7-сыныптарға арналған білім беру гранты бойынша «РФММ» КеАҚ филиалдарына конкурстық іріктеу туралы ақпарат
2026 жылғы 25 сәуірде «РФММ» КеАҚ-тың Астана және Алматы қалаларындағы филиалдарының 7-сыныптарына білім беру гранты негізінде оқушыларды қабылдау бойынша конкурстық іріктеу өткізілді.
Конкурстық іріктеу Қазақстанның жеті қаласында ұйымдастырылды: Астана, Алматы, Шымкент, Түркістан, Атырау, Ақтау және Орал.
Іріктеуге барлығы 8050 оқушы қатысты.
- Астана қаласындағы филиал бойынша – 3651 үміткер;
- Алматы қаласындағы филиал бойынша – 4399 үміткер.
Үміткерлерге 30 тапсырма ұсынылып, ең жоғары нәтиже 150 балды құрады.
Конкурстық іріктеу оқыту тілдері бойынша — қазақ және орыс бөлімдері үшін жеке өткізілді. Бұл үміткерлердің нәтижелерін топтар аясында әділ салыстыруды қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды.
Бағалаудың объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында қазақ және орыс тілдерінде білім алатын қатысушылар емтиханды бөлек топтарда тапсырды. Әр топ үшін арнайы жеке тапсырма нұсқалары дайындалды. Мұндай тәсіл ақпараттың алдын ала таралу қаупін төмендетіп, конкурстық іріктеуді ашық әрі әділ ұйымдастыруға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, үміткерлердің нәтижелері оқыту тіліне сәйкес жеке қарастырылды.
Конкурсты өткізу тәртібі, бағалау критерийлері және қатысушыларға қойылатын талаптар барлық үміткерлер үшін бірдей болды. Бұл тең мүмкіндік қағидатын сақтауға және конкурстық іріктеудің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етуге бағытталды.
Білім беру гранттарының саны жыл сайын 11-сынып түлектерінің санына, филиалдардың оқушы қабылдау мүмкіндігіне және сыныптарды жасақтау қажеттілігіне сәйкес айқындалады.
Конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша:
Астана қаласындағы филиал бойынша:
- қатысушылар саны: 2076 / 1575;
• шекті балл: 114 / 97;
• грант саны: 49 / 47.
Алматы қаласындағы филиал бойынша:
- қатысушылар саны: 2890 / 1509;
- шекті балл: 100 / 83;
- грант саны: 120 / 78.
«РФММ» КеАҚ конкурстық іріктеуге қатысқан барлық оқушылар мен олардың ата-аналарына мектепке деген қызығушылығы мен сенімі үшін алғыс білдіреді.
Біз әр отбасы үшін бұл кезеңнің маңызды екендігін түсінеміз және оқушыларды іріктеудің барынша ашық, әділ әрі объективті жүйесін қамтамасыз етуге басымдық береміз.
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалына жаңа директор тағайындалды
Республикалық физика-математика мектебінің Алматы филиалының директоры болып «Математика» мамандығы бойынша PhD докторы Алмаз Мұхамбетұлы Кунгожин тағайындалды. Мейірбек Мейірлан Едігерұлы директор қызметіндегі жұмысын аяқтады….
Хабарландыру
Республикалық физика-математика мектебінде қажетті санитариялық-профилактикалық және залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Анықталған ескертулерді жою бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр. Аталған жағдайға байланысты санитариялық-эпидемиологиялық тергеп-тексеру жалғасуда….
FAIO 2026 халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды
Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ ұйымдастыруымен SDU University базасында өткен FAIO 2026 (Fizmat AI Olympiad) халықаралық жасанды интеллект және машиналық оқыту олимпиадасы өз мәресіне…
Қазақстанда 15 елдің оқушылары жасанды интеллект бойынша FAIO 2026 олимпиадасында бақ сынауда
Алматы, 2026 жылғы 26 қазан. Қаскелең қаласындағы SDU University базасында жасанды интеллект және машиналық оқыту бойынша FAIO 2026 мектеп олимпиадасының финалдық кезеңі басталды….
РФММ оқушысы SAT емтиханынан ең жоғары 1600 балл жинады
Республикалық физика-математика мектебінің 11-сынып оқушысы Ырысдәулет Баймұханбетов халықаралық SAT емтиханынан мүмкін болған 1600 балдың барлығын жинады. Бұл – үздік нәтиже, өйткені емтиханға қатысушылардың…
Үміткерлер назарына: Қабылдау емтиханы келесі аптаға ауыстырылды
Құрметті үміткерлер! 2026 жылғы 17 қазанға жоспарланған қабылдау емтиханының ұйымдастырушылық себептерге байланысты келесі аптаға ауыстырылғанын хабарлаймыз. Емтиханның нақты өткізілетін күні мен уақыты туралы…
Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалы уақытша қашықтықтан оқуға жіберілді.
2026 жылғы 12–13 қазан аралығында Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының оқушылары арасында жедел ішек инфекциясының белгілері тіркелді. 2026…
FAIO FIZMAT AI OLYMPIAD
FAIO 2026: халықаралық олимпиадаға тіркелу ашылды Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі оқушыларды First Almaty AI Olympiad (FAIO) 2026 халықаралық командалық олимпиадасына қатысуға шақырады….
Жаңа кеңістік, жаңа мүмкіндік
Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі филиалының 1972 жылы салынған тарихи ғимараты толық қайта жаңғыртудан өтті. Бұл — мектептің 54 жылдық тарихындағы ғимаратты ауқымды…
РФММ оқушысы Батырхан Бейганов Ақордадағы кездесуге қатысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық пән олимпиадаларында жоғары нәтиже көрсеткен қазақстандық оқушылар мен студенттерді қабылдады. Кездесуге Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы Батырхан Бейганов та…