Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі Алматы қ. филиалы
13
Jul
18

59th INTERNATIONAL MATHEMATICAL OLYMPIAD



Румынияның Клуж-Напока қаласында 59 Халықаралық математикалық олимпиада (IMO-2018) аяқталды. Қазақстан құрамасы өзінің өткен жылғы нәтижесін жақсартты, бейресми командалық есепте 110 қатысушы елдің арасынан 25 орыннан 18 орынға дейін көтерілді.

Бұл Қазақстан құрамасының соңғы 8 жылда ең үздік нәтижесі. Осы ретте «РФММ» КеАҚ 11 сынып оқушысы Аружан Аманбаева бұл табысқа үлкен үлес қосты.

Аружан ерекше олимпиадашы болып табылады, ол әр түрлі халықаралық олимпиадалардың, атап айтқанда IMO үшінші рет жүлдегері болып табылады. Ол құрамадағы жалғыз қыз бала оқушы және 2018 жыл бойынша Қазақстан құрамасында ең үздік нәтижені иеленеді.

Қазақстан тарихына Аружан өз атын 2018 жылдың күміс медалінің иегері, 2017 және 2016 жылдардың қола медалдарының иегері ретінде енгізді, ол Қазақстан құрамасындағы IMO екінші қыз бала қатысушысы және оның нәтижесі  қазақстандық қыздар арасында ең үздік болып табылады.

Сондай-ақ Аружан әлемнің ең үздік жоғары оқу орындарына шақыруларды иеленеді, алайда ол Массачусет технологиялар институтын (MIT, АҚШ) таңдады. Сонымен қатар, Қазақстан атынан IMO олимпиадасына алғаш рет қатысқан қыз бала Айзана Тұрмұхаметова сондай-ақ РФММ түлегі болып табылады және ол да осы жоғары оқу орнын бітірді.

Аружанды құттықтаймыз, оған болашақ жеңістер мен шығармашылық табыстар тілейміз!

Айдарлар

    Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:

    13
    Jul
    26

    ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ IYPT 2026 ТУРНИРІНДЕ HONORABLE MENTION МАРАПАТЫНА ИЕ БОЛДЫ

    Цюрих қаласында Жас физиктердің 39-шы халықаралық турнирі — International Young Physicists’ Tournament (IYPT 2026) өз мәресіне жетті. Биылғы турнир әлемнің жетекші жоғары оқу…

      24
      Jun
      26

      ХАБАРЛАНДЫРУ!

      Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалының 8-сыныбына түсу үшін мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау бойынша конкурстық іріктеудің қорытындысы шығарылды. Тестілеуге барлығы 1186 үміткер жіберілді….

        10
        Jun
        26

        8-сыныпқа арналған конкурстық іріктеу өтті

        Бүгін Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ филиалының 8-сыныбына мемлекеттік білім беру грантын тағайындауға арналған конкурстық іріктеу өтті. Қабылдау емтиханы РФММ-ның Алматы, Астана…

          10
          Jun
          26

          Қазақстан құрамасы әл-Хорезми олимпиадасында 100% нәтиже көрсетіп, 8 медаль жеңіп алды

          Өзбекстанның Ташкент қаласында математика және информатика пәндерінен өткен әл-Хорезми халықаралық олимпиадасы (KhMIO) мәресіне жетті. Әлемнің 10 елінен келген дарынды оқушылар бақ сынаған бұл…

            08
            Jun
            26

            ХАБАРЛАНДЫРУ!

            Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ филиалының 8-сыныбына білім беру грантына үміткерлерді конкурстық іріктеу 2026 жылғы 10 маусымда өтеді. Конкурстық комиссия белгілеген тәртіпке сәйкес…

              18
              May
              26

              7-сыныптарға арналған конкурстық іріктеу нәтижесі туралы ақпарат

              2026 жылғы 25 сәуірде «РФММ» КеАҚ-тың Астана және Алматы қалаларындағы филиалдарының 7-сыныптарына мемлекеттік білім беру гранты негізінде оқушыларды қабылдау бойынша конкурстық іріктеу өткізілді….

                16
                May
                26

                7-сыныптарға арналған білім беру гранты бойынша «РФММ» КеАҚ филиалдарына конкурстық іріктеу туралы ақпарат

                2026 жылғы 25 сәуірде «РФММ» КеАҚ-тың Астана және Алматы қалаларындағы филиалдарының 7-сыныптарына білім беру гранты негізінде оқушыларды қабылдау бойынша конкурстық іріктеу өткізілді. Конкурстық…

                  12
                  May
                  26

                  РФММ оқушысы Батырхан Бейганов Балқан математика олимпиадасының қола жүлдегері атанды

                  Алматы қаласы РФММ оқушысы Батырхан Бейганов Грекияның Салоники қаласында өткен 43-ші Халықаралық Балқан математика олимпиадасында (BMO-2026) қола жүлдегер атанды. BMO – аймақтағы ең…

                    05
                    May
                    26

                    FIZMAT STEM Lab: English Edition жазғы мектебіне жазылыіыз!

                    Құрметті достар! Сіздерді FIZMAT STEM Lab: English Edition жазғы мектебіне қатысуға шақырамыз! Қатысу шарттары: Ағылшын тілі бойынша онлайн тест тапсырыңыз. Нәтиже 50% және одан жоғары…

                      24
                      Apr
                      26

                      Хабарландыру

                      Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына оқуға түсу үшін білім беру грантын алу мақсатындағы конкурстық іріктеу емтиханы 2026 жылғы 25 сәуір күні Қазақстанның аталған қалаларында…