Ахмет Байтұрсынұлының туған күні құрметіне 9 «Ж» сыныбының оқушылары А. Байтұрсынұлы атындағы мұражай үйге барып қайтты
Ахмет Байтұрсыновтың туған күні құрметіне 5 қыркүйекте Қазақстан халықтарының Тілдер күні аталып өтеді. «ҚР тілдер аптасы» шеңберінде РФММ 9 «Ж» сыныбының оқушылары (сынып жетекшісі Ахметова Галия Зейнуллаевна) А. Байтұрсынов атындағы мұражай үйіне барып қайтты.
Ахмет Байтұрсынов – XX ғасырдың басында қазақ демократиялық қозғалысының көшбасшысы, ағартушы, лингвист ғалым, көрнекті саяси және қоғам қайраткері, қазақ тілі орфографиясын жаңартушы, ақын, публицист. Ол тұңғыш жалпы ұлттық «Қазақ» газетінің негізін қалады. Қоғамдық өмірдің дамуына және қазақ мәдениетінің дамуына А. Байтұрсыновтың қосқан үлкен үлесі бүгінде жас ұрпаққа үлгі ретінде қызмет етеді.
Мұражайдың тарихынан
1988 жылы «Алаш Орда» көшбасшысы ақталғаннан кейін балалары мен немерелері оның атындағы Қоғамдық қорды құрды және олардың жан-ұясы тұрған үйде мұражай ашуды шешті. Фотосуреттер, қол жазбалар және басылған еңбектері тұтқындау кезінде жойылды. Тіпті А. Байтұрсынұлы авторы болған және құрған «Қазақ тілінің әлібиі» оқу құралына тыйым салынды. Халық жауының отбасын үйден шығарып жіберді. Балалары мен немерелері көптеген жылдар бойы басқа текті қолданып өмір сүрді. Жәдігерлерді қиындықпен жинады. Ғылыми қызметкер Райхан Сахитбековна Имаханбет мұражайдың құрылуына үлкен көмек көрсетті, бұл оның өмірлік ісіне айналды.
Мұражайдың сипаттамасы
Мұражай үш бөлмені : бұрыңғы асхана бөлмесін, балалар бөлмесін және отбасы басының кабинетін алады. Ең үлкен және жарық залдарда Байтұрсынұлының отбасы, оның достары мен пікірлестері туралы баяндайтын құжаттар мен фотосуреттердің түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылған. Кішкене қараңғы бөлмеде жәдігерлердің саны шамалы.
Саяхат оқушылар үшін пайдалы болды. Ол Байтұрсынұлының қайғылы тағдырымен жақын танысуға, оның немересінен тікелей атақты саяси және қоғам қайраткерінің өмірі туралы білуге мүмкіндік берді.
Р.С. Имаханбет РФММ кітапханасына сый ретінде өзінің Ахмет Байтұрсынұлы мұражайы жайындағы кітабын сыйлады.
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы – 2026
Алматы қаласында математика, физика және информатика пәндері бойынша XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. Халықаралық зияткерлік додаға әлемнің 16 елінен 612 оқушы мен 122…
FIZMAT Education Fair – 2026
Алматы қаласында XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы аясында FIZMAT Education Fair – 2026 білім беру көрмесі өтті. Іс-шараға 25 жоғары оқу орны мен білім…
Алматыда Жәутіков олимпиадасы қатысушыларын салтанатты қарсы алу
Алматы қаласында математика, физика және информатика пәндері бойынша XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасына келген халықаралық командалар мен қатысушыларды Қазақстанның ұлттық өнері мен қонақжай дәстүріне…
Алматыда Математика, физика және информатика бойынша Халықаралық Жәутіков олимпиадасы IZhO2026 өтеді
2026 жылғы 10-15 қаңтар аралығында Алматыда оқушыларға арналған математика, физика және информатика бойынша 22-ші Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтеді. Олимпиадаға әлемнің 16 елінен 622…
FIZMAT Education Fair – 2026
XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы аясында өтетін «FIZMAT Education Fair – 2026» халықаралық білім беру көрмесіне барлық оқушыларды шақырамыз ✨ «FIZMAT Education Fair –…
Байқау тесті басталды!
Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына түсуді жоспарлап жүрген барлық оқушылар үшін байқау тестінің алғашқы нұсқасы жарияланды. Байқау тесті барлық оқушылар үшін қолжетімді. Тест онлайн…
VIII Халықаралық ашық шығармашылық IMPACT Olympiad байқауы
✨Құрметті достар!✨ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Республикалық физика-математика мектебі» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы математика, физика және информатика пәндері бойынша дарынды, шығармашыл ұстаздар…
VIII Fizmat Elementary Math Olympiad (FEMO) халықаралық олимпиадасының қысқы кезеңі
FEMO (Fizmat Elementary Math Olympiad) — Республикалық физика-математика мектебі мен Астана қаласындағы Fizmat Academy жүзеге асырып отырған авторлық халықаралық білім жобасы. Биыл бұл…
Жүлдегерлерді марапаттау
Жүлдегерлерді марапаттау: 6 желтоқсан сағат 11:00. Өтетін орны: РФММ мәжіліс залы. Үйлестіру: 5 желтоқсан (онлайн) 17:00-20:00. Геометрия https://meet.google.com/tdf-kbzz-fid Физика https://meet.google.com/gkx-fcjs-dtb Информатика https://meet.google.com/tpx-bmhy-mqm
XXVI Ашық Қалалық Жәутіков олимпиадасының іріктеу кезеңі!
2025 жылдың 20 желтоқсанында төмендегі пәндер бойынша оқушыларға арналған онлайн-іріктеу өтеді: Математика (6–8 сынып) Физика (7–8 сынып) Информатика (6–8 сынып) Олимпиаданың мақсаты: талантты…





