Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі Алматы қ. филиалы
04
Feb
26

РФММ-нің оқушылары мен ұстаздары «Шал» фильмін тамашалады



РФММ-нің жоғары сынып оқушылары, мұғалімдері және бірқатар ата-аналар Алматы қаласында өткен «Шал» қазақ көркем фильмінің арнайы көрсетіліміне қатысып, мазмұны терең, тағылымы мол кездесуге жиналды.

Бұл шара «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, балалардың сапалы фильм көру, кітап оқуға қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылыққа жақындатуды көздейді. Осындай кездесулер арқылы оқушыларымызды өз тарихын тануға, дұрыс әрі нақты сұрақ қоя білуге, талдай білуге, терең ойлануға баулуды мақсат етеміз. ✨

Көрсетілімнен кейін оқушылар алған әсерімен бөлісіп, кинорежиссер Ермек Тұрсыновқа және басты рөлді сомдаған киноактер Ерболат Тогузаковқа өз сұрақтарын қойып, ойларын ашық білдірді.

Бұл көрсетілім әркімнің бойында өзіне деген сенімді бекітіп, өз тегіне, өз тамырына деген сүйіспеншілікті жаңғыртты. Ақпарат тасқыны күшейген бүгінгі заманда салмақты туындылар балалардың құнды мәдени өнімді ажыратып, талғап таңдай білу дағдысын қалыптастырады.

Б.С.Қаниевтің бастамасымен әрі оның тікелей қатысуымен РФММ-нің үш мектебінде арнайы жоба бойынша жұмыс басталды. Бұл фильм көрсетілімі – оқушылардың жан-жақты дамуына, көркемдік талғамын қалыптастыруға, құндылықтық бағдарын нығайтып, адамгершілік ұстанымдарын бекітуге бағытталған іс-шаралар топтамасының бастауы. Осы бастаманың жалғасы ретінде театрларға, музейлерге және көрмелерге бару жоспарланып отыр.✨

Айдарлар

    Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:

    29
    Aug
    26

    Жаңа кеңістік, жаңа мүмкіндік

    Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі филиалының 1972 жылы салынған тарихи ғимараты толық қайта жаңғыртудан өтті. Бұл — мектептің 54 жылдық тарихындағы ғимаратты ауқымды…

      24
      Aug
      26

      РФММ оқушысы Батырхан Бейганов Ақордадағы кездесуге қатысты

      Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық пән олимпиадаларында жоғары нәтиже көрсеткен қазақстандық оқушылар мен студенттерді қабылдады. Кездесуге Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы Батырхан Бейганов та…

        13
        Jul
        26

        ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ IYPT 2026 ТУРНИРІНДЕ HONORABLE MENTION МАРАПАТЫНА ИЕ БОЛДЫ

        Цюрих қаласында Жас физиктердің 39-шы халықаралық турнирі — International Young Physicists’ Tournament (IYPT 2026) өз мәресіне жетті. Биылғы турнир әлемнің жетекші жоғары оқу…

          24
          Jun
          26

          ХАБАРЛАНДЫРУ!

          Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалының 8-сыныбына түсу үшін мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау бойынша конкурстық іріктеудің қорытындысы шығарылды. Тестілеуге барлығы 1186 үміткер жіберілді….

            10
            Jun
            26

            8-сыныпқа арналған конкурстық іріктеу өтті

            Бүгін Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ филиалының 8-сыныбына мемлекеттік білім беру грантын тағайындауға арналған конкурстық іріктеу өтті. Қабылдау емтиханы РФММ-ның Алматы, Астана…

              10
              Jun
              26

              Қазақстан құрамасы әл-Хорезми олимпиадасында 100% нәтиже көрсетіп, 8 медаль жеңіп алды

              Өзбекстанның Ташкент қаласында математика және информатика пәндерінен өткен әл-Хорезми халықаралық олимпиадасы (KhMIO) мәресіне жетті. Әлемнің 10 елінен келген дарынды оқушылар бақ сынаған бұл…

                08
                Jun
                26

                ХАБАРЛАНДЫРУ!

                Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ филиалының 8-сыныбына білім беру грантына үміткерлерді конкурстық іріктеу 2026 жылғы 10 маусымда өтеді. Конкурстық комиссия белгілеген тәртіпке сәйкес…

                  18
                  May
                  26

                  7-сыныптарға арналған конкурстық іріктеу нәтижесі туралы ақпарат

                  2026 жылғы 25 сәуірде «РФММ» КеАҚ-тың Астана және Алматы қалаларындағы филиалдарының 7-сыныптарына мемлекеттік білім беру гранты негізінде оқушыларды қабылдау бойынша конкурстық іріктеу өткізілді….

                    16
                    May
                    26

                    7-сыныптарға арналған білім беру гранты бойынша «РФММ» КеАҚ филиалдарына конкурстық іріктеу туралы ақпарат

                    2026 жылғы 25 сәуірде «РФММ» КеАҚ-тың Астана және Алматы қалаларындағы филиалдарының 7-сыныптарына білім беру гранты негізінде оқушыларды қабылдау бойынша конкурстық іріктеу өткізілді. Конкурстық…

                      12
                      May
                      26

                      РФММ оқушысы Батырхан Бейганов Балқан математика олимпиадасының қола жүлдегері атанды

                      Алматы қаласы РФММ оқушысы Батырхан Бейганов Грекияның Салоники қаласында өткен 43-ші Халықаралық Балқан математика олимпиадасында (BMO-2026) қола жүлдегер атанды. BMO – аймақтағы ең…