Мырза Ұлықбек атындағы физика мен астрономия бойынша І Халықаралық олимпиада

2018 жылдың 19-23 маусымы аралығында Өзбекстанның Самарқанд қаласында Мырза Ұлықбек атындағы физика мен астрономия бойынша I халықаралық олимпиада өтті. Барлығы келесі 4 елден: Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Қазақстаннан келген 6 команданың құрамында 33 қатысушы олимпиадаға қатысты. Біздің елдің атынан келесі 2 команда: Шымкент қ. ХББ НЗМ және Алматы қ. РФММ қатысты.
РФММ құрама командасы Нұрғали Қойшыбаев атындағы олимпиаданың және Республикалық астрономиялық турнирдің нәтижелері бойынша құрылды. Бұл – негізінен халықаралық олимпиадаларға қатысу тәжірибесі қажет болашағы зор оқушылар. Команда екі 8 сынып оқушысынан, екі 9 сынып оқушысынан және екі 10 сынып оқушысынан құралды, осы ретте олардың қарсыластары негізінен 10 және 11 сыныптардың оқушылары болды.
Өзбек жағының олимпиада қатысушыларын өте жылы қарсы алғанын атап өту қажет. Самарқанд вокзалында балаларды ең қымбат қонақтар ретінде үрмелі ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен жанды дәліз жасап, нанмен, жаңғақтармен және кептелген жемістермен қарсы алды. Қатысушыларға қала бойынша қозғалыс кезінде МАИ қызметкерлері және жедел жәрдем қызметі ілесті, осы ретте Алматы қаласына мемлекеттердің жоғары лауазымды тұлғалары келгендей көшелер бұғатталды.
Қонақтарға тарихы 2500 жылдан асатын қаланың негізгі сәулет және рухани көрікті жерлерін көрсетуге ұмтылды. Қатысушыларды қаланың орталығында орналасқан жайлы қонақүйде орналастырды. Олимпиаданың өзі және негізгі іс-шаралар Самарқанд мемлекеттік университетінің негізінде өтті.
Олимпиаданың форматы Халықаралық Жәутіков олимпиадасын (ХЖО) өткізу форматына ұқсайды. Тіпті қазылар алқасының құрамында ХЖО қазылар алқасының екі дәстүрлі мүшесі болды.
Олимпиаданың нәтижелері бойынша РФММ келесі екі қатысушысы медальдармен марапатталды: Телман Ерасыл, 10 сынып – қола және Амангелді Ислам, 9 сынып – күміс.
Жүлдегерлерді құттықтаймыз және барлық қатысушыларға болашақ жеңістер тілейміз!
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
1–10 сынып оқушыларын Халықаралық IFSS Junior Turkey 2025 жазғы мектебіне шақырамыз!
Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) мен Fizmat Academy орталығы бірлесе отырып, Түркия елінде оқушыларға арнап қызықты демалыс ұйымдастырады Балаңызға оқу, теңіз, жаңа достар және…
Оксфордтағы жазғы білім беру бағдарламасы (Ұлыбритания)
Оксфордтағы жазғы білім беру бағдарламасы (Ұлыбритания) 20 шілде – 3 тамыз 2025 жыл. Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) Fizmat Academy орталығымен бірлесе отырып, 8–10…
Эдгар Мамедов — Қазақстан тарихында ең жас гроссмейстер халықаралық атағын иеленген шахматшы!
Испанияда өткен беделді IX Open Internacional Semana Santa San Vicente del Raspeig Costa Blanca 2025 A турнирінде Эдгар 9 мүмкіндіктен 7 ұпай жинап,…
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Алматы қаласындағы РФММ-де ұлттар достығын дәріптеген ерекше фестиваль өтті.
Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына – 30 жыл. Біз бәріміз – түрлі тілде сөйлейтінімізге қарамастан, бір шаңырақ астында, ортақ тарих пен құндылықтарды бөліскен…
2025 жыл – Қабылдау емтиханы
«Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ филиалдарының 7-сыныбында оқу үшін білім беру грантын тағайындау бойынша конкурстық іріктеу 2025 жылғы 27 сәуірде ұйымдастырылды. 2025 жылғы 15…
2025-2026 оқу жылына білім беру қызметтерінің бекітілген құнымен танысуды сұраймыз.
Құрметті ата-аналар/заңды өкілдер! 2025-2026 оқу жылына білім беру қызметтерінің бекітілген құнымен танысуды сұраймыз. 2025-2026 оқу жылы үшін Алматы қаласы РФММ КеАҚ филиалында оқу…
Қабылдау емтиханы 27 cәуір күні өтеді
ХАБАРЛАНДЫРУ! Республикалық физика-математика мектебіне 7-сыныпқа қабылдау емтиханы 2025 жылғы 27 сәуірде өтеді. Қабылдау емтиханы Қазақстанның 7 қаласында – Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау, Түркістан және Оралда ұйымдастырылады. Рұқсатнама барлық…
Емтихан алдында бланк жаттығуы
Құрметті оқушылар мен ата-аналар! Негізгі емтиханға қатыспас бұрын жауап парағын толтыру тәртібімен алдын ала танысып, жаттығу жүргізуді сұраймыз. Жауап парағын дұрыс толтыру ережелері:…
ҚЖО іріктеу кезеңінің нәтижелері
Құрметті ҚЖО қатысушылары! Қорытынды кезең 2025 жылғы 9-10 мамырда Алматы және Астана қалаларындағы РФММ базасында өтеді. Қорытынды кезеңге өткен қатысушыларға 2025 ж. 25…
Хабарландыру
Құрметті қатысушылар! Қалалық Жәутіков Олимпиадасының (ҚЖО) іріктеу кезеңінің нәтижелері 17 сәуірде мектебіміздің сайтында жарияланады. Қатысқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз, барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!