Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі
08
Oct
24

Жүлдегер оқушысы көп ұстаз



«Педагог-шебер» Санат Мұсатай елімізде нақты пәндерді оқытуда көш басында тұрған, жарты ғасырдан астам тарихы бар О.Жәутіков атындағы республикалық физика-математика мектебінде физика пәнінен сабақ береді. Физика бойынша олимпиадалық резерв командасының жаттықтырушысы.

 

Санат Сағатұлы әл-Фара­би атындағы Қазақ ұлттық уни­верситетінің түлегі, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техника­лық университетінде физика ма­гистрі дәрежесін алған. «Қазақ­стан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері», 5-ші және 6-шы халықаралық математика, физика және информатика мұғалімдері конкурсының жаттықтырушылар лигасының алтын медаль иегері. РФММ олим­пиадалық резерв бойынша 2020 жыл тренері және 2023 жыл мұғалімі. Білікті ұстаздың марапттар қоржыны мұнымен таусылмақ емес. Бұл – өз ісіне шынайы берілген нағыз маман еңбегінің жемісі.

«Физика-математика мек­те­бінде оқу – өте үлкен жауапкер­шілік. Мұнда оқушыларға қойы­­латын талап та жоғары. Де­ген­­­мен оқушылардың бар­лы­ғы дер­лік олимпиадаға қаты­са бер­мейді. Өйткені, бірі ғылы­ми жо­балармен айналысса, енді бірі робототехникаға, бағдар­ла­ма­лауға қызығады. Сондықтан мек­теп мұғалімдері әр баланың қа­білетіне қарай бағыт-бағдар беріп отыруға тырысады, соның ішінде олимпиадаға қатысудың орны бөлек», дейді тәжірибелі ұстаз.

Санат Сағатұлы бала кезден физикаға қызығып өскенін айтады. Ал саланы таңдауына инженер-электрик болып жұмыс істеген әкесі Сағаттың ықпалы зор болды. «Білім және еңбек», «Юн­ный техник», «Моделист конс­труктор», «Радио» журнал­дарын көп оқитын әке ісінің балаға үлгі болғаны анық. Ойын баласы көбіне табиғатты, ондағы құбылыстарды түсінуге тырыс­ты. Ал мектепте, жоғары оқу орындарында алған білімі Санат Сағатұлының физика ғылымын терең тануына жол ашты. Білікті ұстаздары көрсеткен білім жолы адастырмады. Бүгінде өзі де осы жолда білімді ұрпақ тәрбиелеу ісіне белсене атсалысып келеді.  «Физика  күнделікті өмірде немесе табиғатта кездесетін қандай да бір мәселені қозғайды десек, оны тереңірек әрі дұрыс түсіну үшін оқушыларыма тақырыптық есептерді көбірек шығартуға, тәжірибеде көрсе­туге тырысамын», дейді ол.

Санат Сағатұлының оқу­шы­­лары жыл сайын физика пә­нінен республика­лық, халықаралық олимпиадалардың жеңімпаз, жүлдегері атанып жүр. Олардың қатарында Халықаралық физика олимпиадасында (IPhO) РФММ оқу­шылары Нұрислам Тұрсынбек 2013 жылы күміс медаль иеленсе, келер жылы алтын медаль еншілеген, ал Марғұлан Нұрсағатов 2024 жылы күміс медаль иегері атанды. Биыл қаңтар айында өткен Халықаралық Жәутіков олимпиадасында 16 елден қатысқан 670 оқушының 194-і физика пәні бойынша сайысқа түссе, соның ішінде РФММ оқушылары физика пәні бойынша 1 алтын, 1 кү­міс, 6 қола медальға ие болды. Осы жылғы республикалық оқушы­лар олимпиадасының ақтық кезеңіне физикадан 10 оқушы жолдама алып, оның бесеуі ал­тын, біреуі күміс, төртеуі қола медаль және біреуі мақтау қаға­зына қол жеткізді. РФММ оқу­шы­лары олимпиадада ең көп медаль алып, мектеп республика бойынша 1-орынды еншіледі.

