұстаздар…
VIII Fizmat Elementary Math Olympiad (FEMO) халықаралық олимпиадасының қысқы кезеңі
FEMO (Fizmat Elementary Math Olympiad) — Республикалық физика-математика мектебі мен Астана қаласындағы Fizmat Academy жүзеге асырып отырған авторлық халықаралық білім жобасы. Биыл бұл…
Жүлдегерлерді марапаттау
Жүлдегерлерді марапаттау: 6 желтоқсан сағат 11:00. Өтетін орны: РФММ мәжіліс залы. Үйлестіру: 5 желтоқсан (онлайн) 17:00-20:00. Геометрия https://meet.google.com/tdf-kbzz-fid Физика https://meet.google.com/gkx-fcjs-dtb Информатика https://meet.google.com/tpx-bmhy-mqm
XXVI Ашық Қалалық Жәутіков олимпиадасының іріктеу кезеңі!
2025 жылдың 20 желтоқсанында төмендегі пәндер бойынша оқушыларға арналған онлайн-іріктеу өтеді: Математика (6–8 сынып) Физика (7–8 сынып) Информатика (6–8 сынып) Олимпиаданың мақсаты: талантты…
Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р
Республикалық физика-математика мектебі 2026–2027 оқу жылына оқушыларды 7-сыныптарға қабылдауға арналған конкурстық іріктеу бойынша маңызды мерзімдердің бекітілгенін хабарлайды. 6-сынып оқушыларына арналған қабылдау емтиханына онлайн тіркелу 2026…
Президент қазақстандық әлем чемпиондары — шахматшылармен кездесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жас шахмат чемпиондарымен кездесіп, олардың Қазақстанның халықаралық аренадағы спорттық беделін арттырудағы рөлін ерекше атап өтті. Кездесуге қатысқандардың қатарында — 16…
Ақназар Қажымұрат атындағы IV қалалық пәндік олимпиада өз мәресіне жетті!
Ақназар Қажымұрат атындағы IV қалалық пәндік олимпиада өз мәресіне жетті! Алматы қаласы Республикалық физика-математика мектебінің оқушылары жоғары нәтижеге қол жеткізді. Информатика 1 орын •…
Результаты Қазақстан Білім Олимпиадасы 2025
Қазақстан Білім Олимпиадасы (КБО) — ежегодное интеллектуальное соревнование для учащихся 10–11 классов по естественно-математическому направлению: математика, физика, химия, биология, география и информатика. В…
Оксфордта оқыған РФММ мұғалімдері — жаңа белестерде!
2024–2029 жылдарға арналған «РФММ даму Стратегиясын» жүзеге асыру аясында және ұстаздардың біліктілігін арттыру мақсатында Алматы, Астана және Орал қалаларының мұғалімдері Oxford International Study…