ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ ЖАҢА ФОРМАТЫ
«Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ-ның Алматы және Астана қалаларында «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.
РФММ-гі «Ашық есік күніне» екі қала бойынша 1000-ға жуық оқушы мен ата-ана қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты – 5-6 сынып оқушылары мен олардың ата-аналарын мектеп өмірімен және 7 сыныпқа түсуге арналған емтиханның жаңа форматымен таныстыру болды.
РФММ-нің Астана қаласындағы филиалының директоры Кенжалин Думан Жүзбайұлы және Алматы қаласындағы филиалдың директоры Мейірбек Мейірлан Едігерұлы РФММ-дегі білім беру жүйесі мен мектеп жетістіктеріне тоқталды. Кейін халықаралық, республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары өз жеңістері жайлы ерекше ықыласпен баяндады. Сонымен қатар, 5-6 сыныптың оқушылары мен ата-аналары мектеп өмірімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды. «Ашық есік күнінің» тағы бір артықшылығы сол РФММ оқуды армандайтын ұл-қыздар өздерін бір күн «Физмат» мектебінің оқушысы ретінде сезініп көрді. Оқушылар үшін арнайы шеберлік сағаттары да ұйымдастырылды. Оның барысында олар 7-сыныпқа түсуге арналған қабылдау емтиханының жаңа форматы бойынша тапсырмаларды қалай орындау керектігін РФММ мұғалімдерінің өздерінен сұрап-білді.
Айта кету керек, «Ашық есік күнін» өткізудегі ең басты мақсат та сол, 2025-2026 оқу жылындағы іріктеу емтиханының жаңа форматымен таныстыру еді.
СНХ: Светлана Меңдіғалиева, «РФММ» КеАҚ Басқарма төрағасының орынбасары
Жауап нұсқалары жоқ ашық тест болады, оқушы бүтін сан болып табылатын жауапты енгізуі керек. Әр түрлі күрделіліктегі тапсырмалар арнайы белгіленген ұпайлар бойынша бағаланады. Математика және логика бойынша 30 сұрақтан тұратын тесті орындау үшін оқушыға 120 минут беріледі.
2024 жылдың 9 желтоқсанында мектептің https://admissions.fizmat.kz ресми сайтында сынақ тестіге тіркелу басталады. Ол жерде оқушылардың жаңа форматқа негізделген тест сұрақтарына жауап беріп дайындалуына мүмкіндік бар. Сұрақтар 2 апта сайын жаңартылып отырады.
2025 жылғы 15 қаңтар күні Астана уақыты бойынша сағат 10:00-де мектептің ресми сайтында емтиханға онлайн тіркелу ашылады және ол 2025 жылғы 3 сәуір сағат 18:00 дейін жалғасады. РФММ емтихандары Астана, Алматы, Шымкент, Түркістан, Орал және тағы бірнеше қалада ұйымдастырылады. 2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранты бойынша 7 сыныпқа оқуға түсу емтиханы 2025 жылғы 27 сәуірде өтеді.
Ата-аналармен қатар ұстаздар да жаңа форматты қолдап отыр. Бұл отандық білім беру сапасын дамытуға үлес қосады. Мықты математиктер мен физика, химия, информатика салаларындағы ғалымдарды дайындауда аталған жаңалық өз нәтижесін береріне сенім мол.
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
7-сыныптың конкурстық емтиханына тіркелу басталды!
Құрметті үміткерлер! Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) 7-сыныбына қабылдау конкурстық іріктеу емтиханы арқылы жүзеге асырылады. Емтиханға тіркелу тәртібі https://admissions.fizmat.kz/ сайтына кіріңіз «Қалай түсуге болады?»…
РФММ-нің оқушылары мен ұстаздары «Шал» фильмін тамашалады
РФММ-нің жоғары сынып оқушылары, мұғалімдері және бірқатар ата-аналар Алматы қаласында өткен «Шал» қазақ көркем фильмінің арнайы көрсетіліміне қатысып, мазмұны терең, тағылымы мол кездесуге…
Young Researchers Tournament
2026 жылғы 7–8 ақпан күндері Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі базасында Young Researchers Tournament (YRT) — Жас зерттеушілер турнирі өтеді. YRT — оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметін, эксперименттік ізденісін және…
Республикалық физика-математика мектебіне Shanghai Jiao Tong University университетінің өкілдері келді.
Республикалық физика-математика мектебіне Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарының бірі — Shanghai Jiao Tong University университетінің өкілдері келді. Мектеп басшылығымен өткен кездесуде алдағы ынтымақтастықтың…
«Зерде» республикалық конкурсында Орынғали Батыржан II орын иеленді
28–31 қаңтар күндері Щучинск қаласында «Зерде» XXI Республикалық ғылыми-зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсының қорытынды кезеңі өтті. Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 7-сынып…
Ұлттық қор – балаларға: болашаққа инвестиция
Мемлекет басшысының тапсырмасы іске асырылуда – балаларға жыл сайынғы есептеу жүргізілді ✅ «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында тұрғын үй мен білімге 31,6…
ҚЖО 2026 іріктеу кезеңінің нәтижелері
Құрметті ҚЖО қатысушылары! Нәтижелер: Математика 6 класс математика результаты ГЖО 2026 Математика 7 класс математика результаты ГЖО 2026 Математика 8 класс математика результаты ГЖО 2026 …
XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы – 2026
Алматы қаласында математика, физика және информатика пәндері бойынша XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. Халықаралық зияткерлік додаға әлемнің 16 елінен 612 оқушы мен 122…
FIZMAT Education Fair – 2026
Алматы қаласында XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы аясында FIZMAT Education Fair – 2026 білім беру көрмесі өтті. Іс-шараға 25 жоғары оқу орны мен білім…
Алматыда Жәутіков олимпиадасы қатысушыларын салтанатты қарсы алу
Алматы қаласында математика, физика және информатика пәндері бойынша XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасына келген халықаралық командалар мен қатысушыларды Қазақстанның ұлттық өнері мен қонақжай дәстүріне…