IMPACT Olympiad – ІV Халықаралық ашық шығармашылық конкурс
Құрметті достар!
«Республикалық физика-математика мектебі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы және «Дарын» РҒПО Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен математика, физика және информатика олимпиадалық резервінің мұғалімдері мен жаттықтырушыларына арналған IMPACT Olympiad – ІV Халықаралық ашық шығармашылық конкурсын (бұдан әрі – конкурс) өткізеді, ол кәсіби құзыреттілігі жоғары, талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер мен жаттықтырушыларды анықтау, оларды қолдау және көтермелеу мақсатында өткізіледі.
Конкурс 2022 жылғы 8-13 қаңтар аралығында өтеді.
Конкурсқа онлайн және офлайн қатысуға болады.
Конкурсқа Қазақстан және шет елдер мектептерінің мұғалімдері мен жаттықтырушылары шақырылады.
Конкурсқа қатысу ерікті және жасырын болып табылады. Әр қатысушыға жеке код беріледі, ол арқылы ол өз нәтижелерін біле алады. Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ғана жарияланады. Конкурс РФММ негізінде өтетін математика, физика және информатика пәндері бойынша Халықаралық Жәутіков олимпиада аясында өткізіледі.
Қатысу үшін ұйымдастыру жарнасы шетел азаматтары үшін 20 АҚШ долларын және Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 15 000 теңгені құрайды.
Тіркелу үшін сілтеме арқылы өтіп, 2021 жылдың 30 желтоқсанына дейін форманы толтыруыңызды сұраймыз
https://clck.ru/SSQBR (орыс тілінде )
https://clck.ru/SSQFR (қазақ тілінде)
https://clck.ru/SSQFo (ағылшын тілінде)
Олимпиаданың алдын-ала бағдарламасы:
09.01- келу
10.01- математика, физика және информатика мұғалімдерін тіркеу, біліктілікті арттыратын республикалық семинар. Техникалық тур.
11.01- байқау.
12.01- семинар. Үйлестіру. Жабылуы.
13.01- семинар.
Олимпиада аясында математика, физика және информатика пәнінің мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру республикалық семинары өтеді.
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:
Қазақстан Республикасы, 050040, Алматы қаласы, Бұқар жырау көшесі 36, «Республикалық физика-математика мектебі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
Тел. +7-727-395-01-85, +77051180291
Мектеп сайты: www.fizmat.kz
Олимпиада сайты: http://impact.izho.kz/
E-mail: gulnur.aubakirova@fizmat.kz
WhatsApp бойынша сұрақтар – +77051180291 Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
8-сыныпқа арналған конкурстық іріктеу өтті
Бүгін Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ филиалының 8-сыныбына мемлекеттік білім беру грантын тағайындауға арналған конкурстық іріктеу өтті. Қабылдау емтиханы РФММ-ның Алматы, Астана…
Қазақстан құрамасы әл-Хорезми олимпиадасында 100% нәтиже көрсетіп, 8 медаль жеңіп алды
Өзбекстанның Ташкент қаласында математика және информатика пәндерінен өткен әл-Хорезми халықаралық олимпиадасы (KhMIO) мәресіне жетті. Әлемнің 10 елінен келген дарынды оқушылар бақ сынаған бұл…
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ филиалының 8-сыныбына білім беру грантына үміткерлерді конкурстық іріктеу 2026 жылғы 10 маусымда өтеді. Конкурстық комиссия белгілеген тәртіпке сәйкес…
7-сыныптарға арналған конкурстық іріктеу нәтижесі туралы ақпарат
2026 жылғы 25 сәуірде «РФММ» КеАҚ-тың Астана және Алматы қалаларындағы филиалдарының 7-сыныптарына мемлекеттік білім беру гранты негізінде оқушыларды қабылдау бойынша конкурстық іріктеу өткізілді….
7-сыныптарға арналған білім беру гранты бойынша «РФММ» КеАҚ филиалдарына конкурстық іріктеу туралы ақпарат
2026 жылғы 25 сәуірде «РФММ» КеАҚ-тың Астана және Алматы қалаларындағы филиалдарының 7-сыныптарына білім беру гранты негізінде оқушыларды қабылдау бойынша конкурстық іріктеу өткізілді. Конкурстық…
РФММ оқушысы Батырхан Бейганов Балқан математика олимпиадасының қола жүлдегері атанды
Алматы қаласы РФММ оқушысы Батырхан Бейганов Грекияның Салоники қаласында өткен 43-ші Халықаралық Балқан математика олимпиадасында (BMO-2026) қола жүлдегер атанды. BMO – аймақтағы ең…
FIZMAT STEM Lab: English Edition жазғы мектебіне жазылыіыз!
Құрметті достар! Сіздерді FIZMAT STEM Lab: English Edition жазғы мектебіне қатысуға шақырамыз! Қатысу шарттары: Ағылшын тілі бойынша онлайн тест тапсырыңыз. Нәтиже 50% және одан жоғары…
Хабарландыру
Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына оқуға түсу үшін білім беру грантын алу мақсатындағы конкурстық іріктеу емтиханы 2026 жылғы 25 сәуір күні Қазақстанның аталған қалаларында…
Қабылдау емтиханы туралы ақпарат
Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына оқуға түсу үшін білім беру грантын алу мақсатындағы конкурстық іріктеу емтиханы 2026 жылғы 25 сәуірде өтеді. Тіркелу және емтихан…
Қазақстан математиктерінің Тұңғыш конгресі өтті
Қазақстан математиктерінің Тұңғыш конгресі өтті! Шымкент қаласы еліміздің ең үздік математиктері мен ғалымдарының басын қосқан ғылым орталығына айналды. Бұл ауқымды шара — отандық…