Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі Алматы қ. филиалы
14
Oct
18

Мәңгі есімізде



Республикалық физика-математика мектеп ұжымы математика пәнінің мұғалімі Саяқова Бибігүл Мұратбекқызының мезгілсіз қаза табуына байланысты жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтады.

Бибігүл Мұратбекқызы РФММ-де 1997 жылдан жұмыс істеді. Математика кафедрасының меңгерушісі, оқу-тәрбие ісі бойынша директордың орынбасары міндетін атқарды.

Бибігүл Мұратбекқызы РФММ-де жаңартылған білім мазмұнын енгізу мен жүзеге асыруда атқарған еңбегі өлшеусіз еді.

Оның еңбегі ҚР математика пәнін оқытып, дамытуға елеулі үлес қосты. Математика пәнін оқыту әдістемесі бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты, мұғалімдерге арналған «9-сыныптағы геометрия» оқу құралының авторы, сондай-ақ «Математика және физика», «Репетитор», «ФизМат», «Физмат Ревью» ғылыми-әдістемелік журналдарында жарияланған жиырмадан аса мақала авторы.

Бибігүл Мұратбекқызы өз шәкірттеріне тек математика пәнін оқытып қоймай, адамгершіліктің, мейірім мен жан тазалығының үлгісі бола білді, әрбір баламен жеке дара жұмыс жасап, оның бойындағы дарындылықты тани білуі, оның еркін ойлауын құрметтей білуі  РФММ түлектерінің мәңгі есінде қалары сөзсіз.

Бибігүл Мұратбекқызының еңбегін мемлекет те жоғары бағалады: «ҚР үздік педагогі», «ҚР Білім саласының құрметті қызметкері», Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері.

Өз кәсібінің үздік маманы, ерекше талант иесі, қарапайым да сыйлы бола білген Бибігүл Мұратбекқызы өзі еңбек еткен ұжымы, шәкірттері, достары мен жақындарының жүрегінде мәңгілік қалары сөзсіз.

РФММ ұжымы ерекше мұғалімге қатты қайғырады. Оның жарқын жүзі мәңгі есімізде қалады!

Айдарлар

    Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:

    15
    Oct
    26

    Үміткерлер назарына: Қабылдау емтиханы келесі аптаға ауыстырылды

    Құрметті үміткерлер! 2026 жылғы 17 қазанға жоспарланған қабылдау емтиханының ұйымдастырушылық себептерге байланысты келесі аптаға ауыстырылғанын хабарлаймыз. Емтиханның нақты өткізілетін күні мен уақыты туралы…

      14
      Oct
      26

      Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалы уақытша қашықтықтан оқуға жіберілді. ​

      2026 жылғы 12–13 қазан аралығында Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының оқушылары арасында жедел ішек инфекциясының белгілері тіркелді. 2026…

        18
        Sep
        26

        FAIO FIZMAT AI OLYMPIAD

        FAIO 2026: халықаралық олимпиадаға тіркелу ашылды Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі оқушыларды First Almaty AI Olympiad (FAIO) 2026 халықаралық командалық олимпиадасына қатысуға шақырады….

          29
          Aug
          26

          Жаңа кеңістік, жаңа мүмкіндік

          Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі филиалының 1972 жылы салынған тарихи ғимараты толық қайта жаңғыртудан өтті. Бұл — мектептің 54 жылдық тарихындағы ғимаратты ауқымды…

            24
            Aug
            26

            РФММ оқушысы Батырхан Бейганов Ақордадағы кездесуге қатысты

            Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық пән олимпиадаларында жоғары нәтиже көрсеткен қазақстандық оқушылар мен студенттерді қабылдады. Кездесуге Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы Батырхан Бейганов та…

              24
              Aug
              26

              РФММ мұғалімі мемлекеттік марапатқа ие болды

              Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары және оларды дайындаған жаттықтырушы-педагогтермен кездесті. Кездесу барысында үздік ұстаздарға мемлекеттік марапаттар табысталды. Ақордада өткен кездесуге шақырылған…

                13
                Jul
                26

                ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ IYPT 2026 ТУРНИРІНДЕ HONORABLE MENTION МАРАПАТЫНА ИЕ БОЛДЫ

                Цюрих қаласында Жас физиктердің 39-шы халықаралық турнирі — International Young Physicists’ Tournament (IYPT 2026) өз мәресіне жетті. Биылғы турнир әлемнің жетекші жоғары оқу…

                  24
                  Jun
                  26

                  ХАБАРЛАНДЫРУ!

                  Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалының 8-сыныбына түсу үшін мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау бойынша конкурстық іріктеудің қорытындысы шығарылды. Тестілеуге барлығы 1186 үміткер жіберілді….

                    10
                    Jun
                    26

                    8-сыныпқа арналған конкурстық іріктеу өтті

                    Бүгін Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ филиалының 8-сыныбына мемлекеттік білім беру грантын тағайындауға арналған конкурстық іріктеу өтті. Қабылдау емтиханы РФММ-ның Алматы, Астана…

                      10
                      Jun
                      26

                      Қазақстан құрамасы әл-Хорезми олимпиадасында 100% нәтиже көрсетіп, 8 медаль жеңіп алды

                      Өзбекстанның Ташкент қаласында математика және информатика пәндерінен өткен әл-Хорезми халықаралық олимпиадасы (KhMIO) мәресіне жетті. Әлемнің 10 елінен келген дарынды оқушылар бақ сынаған бұл…