Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі Алматы қ. филиалы
30
Jan
26

ҚЖО 2026 іріктеу кезеңінің нәтижелері



Құрметті ҚЖО қатысушылары!

Нәтижелер:

Математика 6 класс математика результаты ГЖО 2026

Математика 7 класс математика результаты ГЖО 2026

Математика 8 класс математика результаты ГЖО 2026

 

Физика 7 класс физика результаты ГЖО 2026

Физика 8 класс физика результаты ГЖО 2026

 

Информатика 6 класс информатика результаты ГЖО 2026

Информатика 7 класс информатика результаты ГЖО 2026

Информатика 8 класс информатика результаты ГЖО 2026

Іріктеу турының нәтижелері бойынша апелляцияға өтініш беру қарастырылмаған

Қорытынды кезеңге өткен қатысушыларға 2026 ж. 18 ақпан сағат 12:00-ге дейін Google-форманы толтырып, қатысатындарын растауы қажет.

https://forms.gle/nUy4zjhNiCMLnPr28

XXVI Қалалық Жаутыков олимпиадасының қорытынды кезеңі

Республикалық физика-математика мектебі

2026 жылғы 21-22 ақпан

ҚАТЫСУҒА КІМ ЖІБЕРІЛЕДІ

Қорытынды кезеңге шақырылады:

  • XXVI ҚЖО іріктеу (қашықтықтан) кезеңінен өткен қатысушылар
  • FEMO 2025-2026 жүлдегерлері (5-6 сыныптар)
  • Ш. Смағұлов атындағы олимпиаданың жүлдегерлері — 2025 ж. қорытынды кезеңі
  • Республикалық жасөспірімдер олимпиадасының жүлдегерлері 7-8 сынып — 2025 ж. қорытынды кезеңі
  • Л. Эйлер атындағы олимпиаданың жүлдегерлері — 2025 ж. қорытынды кезеңі
  • 5-6 сыныптарға арналған Республикалық олимпиаданың жүлдегерлері — 2025 ж. қорытынды кезеңі
  • ҚЖО – 2025 жүлдегерлері – қорытынды кезеңі

МІНДЕТТІ ТІРКЕЛУ

Қорытынды кезеңге өткен барлық қатысушылар және олимпиадалар жүлдегерлері тіркелу нысанын толтыруы тиіс.

Нысанға сілтеме: https://forms.gle/nUy4zjhNiCMLnPr28

Өтінім мерзімі: 2026 жылғы 18 ақпанға 12:00 дейін

⚠️ Тіркелусіз финалға қатысу мүмкін емес!

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ

  • Тіркелуге 15 минуттан артық кешігу — қатысудан шеттетіледі
  • Жеке басын куәландыратын құжат міндетті түрде болуы керек
  • Турлар кезінде телефондар мен басқа электрондық құрылғыларды пайдалану қатаң тыйым салынған

 

ӨТКІЗУ ОРЫНДАРЫ

Қорытынды кезең РФММ филиалдарында өткізіледі:

Өткізу орныМекенжайы
Алматы РФММБұхар Жырау даңғылы, 36
Астана РФММТүркістан көшесі, 2/1
Орал РФММТәуелсіздік көшесі, 9B

Қауіпсіз өткізу кепілдендіріледі: прокторинг жүйесі, бейнетіркеу және тегін онлайн-трансляция.

ОЛИМПИАДА ПӘНДЕРІ

  • Математика — 6, 7, 8 сыныптар
  • Физика — 7, 8 сыныптар
  • Информатика — 6, 7, 8 сыныптар

️ ҚОРЫТЫНДЫ КЕЗЕҢНІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

21 ақпан (сенбі) — Бірінші күн, 1-тур

УақытыІс-шара
08:00 – 09:00Қатысушыларды тіркеу
08:30 – 09:00Аудиторияларға орналастыру
09:00 – 12:001-тур (3 сағат)

22 ақпан (жексенбі) — Екінші күн

УақытыІс-шара
08:00 – 09:00Аудиторияларға орналастыру
09:00 – 12:002-тур (3 сағат)
15:00 – 15:30Апелляцияға өтінімдерді қабылдау
15:30 – 17:30Апелляцияларды қарау
18:30 – 19:30 Марапаттау рәсімі

ӨЗІҢІЗБЕН НЕ АЛУ КЕРЕК

  • Жеке басын куәландыратын құжат — төлқұжат, жеке куәлік немесе туу туралы куәлік
  • Жазу құралдары — тек көк түсті қаламсаптар, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш
  • Бағдарламаланбайтын калькулятор — тек физика үшін (графикалық тыйым салынған)
  • Су және жеңіл тамақ — мөлдір орамада, жапсырмасыз

