Taste of profession – өндіріске бірінші шығу
Физмат «Environmental Project» саяхат сериясынан бірінші саяхатты бастады. 23 қыркүйекте РФММ және Haileybury оқушылары бірлесіп Алматы ЖЭО-2 станциясына іс-сапар жасады. Жылуэлектрорталығы (ЖЭО) бұл жылу электр станциясының бір түрі, ол тек электр қуатын ғана емес, сондай-ақ орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелерінде жылу энергиясының көзі болып табылады.

Сіздің назарыңызға 11 «А» сыныбының оқушысы Жұлдызай Тлеубергеннің пікірін ұсынамыз: «ЖЭО-2 қаланың шетінде Алғабас кентінде орналасқан. Біз болған станция Алматыдағы ең үлкен станция болып саналады және біздің Алматы аймағының тұтынушыларын шамамен 70% электр және жылу энергиясымен қамтамасыз етеді.
Саяхат барысында бізге ЖЭО жұмысында табиғи отынның қуаты қалай пайдаланылатыны көрсетілді. Ол көмірді, табиғи газды, мазутты және т.б. жағу кезінде бөлінеді. Күн сайын станцияға шамамен он үш вагон көмір әкеледі (1 вагон = ~5 тонна көмір), содан кейін әр вагонды 175 ̊ бұрады да, барлық көмірді өңдеуге жібереді. Машина залында су құйылған сегіз қазан орнатылған (олардың алтауы КСРО кезеңінен қолданыста, қалған екеуі 2013 және 2016 жылдары орнатылды). Бұл қазандарда отын жанған кезде су 550 ̊С дейін көтеріледі және буға айналады. Бу қысым астында айналатын бу турбинасының қалақшаларын айналдырады. Турбина өз кезегінде электр тоғын өндіріп шығаратын генераторды айналдырады.

Сонымен қатар, станция қаланы тек электр қуатымен ғана емес сондай-ақ жылумен, тазартылған ыстық сумен қамтамасыз етеді.
ЖЭО-2 станциясында 650 астам қызметкер жұмыс жасайды. Жылу энергия станциясы сияқты кәсіпорындардың түрлерінде жұмыс жасау үшін бізге «Электр энергетикасы», «Жылу энергетикасы», «Құрылғы жасау» мамандықтарына оқуға түсуді ұсынды. Қазақстанда осындай мамандықтар бойынша ҚазҰТУ, АЭжБУ, ҚазҰУ университеттерінде білім алу ұсынылады.
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
7-сыныптарға арналған конкурстық іріктеу нәтижесі туралы ақпарат
2026 жылғы 25 сәуірде «РФММ» КеАҚ-тың Астана және Алматы қалаларындағы филиалдарының 7-сыныптарына мемлекеттік білім беру гранты негізінде оқушыларды қабылдау бойынша конкурстық іріктеу өткізілді….
7-сыныптарға арналған білім беру гранты бойынша «РФММ» КеАҚ филиалдарына конкурстық іріктеу туралы ақпарат
2026 жылғы 25 сәуірде «РФММ» КеАҚ-тың Астана және Алматы қалаларындағы филиалдарының 7-сыныптарына білім беру гранты негізінде оқушыларды қабылдау бойынша конкурстық іріктеу өткізілді. Конкурстық…
РФММ оқушысы Батырхан Бейганов Балқан математика олимпиадасының қола жүлдегері атанды
Алматы қаласы РФММ оқушысы Батырхан Бейганов Грекияның Салоники қаласында өткен 43-ші Халықаралық Балқан математика олимпиадасында (BMO-2026) қола жүлдегер атанды. BMO – аймақтағы ең…
FIZMAT STEM Lab: English Edition жазғы мектебіне жазылыіыз!
Құрметті достар! Сіздерді FIZMAT STEM Lab: English Edition жазғы мектебіне қатысуға шақырамыз! Қатысу шарттары: Ағылшын тілі бойынша онлайн тест тапсырыңыз. Нәтиже 50% және одан жоғары…
Хабарландыру
Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына оқуға түсу үшін білім беру грантын алу мақсатындағы конкурстық іріктеу емтиханы 2026 жылғы 25 сәуір күні Қазақстанның аталған қалаларында…
Қабылдау емтиханы туралы ақпарат
Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына оқуға түсу үшін білім беру грантын алу мақсатындағы конкурстық іріктеу емтиханы 2026 жылғы 25 сәуірде өтеді. Тіркелу және емтихан…
Қазақстан математиктерінің Тұңғыш конгресі өтті
Қазақстан математиктерінің Тұңғыш конгресі өтті! Шымкент қаласы еліміздің ең үздік математиктері мен ғалымдарының басын қосқан ғылым орталығына айналды. Бұл ауқымды шара — отандық…
Астанада АТМО және «Жібек жолы» халықаралық олимпиадалары өтті
Астана қаласында халықаралық математикалық олимпиадалар — XXXVIII Азия–Тынық мұхиты математикалық олимпиадасы (АТМО) және «Жібек жолы» халықаралық математикалық олимпиадасы өтті. АТМО қорытындысы бойынша Республикалық…
«Математикалық регата — 2026»: РФММ командасы I орын иеленді
2026 жылы өткен «Математикалық регата» республикалық олимпиадасының қорытындысы бойынша «РФММ» командасы үздік нәтиже көрсетіп, I орынды иеленді. Аталған беделді білім додасына «Республикалық физика-математика…
Алматы РФММ тренері бағдарламалаудан халықаралық чемпионаттың жүлдегері атанды
Алматы қаласындағы РФММ-нің информатика пәні бойынша жаттықтырушысы Қуанышбай Айбар спорттық бағдарламалау бойынша Central Asia Programming Championship 2026 халықаралық чемпионатында II орын иеленді. Жарыс…