Мәңгі есте сақтаймыз! Құрмет тұтамыз! Қайғырып көңіл айтамыз…
Республикалық физика-математика мектебінің ұжымы, орыс тілі және әдебиеті пәнінің мүғалімі Қарымсакова Ғазиза Жамалбекқызының туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.
Ғазиза Жамалбекқызы 1969 жылы 22 қыркүйекте Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, «Красная звезда» ауылында дүниеге келген. 1991 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын “Ұлттық мектептегі орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі” мамандығы бойынша бітірді. Ғазиза Жамалбековна Алматы қаласының түрлі мектептерінде жұмыс істеді және біздің мектепке 2017 жылы қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып орналасты.
Ғазиза Жамалбекқызы шәкірттеріне тек орыс тілі мен әдебиетінен ғана сабақ беріп қоймай, адамгершіліктің, мейірімділіктің, қайырымдылықтың, рухани жомарттықтың жарқын үлгісі бола білді. Оның дарынды оқушыларды тану, дамыту және қолдау, әр оқушыға жеке көзқарас, оқушының ойлау еркіндігін құрметтеу- көптеген “Физматтықтардың” қалыптасуына ықпал етті. Оның сабақтары әрдайым жарқын, қызықты және әсерлі өтетін. Оның оқушылары мектеп өміріне белсенді қатысып, орыс тілі мен әдебиетінен облыстық және республикалық олимпиадаларда жүлделі орындарды иеленді. Ғазиза Жамалбекқызы педагог-зерттеуші, мектеп әкімшілігінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен марапатталған.
Қарымсакова Ғазиза Жамалбекқызы – біз үшін өз ісінің шебер маманы әрі оқушыларға деген сүйіспеншілігінің үлгісі болмақ! Біз оның қайтымсыз қуаты мен көңілділігін мәңгі есте сақтаймыз!
Мәңгі есте сақтаймыз! Құрмет тұтамыз! Қайғырып көңіл айтамыз…
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
Хабарландыру
Республикалық физика-математика мектебінде қажетті санитариялық-профилактикалық және залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Анықталған ескертулерді жою бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр. Аталған жағдайға байланысты санитариялық-эпидемиологиялық тергеп-тексеру жалғасуда….
FAIO 2026 халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды
Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ ұйымдастыруымен SDU University базасында өткен FAIO 2026 (Fizmat AI Olympiad) халықаралық жасанды интеллект және машиналық оқыту олимпиадасы өз мәресіне…
Қазақстанда 15 елдің оқушылары жасанды интеллект бойынша FAIO 2026 олимпиадасында бақ сынауда
Алматы, 2026 жылғы 26 қазан. Қаскелең қаласындағы SDU University базасында жасанды интеллект және машиналық оқыту бойынша FAIO 2026 мектеп олимпиадасының финалдық кезеңі басталды….
РФММ оқушысы SAT емтиханынан ең жоғары 1600 балл жинады
Республикалық физика-математика мектебінің 11-сынып оқушысы Ырысдәулет Баймұханбетов халықаралық SAT емтиханынан мүмкін болған 1600 балдың барлығын жинады. Бұл – үздік нәтиже, өйткені емтиханға қатысушылардың…
Үміткерлер назарына: Қабылдау емтиханы келесі аптаға ауыстырылды
Құрметті үміткерлер! 2026 жылғы 17 қазанға жоспарланған қабылдау емтиханының ұйымдастырушылық себептерге байланысты келесі аптаға ауыстырылғанын хабарлаймыз. Емтиханның нақты өткізілетін күні мен уақыты туралы…
Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалы уақытша қашықтықтан оқуға жіберілді.
2026 жылғы 12–13 қазан аралығында Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының оқушылары арасында жедел ішек инфекциясының белгілері тіркелді. 2026…
FAIO FIZMAT AI OLYMPIAD
FAIO 2026: халықаралық олимпиадаға тіркелу ашылды Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі оқушыларды First Almaty AI Olympiad (FAIO) 2026 халықаралық командалық олимпиадасына қатысуға шақырады….
Жаңа кеңістік, жаңа мүмкіндік
Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі филиалының 1972 жылы салынған тарихи ғимараты толық қайта жаңғыртудан өтті. Бұл — мектептің 54 жылдық тарихындағы ғимаратты ауқымды…
РФММ оқушысы Батырхан Бейганов Ақордадағы кездесуге қатысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық пән олимпиадаларында жоғары нәтиже көрсеткен қазақстандық оқушылар мен студенттерді қабылдады. Кездесуге Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы Батырхан Бейганов та…
РФММ мұғалімі мемлекеттік марапатқа ие болды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары және оларды дайындаған жаттықтырушы-педагогтермен кездесті. Кездесу барысында үздік ұстаздарға мемлекеттік марапаттар табысталды. Ақордада өткен кездесуге шақырылған…