Ашық есік күні

15 қазанда Алматы мектебімізде РФММ ардагерлері мен түлектерге арналған ашық есік күні өтті.
Қымбатты қонақтарымызға арнап бас және жаңа корпус, интернат пен жаңа кампус аумағында экскурсия жүргізілді. 9-11 сыныптардан жиналған гид-еріктілердің көмегімен қонақтар өздерінің өткеніне шомып, бұрын оқыған кабинеттерге кіріп, мектептің 50-жылдығына арналған тақырыптық фотозоналарды көріп қайтты. Тіпті кейбірі журналда қойылған бағаларын көріп үлгерді. Жаңа корпусқа экскурсия кезінде мұғалімдердің жетістіктерінің, мектеп кеңесі мен оқушылар клубтарының көрмесі ұйымдастырылды. Қонақтар олимпиадалық деңгейдегі есептерді шешіп, викторина мен басқа интеллектуалды және ойын түрлеріне қатысты. Осылайша қонақтарымыз аз уақытқа болсын жастық шаққа оралып, достары мен мұғалімдерімен бірге өткізген күндерді ерекше жылулықпен еске алды. Мектептің мерейтойына ТМД-ның түкпір-түкпірінен арнайы жиналған ардагер мұғалімдерге арналып мерекелік дастархан жайылды. Үстел үстінде ұстаздарымыз әріптестері мен оқушыларын, мектеп қабырғасында болған қызықты оқиғаларды еске алып, шер тарқатты.
РФММ ардагерлері мен құрметті түлектер!
Сіздерді мектебіміздің 50-жылдығымен құттықтаймыз және сіздерге есігіміз әрдайым ашық!
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
РФМШ Алматы оқушыларына арналған олимпиадалық резервке іріктеу
Математика Өткізу күні: сенбі, 2025 жылғы 6 қыркүйек Сыныптар: 7–8 сыныптар Тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/tenDE6YcQYabwDxY6 Өткізу уақыты: 09:00–13:00 Өткізу орны: Жаңа корпустың акт залы…
РФММ мұғалімі мемлекеттік наградамен марапатталды
РФММ-нің информатика пәнінің мұғалімі мемлекеттік наградамен марапатталды. ҚР Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаев РФММ-нің информатика пәнінің мұғалімі Темірлан Қайратұлы Сатылхановқа білім беру саласындағы жетістіктері мен…
Ұстаздардың тамыз конференциясы – 2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздардың Республикалық тамыз конференциясына қатысты. Биылғы жиын «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбымен өтті. Іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 2 мыңға…
РФММ — чемпиондар мектебі: Алматы РФММ – әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды!
2025 жылғы 2-6 тамызда АҚШ-тың Александрия қаласында мектеп командалары арасында шахматтан Әлем чемпионаты өтті. Чемпионаттың басты ерекшелігі — әр команда бір мектептің оқушыларынан…
Қазақстан командасы IYPT 2025-те
Республикалық физика-математика мектебінің (РФМШ) базасында дайындалған Қазақстан командасы, 29 маусымнан 6 шілдеге дейін Швецияның Лунд қаласында өткен Халықаралық жас физиктер турниріне (IYPT) қатысқанын…
РФММ оқушылары Мемлекет басшысының марапатына ие болды
Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін қабылдады. Іс-шараға 24 лауреат қатысты: 4 алтын 11 күміс 9 қола…
Құрметті ата-аналар, заңды өкілдер!
Құрметті ата-аналар, заңды өкілдер! 2025 жылғы 24 маусым мен 05 тамыз аралығында https://admissions.fizmat.kz/ru/kak-postupit-dop-nabor/ сайтында Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалында ақылы негізде оқуға түсу…
РФММ-нің қос командасы — әлем чемпионатына жолдама алды!
Республикалық физика-математика мектебінің екі командасы оқушылар арасындағы республикалық шахмат турнирінде жүлдегер атанып, АҚШ-тың Вашингтон қаласында өтетін әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды. Алматы РФММ-нің…
Үздік математикалық мектеп
ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Шалтай Смағұлұлы Смағұловтың құрметіне арналған VIII Республикалық олимпиадада Алматы қаласындағы РФММ командасы «Үздік математикалық…
Маңызды ақпарат
«Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ Алматы филиалының 8-сыныбына арналған білім беру грантын тағайындау бойынша конкурстық іріктеу 2025 жылғы 11 маусымда ұйымдастырылды. 2025 жылғы 14…