МАРАПАТТАР МЕН СЫЙЛЫҚТАР

  • I дәрежелі диплом —  иегерлері қорытынды кезеңге қатысқан қалада — Алматы немесе Астанадағы РФММ тиісті филиалында келесі оқу жылына мемлекеттік грант алады. Орал қаласындағы олимпиада жеңімпаздары Алматы немесе Астанадағы РФММ кез келген филиалында оқуға мемлекеттік грант алады.
  • II дәрежелі диплом — Диплом және естелік сыйлықтар
  • III дәрежелі диплом — Диплом және естелік сыйлықтар

Нөлдік емес ұпай жинаған қатысушылардың 45%-ына дейін дипломмен марапатталады.

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ БАЙЛАНЫС МӘЛІМЕТТЕРІ

Email: gzho@fizmat.kz

Барлық қатысушыларға сәттілік пен тамаша нәтижелер тілейміз!

 

Айдарлар

    Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:

    09
    Nov
    26

    Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалына жаңа директор тағайындалды

    Республикалық физика-математика мектебінің Алматы филиалының директоры болып «Математика» мамандығы бойынша PhD докторы Алмаз Мұхамбетұлы Кунгожин тағайындалды. Мейірбек Мейірлан Едігерұлы директор қызметіндегі жұмысын аяқтады….

      30
      Oct
      26

      Хабарландыру

      Республикалық физика-математика мектебінде қажетті санитариялық-профилактикалық және залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Анықталған ескертулерді жою бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр. Аталған жағдайға байланысты санитариялық-эпидемиологиялық тергеп-тексеру жалғасуда….

        30
        Oct
        26

        FAIO 2026 халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды

        Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ ұйымдастыруымен SDU University базасында өткен FAIO 2026 (Fizmat AI Olympiad) халықаралық жасанды интеллект және машиналық оқыту олимпиадасы өз мәресіне…

          27
          Oct
          26

          Қазақстанда 15 елдің оқушылары жасанды интеллект бойынша FAIO 2026 олимпиадасында бақ сынауда

          Алматы, 2026 жылғы 26 қазан. Қаскелең қаласындағы SDU University базасында жасанды интеллект және машиналық оқыту бойынша FAIO 2026 мектеп олимпиадасының финалдық кезеңі басталды….

            27
            Oct
            26

            РФММ оқушысы SAT емтиханынан ең жоғары 1600 балл жинады

            Республикалық физика-математика мектебінің 11-сынып оқушысы Ырысдәулет Баймұханбетов халықаралық SAT емтиханынан мүмкін болған 1600 балдың барлығын жинады. Бұл – үздік нәтиже, өйткені емтиханға қатысушылардың…

              15
              Oct
              26

              Үміткерлер назарына: Қабылдау емтиханы келесі аптаға ауыстырылды

              Құрметті үміткерлер! 2026 жылғы 17 қазанға жоспарланған қабылдау емтиханының ұйымдастырушылық себептерге байланысты келесі аптаға ауыстырылғанын хабарлаймыз. Емтиханның нақты өткізілетін күні мен уақыты туралы…

                14
                Oct
                26

                Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалы уақытша қашықтықтан оқуға жіберілді. ​

                2026 жылғы 12–13 қазан аралығында Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының оқушылары арасында жедел ішек инфекциясының белгілері тіркелді. 2026…

                  18
                  Sep
                  26

                  FAIO FIZMAT AI OLYMPIAD

                  FAIO 2026: халықаралық олимпиадаға тіркелу ашылды Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі оқушыларды First Almaty AI Olympiad (FAIO) 2026 халықаралық командалық олимпиадасына қатысуға шақырады….

                    29
                    Aug
                    26

                    Жаңа кеңістік, жаңа мүмкіндік

                    Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі филиалының 1972 жылы салынған тарихи ғимараты толық қайта жаңғыртудан өтті. Бұл — мектептің 54 жылдық тарихындағы ғимаратты ауқымды…

                      24
                      Aug
                      26

                      РФММ оқушысы Батырхан Бейганов Ақордадағы кездесуге қатысты

                      Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық пән олимпиадаларында жоғары нәтиже көрсеткен қазақстандық оқушылар мен студенттерді қабылдады. Кездесуге Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы Батырхан Бейганов та…