Young Researchers Tournament
2026 жылғы 7–8 ақпан күндері Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі базасында Young Researchers Tournament (YRT) — Жас зерттеушілер турнирі өтеді.
YRT — оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметін, эксперименттік ізденісін және академиялық пікірталас мәдениетін дамытуға бағытталған зияткерлік турнир. Байқау форматы ағылшын тілінде өткізіледі және STEM бағыттары аясында пәнаралық зерттеу есептерін талдау мен қорғауды қамтиды.
Турнирдің басты мақсаты — оқушылардың ғылыми ойлау қабілетін қалыптастыру, ғылыми пікірталас жүргізу дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ халықаралық ғылыми коммуникация талаптарына бейімдеу.
2026 жылы турнирге 44 команда, 204 қатысушы, 18 мектептен тіркелді. Қатысушы білім беру ұйымдарының қатарында РФМШ, НЗМ, Физтех, «Бөбек», Шоқан, Haileybury және басқа да жетекші мектептер бар.
Командалардың баяндамалары мен ғылыми пікірталастары STEM-білім беру саласындағы 40-тан астам сарапшының қатысуымен бағаланады. Атап айтқанда, қазылар алқасының құрамына Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті физика-техникалық факультетінің профессор-оқытушылары да тартылған.
Young Researchers Tournament — оқушылардың ерте жастан ғылыми-зерттеу мәдениетіне бейімделуіне, академиялық жауапкершілік пен кәсіби пікірталас дағдыларын меңгеруіне жағдай жасайтын маңызды білім беру алаңы.
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
Қазақстан математиктерінің Тұңғыш конгресі өтті
Қазақстан математиктерінің Тұңғыш конгресі өтті! Шымкент қаласы еліміздің ең үздік математиктері мен ғалымдарының басын қосқан ғылым орталығына айналды. Бұл ауқымды шара — отандық…
Астанада АТМО және «Жібек жолы» халықаралық олимпиадалары өтті
Астана қаласында халықаралық математикалық олимпиадалар — XXXVIII Азия–Тынық мұхиты математикалық олимпиадасы (АТМО) және «Жібек жолы» халықаралық математикалық олимпиадасы өтті. АТМО қорытындысы бойынша Республикалық…
«Математикалық регата — 2026»: РФММ командасы I орын иеленді
2026 жылы өткен «Математикалық регата» республикалық олимпиадасының қорытындысы бойынша «РФММ» командасы үздік нәтиже көрсетіп, I орынды иеленді. Аталған беделді білім додасына «Республикалық физика-математика…
Алматы РФММ тренері бағдарламалаудан халықаралық чемпионаттың жүлдегері атанды
Алматы қаласындағы РФММ-нің информатика пәні бойынша жаттықтырушысы Қуанышбай Айбар спорттық бағдарламалау бойынша Central Asia Programming Championship 2026 халықаралық чемпионатында II орын иеленді. Жарыс…
Леонард Эйлер атындағы XVIII олимпиаданың қорытындысы бойынша Алматы қаласындағы РФМШ оқушылары жоғары нәтиже көрсетті
Леонард Эйлер атындағы XVIII олимпиаданың қорытындысы бойынша Алматы қаласындағы РФМШ оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, 1 күміс медаль, 3 қола медаль және 4 мақтау…
«Білім – инновация» лицейлерінде республикалық олимпиада өтті
2026 жылғы 21–25 наурыз аралығында Астана қаласы Білім басқармасының мамандандырылған «Білім – инновация» лицейлері базасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы биология және физика пәндері бойынша Республикалық…
KzYPT 2026 — Қазақстанның Ұлттық іріктеуі
Құрметті оқушылар мен ата-аналар! Сіздерді Жас физиктердің халықаралық турниріне (IYPT) 2026 Қазақстанның Ұлттық іріктеуіне қатысуға шақырамыз! Бұл — физика саласындағы білімдеріңізді көрсетіп, Швейцариядағы…
Халықаралық астрономия және астрофизика олимпиадасы
Құрметті РФММ оқушылары! Қазақстан Республикасының Халықаралық астрономия және астрофизика олимпиадасы (IOAA) құрамасының резервіне іріктеу жарияланады. Іріктеуге физика, математика және астрономия пәндері бойынша жоғары…
Қостанайда республикалық пәндік олимпиада мәресіне жетті
19–24 наурыз аралығында Қостанай қаласында 9–11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Бұл – еліміздің барлық өңірінен 310 дарынды оқушыны біріктірген…
Жас математика мұғалімдерінің шығармашылық конкурсы қорытындыланды
2026 жылғы 23 наурызда Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» орталығы, Қазақстан математика мұғалімдері қауымдастығы (QMMQ) және Beta High School бірлесіп ұйымдастырған 30…