ҚАЛАЛЫҚ ЖӘУТІКОВ ОЛИМПИАДАСЫ 2025!
2025 жылғы 12 сәуірде:
- математика (6-8 сынып)
- физика (7-8 сынып)
- информатика (6-8 сынып)
пəндері бойынша мектеп оқушылары арасында XXV ашық қалалық Жəутіков олимпиадасының іріктеу кезеңі өтеді.
Олимпиаданың негізгі мақсаты – математика, физика, информатика пəндеріне қызығушылық танытатын оқушыларды анықтап, дарынды балаларға қолдау көрсету.
Олимпиада екі кезең бойынша өтеді:
- Іріктеу кезеңі – 2025 жылдың 12 сәуірінде онлайн форматта жүргізіледі. Іріктеу кезеңіне қатысу МІНДЕТТІ!
Іріктеу кезеңінен кейін финалдық оффлайн кезеңіне өткендердің тізімі анықталады.
Нəтижелер Алматы сайтында жарияланады.
Іріктеу кезеңіне тіркелу 2025 жылдың 4 сәуірден 10 сәуір аралығында (сағат 23:59-ге дейін) сілтеме бойынша жүргізіледі.
- Қорытынды кезең 2025 жылдың мамыр айында Алматы және Астана қалаларындағы РФММ базасында өтеді. Нақты күндер кейінірек жарияланады.
Тіркелген оқушылардың тізімі сайтта 11 сәуірде 16:00-ге дейін жарияланады.
Өтетін күні: 12 сәуір 2025 ж.
Уақыты: 10:00-13:00
Іріктеу кезеңінің нәтижесі бойынша ақтық кезеңге өткен қатысушылар анықталады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Олимпиаданың финалдық кезеңінің екі турының тапсырмаларын орындағаны үшін жинаған ұпайларының қосындысы бойынша анықталады.
Олимпиадада үздік нəтиже көрсеткен қатысушылар I, II, III дəрежелі дипломдармен марапатталады.
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
7-сыныптың конкурстық емтиханына тіркелу басталды!
Құрметті үміткерлер! Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) 7-сыныбына қабылдау конкурстық іріктеу емтиханы арқылы жүзеге асырылады. Емтиханға тіркелу тәртібі https://admissions.fizmat.kz/ сайтына кіріңіз «Қалай түсуге болады?»…
РФММ-нің оқушылары мен ұстаздары «Шал» фильмін тамашалады
РФММ-нің жоғары сынып оқушылары, мұғалімдері және бірқатар ата-аналар Алматы қаласында өткен «Шал» қазақ көркем фильмінің арнайы көрсетіліміне қатысып, мазмұны терең, тағылымы мол кездесуге…
Young Researchers Tournament
2026 жылғы 7–8 ақпан күндері Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі базасында Young Researchers Tournament (YRT) — Жас зерттеушілер турнирі өтеді. YRT — оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметін, эксперименттік ізденісін және…
Республикалық физика-математика мектебіне Shanghai Jiao Tong University университетінің өкілдері келді.
Республикалық физика-математика мектебіне Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарының бірі — Shanghai Jiao Tong University университетінің өкілдері келді. Мектеп басшылығымен өткен кездесуде алдағы ынтымақтастықтың…
«Зерде» республикалық конкурсында Орынғали Батыржан II орын иеленді
28–31 қаңтар күндері Щучинск қаласында «Зерде» XXI Республикалық ғылыми-зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсының қорытынды кезеңі өтті. Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 7-сынып…
Ұлттық қор – балаларға: болашаққа инвестиция
Мемлекет басшысының тапсырмасы іске асырылуда – балаларға жыл сайынғы есептеу жүргізілді ✅ «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында тұрғын үй мен білімге 31,6…
ҚЖО 2026 іріктеу кезеңінің нәтижелері
Құрметті ҚЖО қатысушылары! Нәтижелер: Математика 6 класс математика результаты ГЖО 2026 Математика 7 класс математика результаты ГЖО 2026 Математика 8 класс математика результаты ГЖО 2026 …
XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы – 2026
Алматы қаласында математика, физика және информатика пәндері бойынша XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. Халықаралық зияткерлік додаға әлемнің 16 елінен 612 оқушы мен 122…
FIZMAT Education Fair – 2026
Алматы қаласында XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы аясында FIZMAT Education Fair – 2026 білім беру көрмесі өтті. Іс-шараға 25 жоғары оқу орны мен білім…
Алматыда Жәутіков олимпиадасы қатысушыларын салтанатты қарсы алу
Алматы қаласында математика, физика және информатика пәндері бойынша XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасына келген халықаралық командалар мен қатысушыларды Қазақстанның ұлттық өнері мен қонақжай дәстүріне…