Қазақстан халқының бірлігі күні
Жайма-шуақ мамыр айының үшінші жұлдызында Алматы РФММ стадионында Қазақстан халқының бірлігі күні және мектебіміздің 50 жылдық мерейтойының аясында ашық аспан астында «FIZMAT EXPO-2022» Қазақстан халықтарының мәдени жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеде 7-10 сынып оқушылары басым көпшілікке өздеріне бөлініп берілген халықтардың мәдениетін, тарихын және ұлттық асханасын таныстырды. Оқушыларымыз ұлттық киім киіп, ұлттық тағамдар әзірлеп, өздерінің жан-жақты екендерін тағы да дәлелдеді. Ал әділ қазылықтың тізгіні бітіруші түлектеріміз 11 сыныптарға берілді.
Жәрмеңкеден кейін мектеп акт залында мерекелік концерт басталды. Концертте оқушылар 4-5 тілде әсем ән шырқап, өнерсүйер қауымның құлақ құрышын қандырды. Мың бұралған бишілер түрлі би билеп, сахналық көріністер қойылды.
Оқушыларымыз елімізде тұрып жатқан түрлі ұлттар мен халықтардың тарихын, олардың мәдениетін сыйлайтындықтарын көрсетті. Әр іс-шараға, мектептің қоғамдық өміріне белсене арласып жүрген сынып жетекшілері, оқушылар және ата-аналарға алғысымзды білдіреміз.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, бірлігіміз нығая түссін! Мереке құтты болсын!
Суреттер сілтеме бойынша: https://drive.google.com/drive/folders/1uNuueCyWTTU-pRm2ymTGIAGlWcfSuyrD
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
РФММ оқушысы Батырхан Бейганов Балқан математика олимпиадасының қола жүлдегері атанды
Алматы қаласы РФММ оқушысы Батырхан Бейганов Грекияның Салоники қаласында өткен 43-ші Халықаралық Балқан математика олимпиадасында (BMO-2026) қола жүлдегер атанды. BMO – аймақтағы ең…
FIZMAT STEM Lab: English Edition жазғы мектебіне жазылыіыз!
Құрметті достар! Сіздерді FIZMAT STEM Lab: English Edition жазғы мектебіне қатысуға шақырамыз! Қатысу шарттары: Ағылшын тілі бойынша онлайн тест тапсырыңыз. Нәтиже 50% және одан жоғары…
Хабарландыру
Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына оқуға түсу үшін білім беру грантын алу мақсатындағы конкурстық іріктеу емтиханы 2026 жылғы 25 сәуір күні Қазақстанның аталған қалаларында…
Қабылдау емтиханы туралы ақпарат
Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына оқуға түсу үшін білім беру грантын алу мақсатындағы конкурстық іріктеу емтиханы 2026 жылғы 25 сәуірде өтеді. Тіркелу және емтихан…
Қазақстан математиктерінің Тұңғыш конгресі өтті
Қазақстан математиктерінің Тұңғыш конгресі өтті! Шымкент қаласы еліміздің ең үздік математиктері мен ғалымдарының басын қосқан ғылым орталығына айналды. Бұл ауқымды шара — отандық…
Астанада АТМО және «Жібек жолы» халықаралық олимпиадалары өтті
Астана қаласында халықаралық математикалық олимпиадалар — XXXVIII Азия–Тынық мұхиты математикалық олимпиадасы (АТМО) және «Жібек жолы» халықаралық математикалық олимпиадасы өтті. АТМО қорытындысы бойынша Республикалық…
«Математикалық регата — 2026»: РФММ командасы I орын иеленді
2026 жылы өткен «Математикалық регата» республикалық олимпиадасының қорытындысы бойынша «РФММ» командасы үздік нәтиже көрсетіп, I орынды иеленді. Аталған беделді білім додасына «Республикалық физика-математика…
Алматы РФММ тренері бағдарламалаудан халықаралық чемпионаттың жүлдегері атанды
Алматы қаласындағы РФММ-нің информатика пәні бойынша жаттықтырушысы Қуанышбай Айбар спорттық бағдарламалау бойынша Central Asia Programming Championship 2026 халықаралық чемпионатында II орын иеленді. Жарыс…
Леонард Эйлер атындағы XVIII олимпиаданың қорытындысы бойынша Алматы қаласындағы РФМШ оқушылары жоғары нәтиже көрсетті
Леонард Эйлер атындағы XVIII олимпиаданың қорытындысы бойынша Алматы қаласындағы РФМШ оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, 1 күміс медаль, 3 қола медаль және 4 мақтау…
«Білім – инновация» лицейлерінде республикалық олимпиада өтті
2026 жылғы 21–25 наурыз аралығында Астана қаласы Білім басқармасының мамандандырылған «Білім – инновация» лицейлері базасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы биология және физика пәндері бойынша Республикалық…