Санат Сағатұлының айтуын­ша, олимпиадаға дайында­ла­тын­­дарға жо­ғарғы курс физи­­ка­сын меңгеруге тура келе­ді. «Оқушыларымыз физика­мен бірге, жоғары курс математи­касы­ның кейбір тарауларын да қоса оқиды. Жоғары дайын­дықтан өткен олардың пәндік білімі ғылыми жобаларға қаты­­са­тын оқушылармен, тіп­ті уни­­верситет студенттері­мен са­лыстырғанда әлдеқайда озық деп мақтануға болады. Халық­­аралық олимпиадаларда жо­ғары көрсеткішке ие болып жүрген оқушыларымыз – мек­тептің де, ұстаздардың да мәртебесі», дейді Санат Сағатұлы.

Сапалы білім беруде заманауи техника мен технологияларды қолдану аясын кеңейту, мұғалімдерге өз пәнін оқытуда еркіндік, шығармашылық әдіс­тер­ді қолдануға мүмкіндік беру де уақыт талабынан туындап отыр. Ұстаздардың айлық мөлшерін көбейту – дарынды, білімді жастардың мұғалім ма­ман­дығын таңдауына және ойы озық, заманауи технологияларды меңгерген жас ұстаздардың көбеюіне ықпал етері анық.

Айдарлар

    Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:

    20
    May
    25

    «IMPACT STUDENTS» республикалық олимпиадасы

    2025 жылғы 17 мамыр күні «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ ұйымдастыруымен алғаш рет «IMPACT STUDENTS» республикалық олимпиадасы өтті. Білім беру саласындағы маңызды жаңа жобаны…

      16
      May
      25

      Ескірмейтін естеліктер кеші…

      Құрметті РФММ түлектері! Сағынышпен әрі ілтипатпен балалықтың бастауы болған алтын ұя мектебімізге — есер шақтың қызықтарын еске алу үшін кездесуге шақырамыз. 2025 жылғы…

        14
        May
        25

        «Science. Technology. Algorithmization. Programming» атты VII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының нәтижелері

        2025 жылы 25–26 сәуірде «Science. Technology. Algorithmization. Programming» атты VII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы онлайн форматта сәтті өтті! 375 оқушы тіркеліп, 12 секция бойынша…

          10
          May
          25

          Қалалық Жәутіков олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті

          2025 жылдың мамыр айында қалалық Жәутіков олимпиадасының қорытынды кезеңі өткізілді. Олимпиаданың ақтық мәресіне жалпы саны 278 оқушы қатысты. Зияткерлік сайыстың нәтижесінде жоғары білім…

            08
            May
            25

            Ақпараттық хат ҚЖО 2025

            2025 жылдың 9-10 мамыр арасында Алматы және Астана қалаларында КеАҚ «Республикалық физика-математика мектебінде» оқушылар арасында математика (6-8 сынып), физика (7-8 сынып), информатика (6-8…

              06
              May
              25

              Оқушыларымыз республикалық тілдер олимпиадасынан олжалы оралды

              Көкшетау қаласында өткен ағылшын, неміс және француз тілдерінен Республикалық олимпиадада мектебіміздің 8 оқушысы қатысып, барлығы медаль мен мақтау қағазына ие болып, жетістікпен оралды!…

                06
                May
                25

                Абай мұрасы — мәңгілік.

                Ұлы ойшылдың даналығына жүрекпен үңіліп, мұрасының терең мәнін зерделей білген шәкірттеріміз республикалық деңгейде мектебіміздің мерейін асқақтатты! VII Республикалық «Абайтану» олимпиадасында жеңімпаз атанған оқушыларымыз:…

                  06
                  May
                  25

                  Тәжікстанда топ жарған таланттар

                  Тәжікстан астанасы Душанбеде өткен Western Asia Youth Chess Championship 2025 чемпионатында Швейцариялық жүйе бойынша өткен 7 турдың қорытындысы бойынша, рапид шахматынан Батыс Азия…

                    06
                    May
                    25

                    Мектеп президенті: 2025 жылғы сайлау

                    Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінде Мектеп президенті сайлауы сәтті өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша Өмірзақ Саният көпшілік басым дауыспен жеңімпаз деп танылды.✨ *…

                      06
                      May
                      25

                      Fizmat Chess Open – 2025 қорытындысы

                      Республикалық физика-математика мектебі мен серіктестері – Қазақстан шахмат федерациясы, Фридом Банк ұйымдастырған Fizmat Chess Open 2025 халықаралық шахмат турнирі биыл төртінші рет өткізілді….