Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі Алматы қ. филиалы
15
Sep
25

Fizmat оқушысы әлемдік чарттарды бағындыруда



Fizmat оқушысы дүниежүзілік музыка аренасында сенсация жасады. Бар-жоғы 11-сыныпта оқып жүрген ол өзінің «SLAVA FUNK» атты трегі арқылы әлемдік хиттің авторы атанды. Бүгінде бұл шығарма 200 миллионнан астам тыңдалым жинап, әлеуметтік желілерде 3 миллионнан аса бейнероликке саундтрек болып жазылды және жалпы қаралымы 3 миллиардтан асып отыр.

 

Музыка мектебінде «классикалық гитара» бойынша білім алған жас дарын танымал битмейкерлердің еңбектеріне қызығып алдымен түрлі бағдарламада тәжірибе жасап көреді. Кейін фонк жанры, әсіресе оның бразилиялық бағыты оған жаңа серпін сыйлайды. Дәл осы стильде ол өзін еркін сезініп, шынайы жарқын әуендер жазуға ден қояды.

«Музыкаға деген қызығушылығым дәл осы Республикалық физика-математика мектебіне келген кезден басталды. Бұл — еліміздегі бірегей білім ордасы. Мұнда тек физика-математикаға бейім оқушылар ғана емес, өнер мен шығармашылыққа құштар, ерекше дарынды жастар жиналған және олардың талантын ашуға мектепте көп көңіл бөлінеді. Физмат ортасы маған ерекше әсер етті, жаңа дүниелерге шабыт сыйлады», — дейді ол.

Қазіргі таңда «SLAVA FUNK» трегі 260-тан астам әлемдік чартта бой көрсетіп, Spotify-дың ресми Phonk плейлистінде 53-орыннан көрінді. Ал Shazam-ның жаһандық топ-200 тізімінде «Электронды музыка» санатында үздік үштікке дейін көтерілді.

Жас музыкант қазірдің өзінде платиналық продюсер мәртебесіне ие болып үлгерген. Алдағы уақытқа деген жоспары да ауқымды.

Алматы қаласындағы физмат мектебі оқушысының бұл жетістігі — дарын мен табандылықтың қай елдің болмасын жастарына әлемдік сахнаның есігін айқара ашатынын дәлелдейтін жарқын мысал.

 

Айдарлар

    Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:

    10
    Jun
    26

    8-сыныпқа арналған конкурстық іріктеу өтті

    Бүгін Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ филиалының 8-сыныбына мемлекеттік білім беру грантын тағайындауға арналған конкурстық іріктеу өтті. Қабылдау емтиханы РФММ-ның Алматы, Астана…

      10
      Jun
      26

      Қазақстан құрамасы әл-Хорезми олимпиадасында 100% нәтиже көрсетіп, 8 медаль жеңіп алды

      Өзбекстанның Ташкент қаласында математика және информатика пәндерінен өткен әл-Хорезми халықаралық олимпиадасы (KhMIO) мәресіне жетті. Әлемнің 10 елінен келген дарынды оқушылар бақ сынаған бұл…

        08
        Jun
        26

        ХАБАРЛАНДЫРУ!

        Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ филиалының 8-сыныбына білім беру грантына үміткерлерді конкурстық іріктеу 2026 жылғы 10 маусымда өтеді. Конкурстық комиссия белгілеген тәртіпке сәйкес…

          18
          May
          26

          7-сыныптарға арналған конкурстық іріктеу нәтижесі туралы ақпарат

          2026 жылғы 25 сәуірде «РФММ» КеАҚ-тың Астана және Алматы қалаларындағы филиалдарының 7-сыныптарына мемлекеттік білім беру гранты негізінде оқушыларды қабылдау бойынша конкурстық іріктеу өткізілді….

            16
            May
            26

            7-сыныптарға арналған білім беру гранты бойынша «РФММ» КеАҚ филиалдарына конкурстық іріктеу туралы ақпарат

            2026 жылғы 25 сәуірде «РФММ» КеАҚ-тың Астана және Алматы қалаларындағы филиалдарының 7-сыныптарына білім беру гранты негізінде оқушыларды қабылдау бойынша конкурстық іріктеу өткізілді. Конкурстық…

              12
              May
              26

              РФММ оқушысы Батырхан Бейганов Балқан математика олимпиадасының қола жүлдегері атанды

              Алматы қаласы РФММ оқушысы Батырхан Бейганов Грекияның Салоники қаласында өткен 43-ші Халықаралық Балқан математика олимпиадасында (BMO-2026) қола жүлдегер атанды. BMO – аймақтағы ең…

                05
                May
                26

                FIZMAT STEM Lab: English Edition жазғы мектебіне жазылыіыз!

                Құрметті достар! Сіздерді FIZMAT STEM Lab: English Edition жазғы мектебіне қатысуға шақырамыз! Қатысу шарттары: Ағылшын тілі бойынша онлайн тест тапсырыңыз. Нәтиже 50% және одан жоғары…

                  24
                  Apr
                  26

                  Хабарландыру

                  Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына оқуға түсу үшін білім беру грантын алу мақсатындағы конкурстық іріктеу емтиханы 2026 жылғы 25 сәуір күні Қазақстанның аталған қалаларында…

                    23
                    Apr
                    26

                    Қабылдау емтиханы туралы ақпарат

                    Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына оқуға түсу үшін білім беру грантын алу мақсатындағы конкурстық іріктеу емтиханы 2026 жылғы 25 сәуірде өтеді. Тіркелу және емтихан…

                      04
                      Apr
                      26

                      Қазақстан математиктерінің Тұңғыш конгресі өтті

                      Қазақстан математиктерінің Тұңғыш конгресі өтті! Шымкент қаласы еліміздің ең үздік математиктері мен ғалымдарының басын қосқан ғылым орталығына айналды. Бұл ауқымды шара — отандық…