Физмат оқушылары дүние жүзілік STEM жобаларда
2018 жылдың жазында Алматы қ. РФММ оқушысы Бекзат Баубек STEM симпозиумының қатысушысы ретінде шақырылды, бұл іс-шара әлемнің ең үздік университеттерінің бірі The University of Hong Kong (QS рейтингінде №26) өтті. Бекзат бірнеше іріктеу кезеңінен өтіп, аталған іс-шараның қатысушысы ретінде табысты іріктелді. Университет біздің оқушының қатысуына толық демеушілік етті.

Бекзат бізбен іс-сапар туралы өзінің әсерлерімен бөлісті:
Гонконг қаласында өткен STEM (Science Technology Engineering Mathematics) білім беру бойынша ұлтаралық симпозиум болашақ қалалар және Заттар интернеті тақырыбына арналған. Ірі қалаларға, мегаполистерге және басқа да күрделі жобаларға арналған алдағы жылдарға есептелген бірнеше бизнес-шешімдер ұсынылды.

Бізге екі студент көмектесті. Тұрмыстық мәселелерді шешуге көмектескен ментор және жобамен жұмыс істеуге көмектескен сәулет мамандығының студенті. Біз рөлдерді бөлдік және мен виртуалды шынайылыққа арналған қосымшаны дайындау бойынша жұмыспен айналысуды шештім.
Біздің жобамыз командадағы әрбір қатысушы идеясының жинағы болды. Осының арқасында ол қанық болды және ұсақ-түйекке дейін әзірленді. Біз Еуропа елдерінің тәжірибесін, құрылыс жүргізудің жаңа техникаларын және қалыпты емес сәулет өнеріндегі шешімдерді енгіздік. Университет бізді барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етті және үлгілеу мен қосымшаларды әзірлеу бойынша шағын курс өткізді.

Негізінен біз жоба бойынша жұмыспен айналыстық және ешқайда шыққан жоқпыз. Тіпті саяхат тек зертханалар бойынша өткізілді және біздерді Университеттің тарихымен таныстырмады. Алайда біздің ментор бізге университеттің барлық бұрыштарын көрсетуге тырысты және біз студенттерге арналған көптеген пайдалы орындардың орналасуы туралы білдік.

Өкінішке орай, біз жүлделердің біреуін де ала алмадық (Гонконг қаласындағы Майкрософт компаниясында тағылымдама, жобаны қаржыландыру, университетте тағылымдамадан өту), бірақ біз әлі де осындай ауқымды жобаға қатысқанымызға және жаңа достар тапқанымызға өте қуанышты болдық.
Мені көп нәрсе таңқалдырды: Гонконгтың мәдениеті, қаланың өзі, адамдар және университет. Профессорлар әсіресе үлкен әсер қалдырды, олар академиялық қызметтен бөлек қызығушылықтарды иеленді. Жалпы алғанда, мен осындай іс-шараға қатысқаныма қуаныштымын және сол жерде танысқан достармен байланысты жалғастырамын деп үміттенемін.

Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалына жаңа директор тағайындалды
Республикалық физика-математика мектебінің Алматы филиалының директоры болып «Математика» мамандығы бойынша PhD докторы Алмаз Мұхамбетұлы Кунгожин тағайындалды. Мейірбек Мейірлан Едігерұлы директор қызметіндегі жұмысын аяқтады….
Хабарландыру
Республикалық физика-математика мектебінде қажетті санитариялық-профилактикалық және залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Анықталған ескертулерді жою бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр. Аталған жағдайға байланысты санитариялық-эпидемиологиялық тергеп-тексеру жалғасуда….
FAIO 2026 халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды
Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ ұйымдастыруымен SDU University базасында өткен FAIO 2026 (Fizmat AI Olympiad) халықаралық жасанды интеллект және машиналық оқыту олимпиадасы өз мәресіне…
Қазақстанда 15 елдің оқушылары жасанды интеллект бойынша FAIO 2026 олимпиадасында бақ сынауда
Алматы, 2026 жылғы 26 қазан. Қаскелең қаласындағы SDU University базасында жасанды интеллект және машиналық оқыту бойынша FAIO 2026 мектеп олимпиадасының финалдық кезеңі басталды….
РФММ оқушысы SAT емтиханынан ең жоғары 1600 балл жинады
Республикалық физика-математика мектебінің 11-сынып оқушысы Ырысдәулет Баймұханбетов халықаралық SAT емтиханынан мүмкін болған 1600 балдың барлығын жинады. Бұл – үздік нәтиже, өйткені емтиханға қатысушылардың…
Үміткерлер назарына: Қабылдау емтиханы келесі аптаға ауыстырылды
Құрметті үміткерлер! 2026 жылғы 17 қазанға жоспарланған қабылдау емтиханының ұйымдастырушылық себептерге байланысты келесі аптаға ауыстырылғанын хабарлаймыз. Емтиханның нақты өткізілетін күні мен уақыты туралы…
Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалы уақытша қашықтықтан оқуға жіберілді.
2026 жылғы 12–13 қазан аралығында Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының оқушылары арасында жедел ішек инфекциясының белгілері тіркелді. 2026…
FAIO FIZMAT AI OLYMPIAD
FAIO 2026: халықаралық олимпиадаға тіркелу ашылды Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі оқушыларды First Almaty AI Olympiad (FAIO) 2026 халықаралық командалық олимпиадасына қатысуға шақырады….
Жаңа кеңістік, жаңа мүмкіндік
Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі филиалының 1972 жылы салынған тарихи ғимараты толық қайта жаңғыртудан өтті. Бұл — мектептің 54 жылдық тарихындағы ғимаратты ауқымды…
РФММ оқушысы Батырхан Бейганов Ақордадағы кездесуге қатысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық пән олимпиадаларында жоғары нәтиже көрсеткен қазақстандық оқушылар мен студенттерді қабылдады. Кездесуге Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы Батырхан Бейганов та…