Қалалық Жәутіков олимпиадасы 2023!

2023 жылдың 22 cәуірінде келесі пәндер бойынша:
● математика (6-8 сынып)
● физика (7-8 сынып)
● информатика (6-8 сынып)
мектеп оқушылары арасында XXIII ашық қалалық Жәутіков олимпиадасының іріктеу кезеңі өтеді.
Олимпиаданың негізгі мақсаты – математика, физика, информатика пәндеріне қызығушылық танытатын және жаратылыстану пәндеріне қызығушылығын арттыратын оқушыларды анықтау, сондай-ақ дарынды балаларға қолдау көрсету.
Олимпиада екі кезеңде өтеді:
1. Іріктеу кезеңі – бір тур 2023 жылдың 22 cәуірі (онлайн форматта)
Іріктеу турына қатысу МІНДЕТТІ!
Іріктеу кезеңінен кейін финалдық оффлайн кезеңіне өткендердің тізімі анықталады.
Нәтижелер РФММ Алматы сайтында жарияланады.
Ірітеу турында бейне трансляцияны жасау қажет, нұсқаулық қатысушыға электронды пошта арқылы жіберіледі (Тіркеу кезінде абай болыңыз!Поштаңызды мұқият толтыруыңыз қажет.).
Іріктеу кезеңіне тіркелу 2023 жылдың 11 сәуірінен 20 сәуіріне дейін (GMT+6 сағат 18:00-ге дейін) сілтеме бойынша жүргізіледі.
Тіркелген болсаңыз және 21 сәуір күні сағат 18:00-ге дейін (GMT+6) нұсқауларды алмасаңыз, алдымен СПАМ-ды тексеріп, осы туралы almaty.olympiad@fizmat.kz электрондық поштасына жазыңыз.
2. Қорытынды кезең 2023 жылдың 13-14 мамырында Алматы және Астана қалаларында РФММ базасында өтеді.
Олимпиада программасы
Іріктеу кезеңі (онлайн)
Күні: 22 сәуір 2023 ж.
Уақыт: 10:00-13:00 (GMT+6)
Талап: сізге Интернетке кіру мүмкіндігі бар компьютер, веб-камера және микрофон қажет, сонымен қатар прокторинг үшін олимпиада кезінде
экранды көрсетуге рұқсат беру керек.
Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Қорытынды кезеңге қатысушылар анықталды.
Қорытынды кезең (оффлайн)
1 тур: 13 мамыр 2023 ж. 10:00-13:00 (GMT+6)
2 тур: 14 мамыр 2023 ж. 10:00-13:00 (GMT+6)
Апелляция: 14 мамыр 2023 ж. 16:00-18:00 (GMT+6)
Жабылу рәсімі: 14 мамыр 2023 ж. 18:30-19:30 (GMT+6)
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Олимпиаданың финалдық кезеңінің екі турының тапсырмаларын орындағаны үшін жинаған ұпайларының
қосындысы бойынша анықталады.
Олимпиадада үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады.
Барлық сұрақтар бойынша электрондық пошта арқылы хабарласуға болады: almaty.olympiad@fizmat.kz
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі – еліміздегі ең үздік олимпиадалық мектеп атанды.
2024–2025 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңінде Алматы Республикалық физика-математика мектебі (Алматы РФММ) 76 ұпаймен республикалық рейтингте…
TasIMO-2025: Жаңа жеңістерге жол ашқан Ташкент!
2025 жылғы 18–20 мамыр аралығында Ташкент қаласында 48 ел мен Өзбекстанның 14 өңірінен келген 850-ден астам қатысушыны біріктірген TasIMO-2025 халықаралық олимпиадасы өтті. Алматы…
“Мектебім, саған мың алғыс”
Бүгін Алматы қаласындағы РФММ-де 11-сынып оқушылары үшін соңғы қоңырау соғылып, “Мектебім, саған мың алғыс” атты салтанатты жиын өтті. Жас түлектерімізді бала шақтан болашаққа…
«Мектеп мақтанышы – 2025»
23 мамыр күні РФММ-де жыл сайынғы игі дәстүрге айналған «Білімім – Отанымa!» атты салтанатты жиыны өтті. Оның барысында үздік оқушыларға мектебіміздің ең беделді…
«IMPACT STUDENTS» республикалық олимпиадасы
2025 жылғы 17 мамыр күні «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ ұйымдастыруымен алғаш рет «IMPACT STUDENTS» республикалық олимпиадасы өтті. Білім беру саласындағы маңызды жаңа жобаны…
Ескірмейтін естеліктер кеші…
Құрметті РФММ түлектері! Сағынышпен әрі ілтипатпен балалықтың бастауы болған алтын ұя мектебімізге — есер шақтың қызықтарын еске алу үшін кездесуге шақырамыз. 2025 жылғы…
«Science. Technology. Algorithmization. Programming» атты VII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының нәтижелері
2025 жылы 25–26 сәуірде «Science. Technology. Algorithmization. Programming» атты VII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы онлайн форматта сәтті өтті! 375 оқушы тіркеліп, 12 секция бойынша…
Қалалық Жәутіков олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті
2025 жылдың мамыр айында қалалық Жәутіков олимпиадасының қорытынды кезеңі өткізілді. Олимпиаданың ақтық мәресіне жалпы саны 278 оқушы қатысты. Зияткерлік сайыстың нәтижесінде жоғары білім…
Ақпараттық хат ҚЖО 2025
2025 жылдың 9-10 мамыр арасында Алматы және Астана қалаларында КеАҚ «Республикалық физика-математика мектебінде» оқушылар арасында математика (6-8 сынып), физика (7-8 сынып), информатика (6-8…
Оқушыларымыз республикалық тілдер олимпиадасынан олжалы оралды
Көкшетау қаласында өткен ағылшын, неміс және француз тілдерінен Республикалық олимпиадада мектебіміздің 8 оқушысы қатысып, барлығы медаль мен мақтау қағазына ие болып, жетістікпен оралды!…