Asian Youth Chess Championship 2023 шахматтан Азия чемпионаты
12-22 желтоқсан аралығында Эль-Айн қаласында (БАӘ) Asian Youth Chess Championships 2023 шахматтан Азия чемпионаты өтті. Бұл іс-шара континенттің түкпір-түкпірінен ең талантты жас шахматшыларды жинады, онда олар ойынның ең жоғары деңгейін көрсетті. Ресей биыл Азия федерациясына кіргендіктен, күрес одан да бәсекеге толы болды.

Алматы және Астана қалаларының Республикалық физика-математика мектебінің оқушылары жүлделі орындарға таласып, Қазақстанды лайықты таныстыра алды. 14 жасқа дейінгі санатта (U14) басты қатысушылардың бірі Алматы қ. РФММ 8-сынып оқушысы Мамедов Эдгар болды. Ол ойынның жоғары деңгейін көрсетті және өзінің жас тобында рапидтен Азия чемпионы атанды. Эдгар сонымен қатар 14 жасқа дейінгі санаттағы классикалық ойында екінші орынға ие болып, өзінің шеберлігі мен партияларда стратегиялық шешім қабылдау қабілетін растады.
Сондай-ақ, оның сыныптасы Дәулет Әлиханның ойынын атап өткен жөн, ол классикада төртінші орын алып, 14 жасқа дейінгі жас санатында блицте қазақстандық қатысушылар арасында үздік нәтиже көрсетті.
16 жасқа дейінгі санат (U16) да керемет нәтижелерге қол жеткізді. Астана қ. РФММ шахматшысы Сүлеймен Ерғали ұпай бойынша 1-3 орынды бөлісті, бірақ қосымша көрсеткіш бойынша рапидтік ойында үшінші орынды иеленді. 4 орында, Ахилбай Иманғали Алматы қ. РФММ оқушысы орналасты. Рапид ойынымен шектелмей, Сүлеймен Ерғали блиц бойынша 16 жасқа дейінгі санатта бірінші орынды иеленді, ал Ахилбай Иманғали классикадағы қазақстандық қатысушылар арасында үздік нәтиже көрсетті.
Сондай-ақ Астана қ. РФММ оқушылары Анетов Әміржан, 2-сынып, 8 жасқа дейінгі санатта, Анетов Айсұлтан, 4-сынып, 10 жасқа дейінгі санатта, Айтен Ислам, 8-сынып, 14 жасқа дейінгі санатта, Алеманова Ясмин, 8-сынып, 14 жасқа дейінгі санатта жақсы өнер көрсетті.

Біздің балаларды, Қазақстандық шахмат федерациясын және барлық жанкүйерлерді керемет жетістіктерімен құттықтаймыз! Олардың кәсіби шеберлігі, дайындықтағы табандылығы және жеңіске деген ұмтылысы Қазақстандағы барлық жас шахматшылар үшін шабыт болып табылады. Оларға болашақ жарыстарда сәттілік пен жеңістер тілейміз!
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
7-сыныптың конкурстық емтиханына тіркелу басталды!
Құрметті үміткерлер! Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) 7-сыныбына қабылдау конкурстық іріктеу емтиханы арқылы жүзеге асырылады. Емтиханға тіркелу тәртібі https://admissions.fizmat.kz/ сайтына кіріңіз «Қалай түсуге болады?»…
РФММ-нің оқушылары мен ұстаздары «Шал» фильмін тамашалады
РФММ-нің жоғары сынып оқушылары, мұғалімдері және бірқатар ата-аналар Алматы қаласында өткен «Шал» қазақ көркем фильмінің арнайы көрсетіліміне қатысып, мазмұны терең, тағылымы мол кездесуге…
Young Researchers Tournament
2026 жылғы 7–8 ақпан күндері Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі базасында Young Researchers Tournament (YRT) — Жас зерттеушілер турнирі өтеді. YRT — оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметін, эксперименттік ізденісін және…
Республикалық физика-математика мектебіне Shanghai Jiao Tong University университетінің өкілдері келді.
Республикалық физика-математика мектебіне Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарының бірі — Shanghai Jiao Tong University университетінің өкілдері келді. Мектеп басшылығымен өткен кездесуде алдағы ынтымақтастықтың…
«Зерде» республикалық конкурсында Орынғали Батыржан II орын иеленді
28–31 қаңтар күндері Щучинск қаласында «Зерде» XXI Республикалық ғылыми-зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсының қорытынды кезеңі өтті. Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 7-сынып…
Ұлттық қор – балаларға: болашаққа инвестиция
Мемлекет басшысының тапсырмасы іске асырылуда – балаларға жыл сайынғы есептеу жүргізілді ✅ «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында тұрғын үй мен білімге 31,6…
ҚЖО 2026 іріктеу кезеңінің нәтижелері
Құрметті ҚЖО қатысушылары! Нәтижелер: Математика 6 класс математика результаты ГЖО 2026 Математика 7 класс математика результаты ГЖО 2026 Математика 8 класс математика результаты ГЖО 2026 …
XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы – 2026
Алматы қаласында математика, физика және информатика пәндері бойынша XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. Халықаралық зияткерлік додаға әлемнің 16 елінен 612 оқушы мен 122…
FIZMAT Education Fair – 2026
Алматы қаласында XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы аясында FIZMAT Education Fair – 2026 білім беру көрмесі өтті. Іс-шараға 25 жоғары оқу орны мен білім…
Алматыда Жәутіков олимпиадасы қатысушыларын салтанатты қарсы алу
Алматы қаласында математика, физика және информатика пәндері бойынша XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасына келген халықаралық командалар мен қатысушыларды Қазақстанның ұлттық өнері мен қонақжай дәстүріне…