Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі
26
Sep
18

Физика пәні бойынша оқушылардың Мәскеу олимпиадасы



2018 жылдың 7 қазанында Алматы қаласындағы РФММ негізінде (сағат 8:30 отырғызу, сағат 9:00 басталу) физика пәні бойынша оқушылардың Мәскеу олимпиадасының нөлдік туры өтеді. Олимпиадада көзбе-көз тапсырма берілетін болады. Тапсырманы орындауға 2 сағат 30 минут бөлінеді.

Физика пәні бойынша ОМО-ның нөлдік турына қатысу үшін Бірыңғай тіркеу жүйесі (БТЖ) арқылы алдын ала тіркелу қажет және келесі сілтеме бойынша өтінімді беру немесе http://mosphys.olimpiada.ru/news/345 сілтемесі бойынша өту керек.

Тіркеу кезінде өтетін жерді таңдау қажет, оқушы сол нүктеде тапсырманы орындауды жоспарлайды.

Тіркеу өткеннен кейін олимпиаданы орындауға арналған арнайы бланктерді басып шығару жөн болады (олимпиада өткізілгенге дейін бірнеше күн бұрын қол жетімді болады).

05.10 — 07.10 аралығында тапсырманы екі рет орындалауға (әр түрлі нүктелерде әр түрлі басталу уақытын қолдану арқылы, соның ішінде бірнеше тіркеулік жазбаны құру жолымен, әр түрлі бланктерді басып шығаруға және т.б.) тыйым салынған. 05.10 — 07.10 аралығында тапсырманы екі рет орындаған қатысушы бұл тапсырма үшін 0 ұпай алады.

 

Нөлдік турға қатысатын барлық оқушылар өзімен бірге келесі заттарды алып келу қажет:

  • бланктер, олар қатысушының жеке кабинетінен басып шығарылады (олар олимпиадаға рұқсат болып табылады);
  • екі қара гел сиясы бар қалам:

Қатысушыларға келесі заттарды өзімен бірге алып келуге рұқсат етіледі (және ұсынылады):

  • сызғыш, транспортир, циркуль;
  • инженерлік бағдарланбайтын микрокалькулятор;
  • ішетін су (мөлдір қаптамада);
  • шоколад (сылдырламайтын қаптамада);
  • сағат;
  • ауыстырылатын аяқ-киім.

Қатысушыларға өзімен бірге келесі заттарды алып келуге тыйым салынады:

  • ұялы телефондар, сондай-ақ ақпаратты нақтылауға, сақтауға, қабылдауға, бөлісуге мүмкіндік беретін кез келген техникалық құрылғылар;
  • анықтамалық әдебиет;
  • бағдарланатын микрокалькуляторлар, микрокомпьютерлер.

М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде физика бойынша олимпиада алғаш рет физика факультетінде 1939 жылы ұйымдастырылды және сол уақыттан бастап оны өткізу дәстүрге айналды. 1978 жылдан бастап бұл олимпиада бір уақытта физика пәні бойынша оқушылардық Мәскеу қалалық олимпиадасы болды. 2008 жылға дейін ол Мәскеу аймақтық олимпиадасы болды (Оқушылардың жалпы ресей олимпиадасының 4 кезеңі) және физика пәні бойынша оқушылардың жалпы ресей олимпиадасының қорытынды кезеңінің алдында өтті. 2009 жылы олимпиада «Физика пәні бойынша оқушылардың Мәскеу олимпиадасы» атауын алды, ал 2014 жылы олимпиада 75 рет өтті.

Қазіргі таңда олимпиада екі кезеңнен тұрады: іріктеу кезеңі (нөлдік тур) және қорытынды көзбе-көз кезең, ол екі теориялық турдан құралады. Іріктеу кезеңі көзбе-көз жеке қатысу және сырттай (қашықтан) өтеді. Қорытынды кезеңнің екі туры М. В. Ломоносов атындағы ММУ физика факультетінде және РФ көптеген өңірлерінде өтетін болады.

2013/14 оқу жылында іріктеу кезеңіне 72 РФ субъектісінен және бес ТМД елінен 11 мыңнан астам оқушы қатысты. Қорытынды кезеңінің турлары Мәскеуде, сондай-ақ 57 РФ өңірінің өңірлік алаңдарында, Беларусь және Қазақстанда өтті.

Айдарлар

    Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:

    01
    Jun
    25

    Естеліктерге толы ерекше кеш

    31 мамыр күні мектебіміздің қабырғасында мектептің әр жылдардағы 500-ге жуық мерейтойлық түлектері бас қосып, мектептегі естеліктерін, аяулы ұстаздары мен жанға жақын сыныптастарын еске…

      30
      May
      25

      Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі – еліміздегі ең үздік олимпиадалық мектеп атанды.

      2024–2025 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңінде Алматы Республикалық физика-математика мектебі (Алматы РФММ) 76 ұпаймен республикалық рейтингте…

        30
        May
        25

        TasIMO-2025: Жаңа жеңістерге жол ашқан Ташкент!

        2025 жылғы 18–20 мамыр аралығында Ташкент қаласында 48 ел мен Өзбекстанның 14 өңірінен келген 850-ден астам қатысушыны біріктірген TasIMO-2025 халықаралық олимпиадасы өтті. Алматы…

          26
          May
          25

          “Мектебім, саған мың алғыс”

          Бүгін Алматы қаласындағы РФММ-де 11-сынып оқушылары үшін соңғы қоңырау соғылып, “Мектебім, саған мың алғыс” атты салтанатты жиын өтті. Жас түлектерімізді бала шақтан болашаққа…

            26
            May
            25

            «Мектеп мақтанышы – 2025»

            23 мамыр күні РФММ-де жыл сайынғы игі дәстүрге айналған «Білімім – Отанымa!» атты салтанатты жиыны өтті. Оның барысында үздік оқушыларға мектебіміздің ең беделді…

              20
              May
              25

              «IMPACT STUDENTS» республикалық олимпиадасы

              2025 жылғы 17 мамыр күні «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ ұйымдастыруымен алғаш рет «IMPACT STUDENTS» республикалық олимпиадасы өтті. Білім беру саласындағы маңызды жаңа жобаны…

                16
                May
                25

                Ескірмейтін естеліктер кеші…

                Құрметті РФММ түлектері! Сағынышпен әрі ілтипатпен балалықтың бастауы болған алтын ұя мектебімізге — есер шақтың қызықтарын еске алу үшін кездесуге шақырамыз. 2025 жылғы…

                  14
                  May
                  25

                  «Science. Technology. Algorithmization. Programming» атты VII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының нәтижелері

                  2025 жылы 25–26 сәуірде «Science. Technology. Algorithmization. Programming» атты VII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы онлайн форматта сәтті өтті! 375 оқушы тіркеліп, 12 секция бойынша…

                    10
                    May
                    25

                    Қалалық Жәутіков олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті

                    2025 жылдың мамыр айында қалалық Жәутіков олимпиадасының қорытынды кезеңі өткізілді. Олимпиаданың ақтық мәресіне жалпы саны 278 оқушы қатысты. Зияткерлік сайыстың нәтижесінде жоғары білім…

                      08
                      May
                      25

                      Ақпараттық хат ҚЖО 2025

                      2025 жылдың 9-10 мамыр арасында Алматы және Астана қалаларында КеАҚ «Республикалық физика-математика мектебінде» оқушылар арасында математика (6-8 сынып), физика (7-8 сынып), информатика (6-8…