Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі
11
Sep
18

Advanced Placement (AP)



Құрметті 10 сыныптың оқушылары мен олардың ата-аналары!!!

Сіздерді осы жылы АР бағдарламасының енгізілуі туралы хабардар етуге қуаныштымыз. АР бағдарламасының мәні – жоғарғы сынып оқушылары пәндерді университеттің бірінші курсы деңгейінде ағылшын тілінде оқитын болады.Оқу барысында оқушыларға бағалар қойылады және олар оқудың соңында білімдерін растау үшін емтихан тапсыра алады. Аталған бағдарламада 30 астам пән бар, бірақ «РФММ» КеАҚ осы жылы тек келесі екі пәнді енгізеді: АР математикалық талдау және АР физика (механика, электр магнетизмі).

Бағдарламаның презентациясы 11 қыркүйекте 4 сабақтан кейін сағат 11:05 мектептің акт залында өтеді.

Іріктеу емтиханы 13 қыркүйекте 9 сабақтан кейін өтетін болады, кабинеттерді кейін хабарлаймыз.

Advanced Placement (AP) – университеттерге түсуге даярлайтын курстардан тұратын «пәнді тереңдетіп оқу бағдарламасы».  Advanced Placement бағдарламасын Жоғарғы оқу орындарының кеңесі (the College Board) әзірледі, ол AP және SAT емтихандарының өтуін басқарады. AP бағдарламалары сондай-ақ Ұлыбританияның ең беделді университеттеріне түсу кезінде тапсыруды қажет ететін AP емтихандарын ұсынады, АР нәтижелерін сондай-ақ АҚШ-тың ЖОО жоғары бағалайды.

Айдарлар

    Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:

    17
    Apr
    25

    ҚЖО іріктеу кезеңінің нәтижелері

    Құрметті ҚЖО қатысушылары! Қорытынды кезең 2025 жылғы 9-10 мамырда Алматы және Астана қалаларындағы РФММ базасында өтеді. Қорытынды кезеңге өткен қатысушыларға 2025 ж. 25…

      14
      Apr
      25

      Хабарландыру

      Құрметті қатысушылар! Қалалық Жәутіков Олимпиадасының (ҚЖО) іріктеу кезеңінің нәтижелері 17 сәуірде мектебіміздің сайтында жарияланады. Қатысқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз, барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!

        14
        Apr
        25

        BOLT.M3 командасы халықаралық жарыста Connect Award марапатына ие болды

        Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің @bolt.m3 командасы АҚШ-тың Массачусетс штаты, Спрингфилд қаласында өткен New England Premier Event халықаралық жарысында жоғары нәтижеге қол жеткізіп,…

          14
          Apr
          25

          «Педагогикалық шеберлікпен бөлісу: Республикалық физика-математика мектебі ұстаздарының тәжірибесі» атты қалалық тәжірибелік-семинар өтті.

          12 сәуір күні Алматы қаласындағы “Республикалық физика-математика мектебі” КеАҚ базасында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығымен бірлесе отырып, «Педагогикалық шеберлікпен бөлісу: Республикалық физика-математика мектебі…

            11
            Apr
            25

            Қалалық жәутіков олимпиадасына тіркелген қатысушылар тізімі

            Құрметті қатысушылар! Жарияланған тізімнен өзіңіздің электрондық поштаңызды тексерулеріңізді сұраймыз. Нұсқаулық пен тапсырма дәл сол көрсетілген электрондық поштаңызға жіберіледі. Егер электрондық поштаңызда қате барын…

              04
              Apr
              25

              ҚАЛАЛЫҚ ЖӘУТІКОВ ОЛИМПИАДАСЫ 2025!

              2025 жылғы 12 сәуірде: математика (6-8 сынып) физика (7-8 сынып) информатика (6-8 сынып) пəндері бойынша мектеп оқушылары арасында XXV ашық қалалық Жəутіков олимпиадасының іріктеу…

                31
                Mar
                25

                Haileybury Almaty мектебінде 9-11 сынып оқушылары арасында математика және география пәндерінен республикалық олимпиада өтті

                23-28 наурыз аралығында Haileybury Almaty мектебінде 9-11 сынып оқушылары арасында математика және география пәндерінен республикалық олимпиада өтті. Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ)…

                  31
                  Mar
                  25

                  XVІI Эйлер Олимпиадасының финалдық кезеңі өтті

                  25-27 наурыз күндері Алматы қаласында, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың механика-математика факультетінде, XVІI Эйлер Олимпиадасының финалдық кезеңі өтті. Бұл сайысқа Қазақстанның әр өңірінен келген аймақтық…

                    28
                    Mar
                    25

                    Биология және физика пәндері бойынша өткен республикалық олимпиадада Алматы РФММ оқушылары 3 алтын, 3 күміс, 4 қола медаль иеленді

                    Астана қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы биология және физика пәндері бойынша өткен республикалық олимпиадада Алматы РФММ оқушылары 3 алтын, 3 күміс, 4 қола медаль иеленіп,…

                      14
                      Mar
                      25

                      Бұл мектеп – мен үшін өмір мектебі…

                      Мен, Бейсембаева Жаннұр Мелісқызы, Республикалық физика-математика мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімімін. Осы мектепте қызмет атқарып келе жатқаныма 25 жыл. Бұл мектеп…